Айқын газеті №78

Айқын газеті №78

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Індетпен күресу – міндет
  • Даланың түгі – жәнаттың рәмізі
  • Мәскеуде сақталған сарындар
  • Ел қамын жеген Едіге
  • "Қызылағаш" су қоймасы қалпына келеді

Материалы номера
Ататүрік тағылымы
Түркияда 19 мамыр – «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні». Бұл күн түрік елінде мереке. Биыл – Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің 100 жылдығы. Мерекенің мәні де осында. Айтулы күн қарсаңында Түркияда түрлі шара өтті. Әлеуметтік желіде #19Mayıs1919, #100Yılında19Mayıs, #gençlikvar хэштегімен пікірін білдіріп, бір-бірін құттықтағандардың саны миллионнан асып жығылды.
«Қызылағаш» су қоймасы қалпына келеді
Өзендер өрнектеген Жетісу өңірінде су қоймалары мен бөгеттері баршылық. Асау өзендерді ауыздықтау барысында пайда болған сол нысандарда миллиондаған текше метр су жиналып, шаруалардың егісі мен бақшалығын, жоңышқалығы мен шабындығын судан тарықтырмауға септігін тигізеді. Дегенмен осы су қоймалары мен бөгеттердің жауын-шашынды жылдары қауіп төндіретінін де естен шығара қоймаған жөн.
Ел қамын жеген Едіге
«Едіге батыр» эпосының 600 жылдығына орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция өтті. Мұнда ұлттың рухани жаңғыруы мен саналы ұрпақ қалыптастырудағы тарихи тұлғалардың рөлі, ұлттық код пен қазіргі дәуірдегі ұлттық руханият мәселесі талқыланды.  
Мәдениетіміз – жақын, құндылықтар – ортақ
1991 жылдың 16 желтоқсанында Түркия Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін таныған әлемнің алғашқы елі болды. 1992 жылғы 2 наурызда екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнатылды. Мемлекетіміздің шетелдегі алғашқы елшілігінің Анкарада ашылғаны белгілі. Мұның барлығы кездейсоқ емес. Қазақ пен түрік халықтарының тарихи тамырластығы ғасырлар қойнауынан бастау алады, тілдеріміз бен мәдениетіміз жақын, құндылықтарымыз бен дүниетанымымыз ортақ.
Мәскеуде сақталған сарындар
2015 жылдың ақпан-наурыз айларында маған сәті түсіп, Мәскеу қаласындағы бірнеше тарихи мұрағаттарда жұмыс істеуге тура келді. Атап айтқанда Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві (ГАРФ), Орталық ежелгі құжаттар Мемлекеттік архиві (ЦГАДА), Подольск қаласындағы әскери архив және тағы басқалар. Негізгі мақсатым өзім зерттеп жүрген Ресейдегі қазақ диаспорасының тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинау болғанымен, қазақ халқына қатысты тарихи құжаттарды көргеннен кейін қиып кете алмай, кейбір деректерді жазып алдым. Сол мәліметтерді зерттеуші әріптестерім мен жалпы құлағы түрік оқырмандар назарына ұсынбақпын. Бәлкім, жол түсіп бара қалған осы сала мамандары болса, бір әжетке жарап қалар.
Талапты кәсіпкерге таудай мүмкіндік бар
Кәсіп бастау үшін жаңа идея, бастапқы капитал мен ойға алған мақсатты жүзеге асыруға қажет қаншама қосымша құрал керек. Бір саланың дамуына серпін беретін идея біраз адамның ойына келгенімен, көп бизнес бастаманың ғұмыры қолдау жетпегендіктен қысқа болып жатады. Бұл тұста кәсіпкерлік үшін мемлекеттік қолдау саясаты аса маңызды екенін әлем тәжірибесінен көріп отырмыз.
Тұрғын үймен қамтамасыз етеді
Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» және «Халыққа көмек» жобалары арқылы қазақстандық аз қамтылған және әлеумет­тік жағдайы төмен отбасы­лар­дың әл-ауқатын артты­ру – күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі. Бүгінде бұл екі бағдарлама аясын­да еліміздің барлық өңі­рінде көпбалалы және аз қамтыл­ған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсеті­луде. Жобаларды жүзеге асыру аясында партия би­лікпен, үкіметтік емес ұйымдармен, бизнес қауым­дастығымен тығыз жұмыс істеу қажетін алға тартады.
Жаңа өндіріс ошағы ашылды
Облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында  болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Өткен жылдан бастап Lovol маркалы тракторлар шығара бастаған компания бүгінге дейін 100-ге тарта трактор құрастырыпты. 2019 жылдың алғашқы тоқсанында конвейерден шыққан 28 трактор да аз уақыттың ішінде өз иесін тауып үлгерді.
Басты күш – бастауыш партия ұйымдары
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты Nur Otan партиясының бағ­дарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Әрі бұл ұстаным нақты істерімен дәлелденуде. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдары (БПҰ) – Nur Otan-ның негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларын, басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екенін әрдайым айтып келеді. Осы ретте азаматтармен тікелей жұмыс істеп отырған Nur Otan партиясы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Орталық» БПҰ төрағасы Руслан Сайлаубаевпен әңгімелескен едік.
Үміткер ұстанымын түсіндірді
Қазақстан Республикасы президентіне кандидат Әміржан Қосанов халықпен кездесулерін жалғастырып жатыр. Кеше ол елорданың проблемалы тұрғын үйлерінің үлескерлерімен кездесті. Тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, мүмкін шешімдерді ұсынды.
Дәрігерлермен дидарласты
ҚКХП-ның Қызылордада облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев пен партиялық комитеттің белсенділері Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығында»  медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.  
Азық-түлік қауіпсіздігін талқылады
Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбековтің Республикалық қоғамдық штабы Павлодар өңірі тұрғындарымен кездесіп, кандидат бағдар­ламасындағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін  талқылады.
Арнайы экономикалық аймаққа барды
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесті.
Еңбек ұжымымен кездесті
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері – сенімді өкілдер Б.Қараулов пен Г.Момбекова Жамбыл облыстық офтальмо­логия орталығы ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат   жүргізді.
Қаламгерді еске алды
ҚР президенттіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Астананың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан дарынды журналистерді еске алу кешін өткізді.
Қоғамдық штаб – батыста
ҚР президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы өкілдерінің сапары Батыс Қазақстан өңірінде жалғасты. Алғашқы кездесу «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-та өтті. Қоғамдық штабтың жетекшісі Мәулен Әшімбаев басқосуда кандидаттың сайлауалды бағдарламасы туралы жан-жақты айтып берді.
Жаңа АЭА құрылуы мүмкін
Қазақстанда жаңадан төрт арнайы экономика­лық аймақ құру қарасты­ры­луда. Бұл туралы Индус­трия және инфра­­құры­­лымдық даму мин­ис­трі Роман Скляр хабарла­ды. АЭА-лар елге инвес­тиция тарту мен экспортты ілгерілету құралдарының бірі ретінде қарастырылуда.
Бір-біріне демеу болмақ
Қазақ елі ауған елін қалпына келтіруге қаты­суда. Бұл жайында сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ауғанстан сыртқы істер министрі Салахуддин Раббанимен келіс­сөздері барысында әңгіме болды. Кездесу Тәжікстан астанасы Душанбеде ұйымдастырылған «Орталық Азия+Жапония» диалогы елдері СІМ басшыларының 7-ші кеңесі аясында өтті.
Сандалмасын, қамдансын...
Балалар үш айдай көше шаңын бұрқы­ратып, бос сандалмауы, каникулды пайдалы өткізуі үшін не істеу керек? Ата-аналарды толғандыратын осы мәселелер Министрлер кабинетінің мүшелерін де ойландырды. Премьер Асқар Мамин­нің төрағалы­ғымен өткен Үкімет отырысын­да жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру, бос уақытын және іспен шұғылда­нуын ұйымдастыру жайы қаралды.
Украина лидерін құттықтады
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңа­дан сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.
Беттер: 1 2 Келесі