Айқын газеті №77

Айқын газеті №77

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Жемқорлықты жоюдың жеті шарасы
  • Рухани қазынаға қатысты бір базына
  • Сауда көркі – интернет
  • Ата-аналар күш қолдануға қарсы
  • Jas Turkistan марафоны

Материалы номера
Спортты серік еткен ақын
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде халқымыз­дың зиялы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қа­зақстан­ның Еңбек Ері Олжас Сүлейме­нов­тің шығарма­шылығы мен өмір жолына арналған  «Олжас – әлем адамы» атты арнайы іс-шара ұйымдас­тырылды.
Жалын берген Astana Piano Passion
Жексенбінің кешінде пианино пернелері «Астана Опера» ғимаратын ғажайып әуенге тербеді. Әлемнің жиырма елінен жиналған жас таланттар классикалық музыкамен көрермен құлағының құрышын қандырды. Дәстүрге айналған Astana Piano Passion биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Өнерді қолдаудың ерен үлгісі, теңдесіз таланттар табуға үлес қосатын мұндай байқаудың баламасы жоқ деседі. Ерекшелігі мен биылғы конкурстың барысы жайлы оқырманға жеткізуді жөн көрдік.  
Қазақ тілін қалай оқыту керек?
Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану депар­таменті мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бір­лестігі Қазақстанның жоғары оқу орындары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі оқытушыларына арналған семинар-тренинг өткізді.
Жеткіншектер жекпе-жегі
Кикбокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері, даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир жалауын желбіретті.
Сиыр ұрлағандар сиқыршы емес, ұсталды!
Жамбылдық полиция қызметкерлері облыс орталығы іргесіндегі Жамбыл ауданында болған 15 бас мүйізді ірі қара мал ұрлығының ізін суытпай ашты.
«Шығынсыз кеш» мектеп бітірушілер бастама көтерді
Биыл соңғы қоңырау салтанаты Рамазан айына орай келіп отыр. Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір жақсылық сауапты іске ұласатынын көңілге түйген мектеп түлектері мектеп бітіру кешін шығынсыз өткізіп, сауапты іс жасауды қолға алды.
Қоғамдық келісім – жаңғыру жаршысы
Қазақстанның асқаралы асулардан асып, әлемге бейбіт тіршілікті сақтауды үлгі еткен ел ретінде танылуында Елбасының ықпалымен бірге сан түрлі ұлттар мен ұлыстардан құралған халқымыздың берекелі бірлігі де зор маңызға ие. Бүгінде Ассамблея ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға септігін тигізіп келеді. Ал оның жанындағы қоғамдық келісім кеңестері қоғам өкілдері санасатын пікірталас алаңына айналды. Оған аймақтардағы елдегі бірлік пен татулықты нығайтуды көздеген қоғамдық келісім құрылымдары да үлесін қосып келеді.
Jas túrkіstan марафоны балалар шығармашылығын шыңдады
«Бала – адамның бауыр еті» дейді дана халқымыз. Бүгінгі бала тәрбиесі, ұрпақ сабақтастығы тек ата-ананың ғана емес, тұтас мемлекеттің, барша адамзаттың басты мәселесі десек, қателеспейміз. Шыны керек, мемлекетіміз­де әрбір баланың білім алуы мен тәрбиесіне мүмкіндігін­ше жағдай жасалып отыр. Алайда бала тәрбиесі өзекті мәселе күйінде қалып тұр. Ал оны жан-жақты дамытуда толғандыратын дүниелер жетерлік. Қазір газет, кітап оқымай, керісінше, сананы улап, теріс тәрбие беретін олқылығы көп әлемжелі мен ғаламторға телмірген ұрпақ жетіліп келеді. Қоғамның басты проблемасы да тап осында болып тұрғаны ащы шындық. Сондықтан ұрпағының тәрбиесі мен санасын түзеуге ұмтылған елдер бұл мәселеге шындап кірісті. Осы тұрғыда Түркістан облысы ұрпақ тәрбиесінде маңызы бар жобаны қолға алып, балалар басылымдарына, балалар тәрбиесіне қатысты және жеткіншектер руханиятымен айналысып жүрген сала өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізді.
Ата-аналар күш қолдануға қарсы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді насихаттау мақсатында ата-аналар арасында әлеуметтік тәжірибе өткізді.
Жастар форумы басталды
Қостанай облысында жастардың қоғамдағы рөлін, олардың белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды шараға көрші елден және Қазақстанның барлық облысынан мыңнан астам делегат жиналды.
Шеберлік сағаттарын өтеді
Алматыда 22 мамырдан бастап өтетін XVI Еура­зия­лық медиа форум аясында 7 авторлық шеберлік сағаты мен өңірлік интеграция тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Форумға шақырылған шетелдік спикерлер журналистика­ның жаңа құралдары туралы сөз қозғап, продюсерлік өнер жөнінде түсіндіреді. Сондай-ақ шара барысында халықаралық Global Youth and News Media Prize сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.
Ұлы даланы ұлт сазы тербеген күн
Атырау облыстық Nur Otan партиясы филиа­лы мен облыстық әкімдік­тің қолдауымен Құрман­ғазы атындағы мәдениет үйінде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті.
Тұғырнамасын таныстырды
Қазақстан Президентіне үміткер Әміржан Қосанов Алматы қаласының тұрғындарымен және қалалық штаб белсенділерімен кездесті. Кездесуді Алматы қаласының сайлауалды штабы ұйымдастырып, республикалық штаб жетекшісі Дәурен Бабамұратов жүргізді.
Автобус паркінде болды
Қазақстан коммунистері атынан президенттік сайлауға түсіп жатқан Жамбыл Ахметбековтың Қызылорда облыстық сайлауалды штабы өкілдері Қызылорда қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті.  
Кандидат Арқаға келді
«Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбеков шахтерлер өңірі – Қарағандыға ат басын тіреп, «Нойдаровское», «ЦЭМ-Геомаш» ЖШС қызметкер­лерімен кездесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, кәсіпорын жұмысшыларын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  
Ақжолдықтар Ақтауға барды
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы сайлау науқаны аясында Маңғыстау облысына келді. Партия төрағасы Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қошқар ата бейітіне барып, Танаш Меңдібайұлының әруағына құран бағыштады. Содан соң штаб басшылары Маңғыстау өңіріндегі  «Қазақ – Бекіре» ЖШС ұжымымен кездесті.  
Сала кәсіподақтары сенім білдірді
Қазақстан кәсіподақтары федерациясының үміткері Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимна­зиясында білім беру меке­ме­лерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен, мемлекеттік қызметкерлермен және банк саласы қызметкерлерінің кәсіп­одақ ұйымы төрағаларымен кездесті.
Зиялы қауыммен жүздесті
Қазақстан Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел  Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.  «Ұлы Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің ұлттық спорт түрлерінің дамуына айырықша мән бергендіктен, бұл кездесуге аталған оқу орнының студенттері ерекше ықыласпен қатысты.
Қоғамдық штаб – Ақтөбеде
Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбе облысында жалғастырды. Штаб мүшелері облыс жұртшылығымен кездесіп, кандидаттың Сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.
Шымкент жобалары талайды таңғалдырды
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов Ашхабадта өткен ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XIV форумына қатысты. Форум барысында Шымкент қаласы «Дос­тастық­тың мәдени астанасы – 2020» бағдарламасының тұсаукесері өтті.
Беттер: 1 2 Келесі