Айқын газеті №80

Айқын газеті №80

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бәрі ниетке байланысты
  • Алакөл 2 миллион туристі күтеді
  • Асанәлі Әшімов: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
  • Қазақы төбет пен тазы жойылмасын десек...
  • "Ара" – "Айқынның" сатиралық қосымшасы

Материалы номера
Кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалмақ
Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау – еліміздің мемлекеттік маңызы бар және ұзақмерзімді саясатының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлікті қолдау үшін тетіктер мен мемлекеттік қызметтерді одан ары жетілдіруге бағытталған бірқатар реформаларға бастама жасады. Бұл орайда Nur Otan партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес Елбасының Бес институционалды реформасын іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіп, бақылауды нақты сақтауды қолға алды.
Әкім ашық сабаққа қатысты
Алматы облысындағы 768 мектептің 14 мыңнан астам түлегі мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Жер-жерде соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Облыс басшысы Амандық Баталов Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяяқталуымен құттықтап, түлектерге сәт-сапар тіледі.
Тіл жұлдызы жанбай, ел жұлдызы жанбайды
Бүгінде әлеуметтік желі  қоғамдық пікір қазандай қайнап жататын ақпараттық  алаңға айналды. Онда қалың көпшілік әрбір саяси оқиғаға дуылдап өз бағасын беріп жатады. Сондай оқиғалардың бірі  жуырда өткен Қазақстан халқы ассамблеясында шығып сөйлеген түрлі ұлт өкілдерінің мәлімдемелері болды. Осы сессияда сөйлеген шешендердің бірі белгілі жазушы Смағұл Елубаевты әңгімеге тарттық.
Шаймерденовке шынайы құрмет
Елбасының бірінші баспасөз хатшысы, белгілі рәмізтанушы, ел мәдениеті мен баспасөзінің дамуына зор үлес қосқан Ербол Шаймерденов аты ұлықтауға лайық. Қаламгер әрі журналист тұлғасын үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа таныстыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Шаймерденов аудиториясының тұсауы кесілді. Бір айта кететін жайт – қаламгер осы қара шаңырақтың түлегі. Білдей бір аудиторияға есімі берілуі – құптарлық іс.  
Алтын ұяң үшін не істей аласың?
Халық аузында «Не шықса да Шымкент жақтан шығады» деген бір сөз бар. Міне, тағы бір жақсылық осы жақтан шығып жатыр. Түркістан облысында қайырымды түлектер жұмысын насихаттайтын «Алтын ұям» жобасы қолға алынды. Бұл – әр жылы мектеп бітірген түлектердің қайырымдылық шараларын қамтитын шаруа.
Мәртебесі асып, мерейі тасыды
Адамгершілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтар баланың бойына бірінші кезекте отбасы арқылы сіңіріліп, шаңырақтағы шаттық пен өзара сыйластық арқылы өркендейді. «Мерейлі отбасы – мемлекеттің уығы» деген сөзді де осынау ерекшеліктерді жанымен түсіне білгендер айтқан болар.  Осы орайда жыл сайын бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, оза шапқандар елорда төрінде марапатқа бөленетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының берері мол, үйретері көп екенін мойындаған жөн. Жақында осы ұлттық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылып, Жетісу жерінің таңдаулы отбасылары санатына іліккендер облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдіуалиевтің қолынан марапаттарын алды.
Құбылыс ашқан Құлбек
«Жақсы ғалым болып қалыптасу жолында жетекші ұстаздар мен ғылыми мектептің мәні зор. Менің бұл бағытта жолым болды деп ойлаймын. Себебі, атақты да, тәжірибелі ұстаздар мен қызықты да келелі пәнаралық мәселелерді зерттеуді мақсат тұтқан жақсы ғылыми мектептен өттім» дейді биыл 70 жасқа толып отырған көрнекті ұстаз, белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы,  профессор,  Қазақстанның ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ғылым мен білім беру саласына еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Жаратылыстану Ғылыми академиясының мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қалыптасуы мен дамуына сіңірген «Айрықша еңбегі үшін» берілген алтын медаль  иегері Марат Құлбекұлы жас ғалымдармен болған кездесуінде.
Дала дидары
– Біздің жақта бір ғажап жер бар, – деген еді осыдан көп жылдар бұрын болған іссапардағы өзара әңгімеде жазушы Мәди Айымбетов. – Күлдірдің тақыры деп аталатын оның ерекшелігі ұшы-қиырына көз жеткізгісіз жазықтың үстінде ештеңе өспейтіндігі. Сосын алғашқы көрген адамға ондағы жерді әлдекім трактор катогымен таптап тастағандай әсер қалдыратындығы. Ұшақтардың әуеге көтеріліп, жерге қонатын аэродромы бар ғой. Міне, айдаладағы табиғат ана жасаған ол соның дәл өзі. Иә, содан аумайды
Аладдин мен адамға айналған Жын
Сиқырлы шамды үйкелесең, ішінен Жын атып шығады. Оған үш тілегіңді айтсаң, демде орындайды. Тек өлгенді тірілту, тірі адамды өлтіру және біреудің жүрегін жаулау сияқты арманнан басқасы, әрине. Тоқсаныншы жылдары талайдың сүйікті мульт­фильміне айналған «Аладдинге» Disney студиясы ремейк жасады. Оқиғаның желісі сақталғанымен, жаңа көзқарас пен жеткізу тәсілі көзге ұрып тұр. Айталық, Жасмин ханшайым – бұрын­ғыдай махаббат нысаны ғана емес, әкесінің тағына отырып, халқы­на жанашыр болатын феминис­тік ұстанымы бар кейіпкер. Араб түнінен сыр шерткен шығыс ертегісінің тұсаукесеріне куә болдық. Қазақ тіліне тәржіма­ланған туынды жайлы толы­ғырақ тарқатқанды жөн көрдік.
Жастарға мүмкіндік мол
Биыл – Жастар жылы. Ел болашағы жастардың білім алуына да, қоғамдық өмірге белсене араласуы­на да мол мүмкіндік берілген жыл. Әрине, қоғамда жастардың азамат, тұлға болып қалыптасуына көп жағдай жасалып отыр. Олардың білікті, бәсеке­ге қабілетті ұрпақ болып, әлемдік техно­логияларды игеруіне, заманауи құрыл­ғы­лардың тілін жетік білуіне жол ашылды.
Қазақы төбет пен тазы жойылмасын десек...
Ит жүгіртіп, құс салған халқымыз үшін саятшылықтың орны бөлек. Аңшылық – күнкөріс көзі ғана емес, ер азаматтың табиғат аясында демалуына, ептілік қасиетін шыңдауына септігі тиетін өнер. Қазір аңшылық шаруашылығын дамытуда  бірқатар өзекті мәселе бар. Соның бірі – ұлттық асыл тұқымды ит түрлерінің, яғни қазақы тазы мен төбеттің күрт азаюы болып отыр.  
Мал ашуы – жан ашуы
Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
                               Абай
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры Кенжехан Матыжановтың ұйытқы болуымен Р.Бердібаев атындағы «Халық университетінің» кезекті дәрісін «Заман және замандастар»: Ш.Аймановтан – А.Әшімовке дейін» тақырыбында Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов жүргізді. «Алаштың Асанәлісі» деген құрметті атқа ие болған аңыз да абыз ағамыздың ойларын оқырманға ұсынып отырмыз.
Атырау – дәулетіне сәулеті сай аймақ
Атырау облысы – еліміздің дамуына серпін беріп, алып жобалар жүзеге асып отырған іргелі аймақ. Республикалық бюджеттің донорына айналған өңір. Азия мен Еуропаны жалғап отырған аймақта өткен жылы құрылыс саласы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіштің дені тұрғын үй құрылысына тиесілі. Құрылыстың алып алаңына айналған аймақта халықтың игілігіне берілген нысандар да көбейіп отыр. Жайық өзенін жағалай қоныстанған қаладағы сәулетті ғимараттар мен алаңдар, елге танымал тұлғалар ескерткіштердің барлығы тарих пен мәдениет, әлеуметті қамтып, халықтың көз қуанышына айналды.
Еңбек еленіп, абырой артты
21 мамыр – Қазақстан мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл – туған жердің рухани дамуына үлес қосып, мәдени мұрамызды дәріптеп жүрген жандарға, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі. Осыған орай, «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұловамен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Футбол командасы құрылады
Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған футбол командасы құрылады. Іс-шара балалар футболын дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырылмақ.
Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
Nur Otan партиясының «Жақсылық  жаса» атты акциясы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге ұйытқы болып келеді. Бұл жоба арқылы еліміздің әр аймағында көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық жасалуда.
Томография кабинеті ашылды
Ақмола облысының әкімі,  Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасына барып, жаңадан ашылған компьютерлік томография кабинетін аралады. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстағы колледждер мен ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен» жобасын жүзеге асыруда.
Беттер: 1 2 Келесі