Айқын газеті №88

Айқын газеті №88

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұйытқы мен іріткі
  • Бірлік пен тұрақтылық кепілі
  • 101 жастағы сайлаушы
  • Реставрация – сиқыршылар ілімі
  • Смағұл Елубаев: Ашаршылық – демографиялық апат

Материалы номера
Бұрынғы бөлімшелерді ұмытпайық!
Бұрынғы бөлімшелер деп отырғанымыз, бұрынғы колхоз-совхоздарға қарасты үлкенді-кішілі ауылдар. Мұндай елдімекендерге облысқа арнайы іссапармен келетін Парламент депутат­тары мен үкімет мүшелерін, яғни берісі министр мыр­залар­ды айтпағанда, тіпті облыс, аудан орталықтарын­дағы өнер ұжымдарының өздері баруды доғарғалы қашан?! Сірә, осындай атүсті көзқарастың салдары болса керек, бұрынғы бөлімшелер­дің кейбір тұрғын­дары қалаға және қалаға таяу аудандарға жөңкіле көшкен­нен кейін бүгіндері елдімекен ретінде жер бетінен біржола жойылуға таяу.
Ол қайта оралды
Орта салмақта жұдырық­тасатын қазақстан­дық кәсіп­қой боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аре­насында канадалық Стив Роллспен қолғап түйістіріп, нокаутпен жеңіске жетті. Бұл GGG-дің тоғыз айлық үзіліс­тен кейін шаршы алаңға қай­та оралуы. Күллі әлемді әдемі боксымен тәнті еткен Головкин үлкен боксқа әдемі орала білді. Өзінің үлкен күреске әзір екенін анық аңғартты.
Айбектің аты озды
Елорда төрінде кезекті рет дүрілдеп «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтті. Осы жолы Қазақстанның әр түкпірінен 33 балуан білек сыбанып, боз кілемде бағын сынамаққа келген. Алаштың арқасы қозып, айбыны асқақтаған бәйгеде Айбек балуанның айы оңынан туды.
Смағұл ЕЛУБАЕВ: Ашаршылық – демографиялық апат
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Р.Бердібаев атындағы халық университетінде кезекті дәріс өтті. Жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаев «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық» тақырыбында дәріс оқыды. Қаламгер «Ақ боз үй» романы арқылы Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде осы тақырыпқа қалам тербеп, ел ықыласына бөленген. Жарты ғасырға жуық уақыт осы тақырыпты терең зерттеп келе жатқан Смағұл ағаның ойларын оқырманға жеткізгенше асықтық.
Абай мұрасын дәріптеушілер көбейді
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бастамасына қолдау білдіріп, әлеуметтік желіде #Abai175 хэштегімен жазба жариялағандар көбейді. Челлендж Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанға  жұмыс сапары кезінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын лайықты атап өту керегін айтқаннан кейін басталды.
«Аманатқа» жауапкершілік жүктелді
Сайлау  – дамуымыздың маңызды кезеңі. Оның әділ, ашық өтуі – халық­тың талабы. Бұл жауапкершіліктің жүгін сайлау кезінде мониторинг жүргізу  үшін «Аманат» аза­мат­тық» платформа­сы атты ерікті қоғам­дық құрылым алды. Құрылғанынан бас­тап жауапкер­ші­лікті жан-жақты зерделеген олардың жұмысы сайлау­шы­лар тарапынан оң бағаланып отыр.
Реставрация – сиқыршылар ілімі
Қазақ жері тарихи және мәдени ескерт­кіш­терге бай. Олардың барлығы – халқы­мыздың рухани ұстыны, ата-баба­лары­мызбен байла­ныстырар құндылық, келер ұрпаққа мұраға қалуға тиіс асыл қазына. Биік-биік төбе, қатпар-қатпар топырақ астында, жер қойнауында жасырын жатқан мұрамыз қанша­ма. Бірақ тарих шаңынан аршылғандары қазір лайықты қорғауды, сапалы қалпына келтіруді қажет етеді.
Түркістандықтар дауыс берді
Түркістан облысы құрылғалы алғаш рет сайлау науқаны өтті. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы 889 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.
101 жастағы сайлаушы
Мемлекет басшысын сайлау – мемлекетіміздің іргесі берік, ел ішінде береке мен бірліктің нығаюын қалайтын халықтың таңдауы жасалатын ерекше күн. Бұл күні Атырау аймағында да ел басшысын таңдау ниетімен сайлау учаскелеріне келген халық легі көп болды.
Қарағандылықтар белсенді
Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Қазақстан Президентін сайлау барысын өңірде 40-тан астам халықаралық бақылаушы қадағалады. ОСК мәліметі бойын­ша, таңғы сағат 10-ның өзінде облыста сайлаушылар­дың келуі 10,1%-ды құрады.
Тату көршілік құрметпен көркем
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанға ресми сапармен барды. Көршідегі кездесулерге парламентаралық диалогты дамыту тақырыбы арқау болды. Екі елдің парламентші­лері арасындағы қатынастарды нығайту Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастықты барлық салада тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Жақтастар форумы жарқырап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласындағы жақ­тастар форумымен аяқталды. Белгілі эстрада жұлдызда­рының ән-күйімен ашылған шараға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, партияның сайлауалды штабының өкілдері, жұлдыздар мен спортшылар қатысты. Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың еліміздің әр өңіріндегі қолдаушылары сәлемдерін бейнежазба түрінде жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумның құрметті қонағы болды.
Сайлау: Халықаралық бақылаушылар көзімен
Қазақстан Президентінің сайлауын бақылауға 1013 бақылаушы тіркелген. Оның ішінде 9 халықаралық ұйымнан 866 бақылаушы бар. 43 бақылаушы шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері. Бұл сайлауға Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Америкадан халықаралық бақылаушылар келді. Орталық сайлау комиссиясының ресми дерегі солай дейді. Кеше өткен сайлауда халықаралық бақылаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан бөлек, өңірлердегі дауыс беру барысын да бақылады. Олардың сайлау учаскелерінің жұмысын, дауыс беру барысын қалай бағалады? Өздерінен сұрап білдік.
Ұйытқы мен іріткі
Қазақстан Президентінің сайлауы ерекше жағдайда өтті. Баламалы негізде жеті үміткер сайлауға түсті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында саяси мәдениет деңгейі жоғары болды. Үміткерлер бір-бірінің жеке басын қаралаған жоқ. Барша қазақстандыққа тарихи таңдау жасау мүмкіндігі берілді.
Бірлік пен тұрақтылық кепілі
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды штабында болып, exit pool қорытындысын жариялау рәсіміне қатысты. Exit pool-дың қорытындысына сәйкес Президент сайлауында Nur Otan партиясынан түскен кандидат өзге үміткерлерден айтарлықтай жоғары дауыс жинаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев – 70 пайыз
Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлау­шылар­дың 70,13 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» институтының басшысы Айнұр Мәжитова Орталық коммуни­кациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Тарихи күнге балады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол жағалаудағы елорданың жаңа әкімшілік орталығында, «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру рәсіміне қатысты.
Әділ сайлау – елдің құты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше таңғы сағат 10 шамасында елордадағы Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Оқушылар сарайы» ғимаратында, №58 сайлау учаскесінде дауыс беріп, Қазақстан Президентін сайлау рәсіміне қатысты.