Айқын газеті №90

Айқын газеті №90

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Тиянақ пен тайғанақ
  • "Ауыл – ел бесігі" қандай жоба?
  • Жақсылық жасап жарыссақ
  • Қапал татарларының туған жерге тағзымы
  • Бейбіт күннің батырлары қандай қошеметке де лайық

Материалы номера
Диана Германиядағы ән байқауына қатысады
Диана Еркін – өте талантты әнші. Дауысымен әлем музыканттарын тәнті еткен қаршадай қыз жақында Германиядағы балалар ән байқауына (Voice Kids Germany) қатыспақ. Әдетте бұған тек еуропалық таланттар ғана қатысып, бақ сынай алады. Сондықтан Диана мұндай әйгілі еуропалық додаға қатысқалы отырған алғашқы қазақстандық әнші болмақ. Оның керемет таланты, ғажайып вокалы, осыған дейін жиған халықаралық тәжірибесі мен музыкалық қабілеті – Германия халқы мен ондағы атақты сарапшыларды да таңғалдырады деген үміт басым. Осы орайда 12 жастағы талантты қызымызбен сұхбаттасып, алдағы жоспарлары жайлы сұраған едік.  
Фестиваль тазалыққа үндейді
Әлем әншілерін бір шаңырақ астына жинап, жаздың жадыраған күндерінде халыққа әсерлі де әдемі көңіл күй сыйлау үшін әр қалада ән-күй кештерін өкізіп тұру дәстүрге айналған. Соның бірі, Алматыда «Медеу» мұз айдынында 15-16 маусым аралығында өтетін,  Star of Asia Almaty.kz 2019 фестивалінің үшінші маусымы  болмақ.
Бейбіт күннің батырлары қандай қошеметке де лайық
Көзсіз ерлік, батырлық тек соғыс алаңында ғана болмайды. Бейбіт заманда да орын алады. Олай болса, өз өмірін басқа жанның ғұмыры үшін тәрк еткендерді ұмытпауымыз керек.  Ажалға қарсы тұрып, түрлі табиғи апатта жедел қимылдап, батылдық танытқандар арамызда жүр. Оларды ұлықтағанымыз абзал.
Қапал татарларының туған жерге тағзымы
Кезінде уезд, кейіннен  аудан орталығы болып қазақтың талай-талай марғасқаларының табаны тиген Қапал  – бүгінде Ақсу ауданындағы қатардағы ауылдардың бірі. Қапалдың аты шығып, мәртебесі асуында жергілікті жұртпен бірге татар ұлты өкілдерінің де өлшеусіз еңбегі барын тарихтан білеміз. Қазіргі кезде олардан тараған ұрпақ әлемнің әр қиырында  тірлік етуде. Қазақстан халқы ассамблеясы, Алматы облысы әкімдігі және «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестсігінің ұйымдастыруымен 15 маусымда Қапалда  «Қазақстан халқының қалыптасу үдерісіндегі қазақ-татар байланысы» тақрыбында халықаралық ғылыми конференция өтпек. Бауырлас елдер өкілдерінің туған жерде басқосуы қарсаңында талдықорғандық өлкетанушы Жемісбек Толымбековтің Қапал татарлары жайындағы зерттеуін жұрт назарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз.
Шаңыраққа шаттық сыйлады
Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған елге тағзым» бағдарламалық жоспарына сәйкес, осы кезге дейін жеке баспанасы болмай пәтер жалдап күн кешіп жүрген көпбалалы Ербол Мүсіреповтің отбасы жерлестерінің арқасында баспаналы болып, ерекше қуанышқа кенелді.
Елге үлгі Үмбетовтің кезекті туындысы
Алматы облысын арасына жылдар салып барып екі мәрте басқарған, екінші келісінде алты жылға жуық  Жетісу өңірінің өркендеуіне өзіне ғана тән іскерлікпен жетекшілік жасаған Серік Үмбетов – қай кезде болмасын сөз қадірін білетінімен, ел мен жердің тарихын ұлықтап, халқымыздың салты мен дәстүрін дәріптеуімен жұртының жадында жақсы әсер қалдыра білген тұлға. Қазіргі кезде ағамыз Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде еліміздегі басты заң шығарушы органдағы міндетінен қолы қалт еткенде қаламды серік етіп өмірден көргендері мен түйгендерін қағазға түсіріп, замандастарына үлгі ретінде ұсынып келеді.
Мо ЯНЬ: Мен халықтың мұңын жеткізушімін
Мо Янь атымен белгілі қытай жазушысы Гуань Мое дүйім жұртты қоғамдағы ащы шын­дықты дәл жеткізе білуімен, өзекті тақырып­тар­ды еш бүкпесіз жария­лауы­мен өзіне қарата білді. Оның шығармалары шы­найы­лығымен оқырман жүрегінен орын тапқаны анық. Ал 2012 жылы Нобель сыйлығын алғалы бері жазушы шығарма­ларына деген қызығушы­лық арта түскені жасырын емес. Себебі, ол – Қытай елінен шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының иегері.
Балаларға базарлық
Теледидарға телмірген балаларға арналған үлкен жобалар қолға алынуда. Сонын бірі – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған 30 фильм жарыққа шыққалы жатыр. Яғни, «Ойыншықтар хикаясы» анимациялық фильмі осы жылдың 20 маусымында жаппай прокатқа жол тартады.
Жүз жылдықтың жылнамасы
Елордамыздың төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада «Жүз жылдық жылнама» атты  5 томдық жинақтың тұсаукесері өтті.
Мәселе «москитте» ғана ма?
Күні кеше Петропавлда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Өкініштісі сол, мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Жыл сайын күн жылына сала баланы биіктен қорғай алмай, қолдан айырылып қала береміз. Сонда да оның алдын алу шаралары қолға алынбайды. Тек Төтенше жағ­дайлар комитеті маман­дарының ескертпелерімен ғана шектелеміз.  
700 отбасын қуантпақ
Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.  Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде 11 көпбалалы отбасы қоныстойын тойлады. Енді олар абаттандырылған, жиһазбен жабдықталған жекеменшік үйлерде тұрады. Әр үйдің жанында жер учаскесі мен шаруашылық құрылыстар бар. Бақша егіп, үй шаруашылығын жүргізуге жағдай жасалған. Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен «Астана Моторс» компа­ния­сының президенті Нұрлан Смағұлов келді. Бұл үйлерді «Астана Моторс» өз есебі­нен жөндеп, абаттандырып, оларды көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға сыйға тартты.
Әділдіктің ақ үйі
Әділет іздеген адамдар кейде ескі әдетпен ел басшылығына қайырылады. Жөн білетіндер өркениет жолымен сотқа талап арыз түсіреді. Прокуратураға баратындар да қарақұрым. Ал сонда атында әділеттей асыл ұғым бар министрлік немен айналысады?
Пікір
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда 70,96 пайыз дауыс жинауы – үлкен жетістік, нәтижелі еңбектің жемісі
Жастар президент бағдарламасын талқылады
Жас Отан жастар қанаты республикалық жастар ұйымдарының басшылары мен жастар саясатындағы белсенділерді жинап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында аталған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін талқылады. Шараға партия кандидатының насихат жұмыстарын жүргізген Республикалық қоғамдық штаб жанынан құрылған TEAM QAZAQSTAN жастар тобының мүшелері қатысты.  
Cайлауға баға берді
Алматыда президент сайлауының қорытындысына байланысты аймақтық «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет, ғылым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысып, келелі пікірлерін білдірді.
Банктерге арналған депозит енгізілді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгеге не ықпал етіп отырғанын айтып берді. Оның байламынша, соңғы уақытта ішкі валюта нарығындағы ахуал мұнайдың әлемдік нарығының әсерімен дамуда.
Еуропалық байқаушылар оң бағалады
ЕҚЫҰ байқаушыларының миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлауды табысты өтті деп бағалады. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосы хабарлады.
Ұшқыштарымызды Франция әзірлемек
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз республикасы Ұлттық ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т.Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады.
Тиянақ пен тайғанақ
Заман күнде өзгеріп жатыр. Қоғам да солай. Қазір тіпті ұстараның үстімен жүргендей халдеміз. Қазақстан президентін сайлау заң шеңберінде өтті. Мемлекеттің жаңа басшысы басым дауыспен сайланды. Ары қарай сындарлы жолмен, салиқалы бағытпен алға жылжуымыз керек-ақ. Бірақ шырайлы тірлікке ши жүгіртіп, жоқ жерден шу шығарғысы келетіндер арагідік қара көрсетіп жатыр. Әйтеуір, айғай шыққан жерге аттандап бару абырой әпермейтіні анық болса да, ашық күнде адасып жүрген замандастар да табылады.
Жыл ортасына жақсы жетістіктермен жетті
Қазақстан эконо­микасы, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыс­тыр­ғанда, 4 пайыз­ға артқан. Салыстыру үшін айтсақ, Еуразиялық одақ­тағы ірі экономика сана­латын Ресейдің ЖІӨ-сі 2019 жыл­ғы қаң­тар-сәуір айла­рында бар-жоғы 0,8%-дық, тағы бір «одақтасымыз» – Бела­русь­тің ЖІӨ-сі 1,4%-дық өсімге қол жеткізді.
Беттер: 1 2 Келесі