"Айқын" газеті №100

"Айқын" газеті №100

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Интернет және игілік
  • Жақсы жолда алаң болма
  • Киберқауіпсіздікті қалт жіберсек ұтыламыз
  • Іскерлік бастама, кәсібіңді тастама
  • Мұқалмайтын Миуа

Материалы номера
Жетісудың үздік тауарлары қандай?
Талдықорғандағы кәсіпкерлер палатасында  жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сай, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрме­сі ұйымдастырылып, оның өңірлік кезеңіне 50-ден астам отандық тауар өндіру­ші қатысты. Көрмеде Жетісу жерінде өндірілетін тауар­лар мен көрсетілетін қызмет түрлері көпшілік назарына  ұсынылды.  Биыл­ғы көрме­нің басты ерек­шелігі –жаңа­дан ашылған кәсіпорындар мен жас кәсіпкерлердің көптеп қатысуы.
Поэзия падишасының тойы
Көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова-ның  туғанына биыл – 80 жыл. Поэзия падишасының тойы туған жері Атырауда басталды. Ақын құрметіне «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.
7 000 тұрғын денсаулығын тексертті
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобы мен Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың Әлеуметтік жобалар қоры және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп, «Медициналық пойыз» жобасын шалғай ауыл тұрғындарына жүзеге асырып жатыр.
Отандық шоколад – әлемдік бренд
Нұр-Сұлтан қаласында бие сүтінен жасалған диеталық шоколадтың дәмін  тату семинары өтті. Семинардың  мақсаты – халықты  Ulytau  диеталық шоколадымен таныстыру.
Сардар мен сарбаз
Журналистер үшін орны бөлек оқу ордасының бірі – Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті. «Журфак»,  «темір декан» атанған ұстаз Темірбек Қожакеев жайлы небір аңызға бергісіз әңгіме көп.   Журналистер мерекесі қарсаңында «от ауыз, орақ тілді»  қаламгер, марқұм Жұматай Сабыржанұлының Темкең туралы жазбасын ұсынбақпыз.  Сатираның сардары да, сарбазы да бұл күндері арамызда жоқ. Жазбада  сөзге тоқтай білген орта мен сол кезеңнің боямасыз көріністері бар.  
Мұқалмайтын Миуа
Қазақ қыз журналистке жарыған. Тіпті бір кездегі «Әйел заты көп жүрген орта нәзіктеніп кетеді» деген қорқыныштың да іргесі сөгілді. Бұл еңбекке үлес қосқан белгілі топтың бір өкілі – талантты журналист Миуа Байназар.
Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі: Дені сау ұлт – қуатты мемлекет
Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлініп, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырма берілді. Жолдауда медициналық қызмет сапасын арттыруға қатысты қойылған міндетпен қатар, маңызды салаға жаңа тәсілдер енгізген қызметкерлердің жалақысын арттыру жағы да қарастырылған. Енді қызмет сапасын күшейтіп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау керек. Отандық денсаулық сақтау жүйесі қымбат ем-домға емес, аурудың алдын алу, қоғамдық денсаулықты басқару жұмыстарына көп көңіл бөлуі тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда?  Келесі жылы жүзеге асырылатын МӘМС-ке дайынбыз ба? Денсаулық сақтау жүйесіндегі соңғы жетістіктер қандай? Ведомство басшысы, министр Елжан Біртанов бұған не дейді?
Нұр-Сұлтан Арыспен бірге!
Астанада «Халық әл-ауқаты­ның артуы – бірлік пен тұрақты­лық кепілі» атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамб­лея­сының XVIII сессиясы өтті.
Лагердің тиді пайдасы
Алматыдағы «Тау Тұран» жазғы лагерінде «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Білім – Орта Азия» білім беру орталығымен бірлесе қолға алынған «Болашақ – менің таңдауым!» атты жоба аясындағы оқушылардың бірегей ауысымының жабылу салтанаты өтті.
Іскерлік бастама, кәсібіңді тастама
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау ұлттық экономиканың жетекші күші әрі міндеті екені көрсетілген.
Әбілязовтің сыбайластары елге оралды
Сырттай 20 жылға ­сот­тал­ған БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов­тің 10 сыбайласы өз ерікте­рімен Қазақстанға оралды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аса маңыз­ды қылмыстық істерді тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов хабарлады.
Есірткі өскен аула
Ресейдің Одинцово қаласында үй бақшасынан 41 түп марихуана  табылған. Қылмыс жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бункерде жасырын есірткі өсіру дерегі 1980 жылы Ұлыбританияда тіркелген. 20 бөлмелі бункерден 1,25 млн доллардың есірткісі тәркіленген. Жақында ғана Сарыағашта 5 түп есірткітектес сора өсірген күдікті құрықталды.
Киберқауіпсіздікті қалт жіберсек ұтыламыз
Интернеттің иірімінде жас сананың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ете аламыз? Дүниетанымы мен адамгершілік сана-сезімі енді ғана қалыптаса баста­ған жасөспірім ғаламторда да «ғаламат» қауіп барын біле ме? Бала біткен гад­жетке байланған заманда мұның бәрі бейжай қарай­тын дүние емес екені анық.
Жақсы жолда алаң болма
Жолдардың сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолдары кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының жаңа көкжиектері, зор мүмкіндіктері ашыла түседі.
Арысты қалпына келтіру – парыз
Орталық комуникациялар қызметінде Nur Otan партиясы тарапынан Арыстың тұрғындарына көрсетіліп жатқан көмек жайы жария етілді.
Еңбекқор жас баспанасыз қалмайды
Nur Otan партиясының Жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Жастар жылы аясында өтіп  жатқан іс-шаралардың нақты нәтижелері талқыланды.
Апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы барды. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесіп, апатқа байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ гуманитарлық көмек бойынша өзге өңірлерден келген көмекті қарсы алу жұмыстарына қатысып, зардап шеккен ата-аналармен және балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.
Nur Otan жемқорлармен күреседі
Жемқорлық – қоғамның дерті. Nur Otan партиясының бастамасымен сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейеді.
Жаңа наградалар қаралды
Қазақстанның Мемле­кеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдик­асы мәселелері жөніндегі республикалық комис­сия­ның отырысы өтті.
Біздің төл мерекеміз бар
Қазіргі жаңа дәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы күрт артуда. Заманауи медиа бүкіл әлемде не жекелеген елде болып жатқан оқиғаларды жай ғана жариялаумен шектелмей, көп жағдайда олардың өрбу барысын, өрістеу желісін айқындайтын жетекші күштердің біріне айналды. Осы орайда отандық БАҚ-тың рөлі мен мәртебесі туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың пікірін білдік.
Беттер: 1 2 Келесі