"Айқын" газеті №101

"Айқын" газеті №101

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бірге болғанға – береке бар
  • Жер кіндігіне саяхат
  • Төрелік болсын өрелі
  • Меншігінде 67 пәтері бар адам анықталды
  • Ж.Құлекеев: Өмірлік миссияңды орындау – ең үлкен бақыт

Материалы номера
Жер кіндігіне саяхат
Семейден шыққандағы ұзын-сонар жолдың өне бойы  жап-жасыл, көз қуантады. Ақ шарбы бұлттар, қазбауыр бұлттар қол созым жерден жаңбырын біресе бүркіп алады, енді бірде қап-қара болып қоюланып келеді де, жауынын шелектеп төгіп-төгіп кете салады. Мың құбылған маусымның күні бірде жылы, бірде қоңырсалқын. Құнанбайдың, Абайдың, Әбдірахман мен Мағауияның, Шәкәрімнің... деп тізіліп кете берер, басы бар да, соңы таусылмас алыптар легінің ізі қалған мекенге жетуге асық біз аспаннан тоқтаусыз төгілген мөлдір моншақты «алқа қылып та тақтық, жүзік қылып та кидік»...      
Бренд пен тренд
Филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзиннің сөзі бар: «Журналистика әуел бастан – әрі теория, әрі практика, әрі педагогика, әрі басқару тетігі, әрі психология». Біз интернетке дейінгі кезеңде жоғарыдағыны мерзімді басылыммен байланыстырып келдік. Ғаламтор ғаламдық күшке айналған тұста журналистика әр қырынан дами түсті. XXI ғасыр интернет журналистиканың теория, практика, басқару тетігі, педагогика мен психологияның біте қайнаған ортасы екенін айқындап берді.
Өмірлік миссияңды орындау – ең үлкен бақыт
«Математиканы бала кезден бойға сіңірген адам  қиындыққа төтеп бере алады әрі кез келген шындықты қабылдай алады» дейді Пьер Гассенди. Бұл сөздің  жаны бар. Математиканы бүге-шігесіне дейін игерген адамның өмір сүру философиясы алабөтен болатыны тағы рас. Мақсатқа жетудің түрлі жолы болады: бірақ соның бір ғана «жақсысын» таңдап алу мүмкін бе? Біздің кейіпкеріміз қай жолды таңдады? Бастан өткерген қиындықты қалай еңсерді? Математикалық дәлдікпен өмір сүру мүмкін бе? Бұл тұрғыда мемлекет қайраткері Жақсыбек Құлекеевтің өз айтары бар.
Кең дүниені толтырайық жабылып...
Алтай мен Атыраудың арасында ұзыннан-ұзақ созылған ұлан-байтақ даламызға осы санымызбен аздай көрініп-ақ жүрміз. Ұшқан құстың қанаты мен жүгірген аңның аяғы талатын кең дүниені толтыра алмай далмыз. Ол – рас. Бірақ осы жерде әр аймақтың халқы біркелкі орналаспағасын, ішкі көші-қонның мәселесі қылаң ете қалады. Оңтүстік жұртшылығына жер жетпей жатса, солтүстік өңірдің ауылдары қаңырап бос қалып жатыр. Міне, парадокс.
Меншігінде 67 пәтері бар адам анықталды
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бір тұрғын үй кешеніндегі 65 пәтердің  меншік иесі болып шықты. Жалпы, оның меншігінде 67 пәтер бары анықталды.  Бұл мәліметті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арыстық қарияны құтқарды
Арыстағы жағдай елді есеңгіретті. Бір-біріне жаны ашу, қарайласу сезімі жұтаң қоғамды сілкіп алғандай. Жарылыс арқылы бүтін болу мен бірлікті ұмытпау керегін еске түсіргендей. Анаға арқа тосаған азамат пен әйелге босануға жәрдемдескен жігіт жүректі елжіретті. Сүйсініп жүргенде Арыстан тағы бір хабар жетті. Полиция қызметкерлері жарылысты естімей, үйде қалып қойған ақсақалды құтқарыпты.
Ауыл түлектеріне грант бөлінеді
Қарағанды облысында журналистика маман­дығына түсетін ауыл түлектеріне грант бөлінеді. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов «Өңірлік БАҚ. Даму векторлары» атты форумда мәлімдеді. Сондай-ақ облыс орталығында медиа-коуоркинг құрылып, орталықта журналистер мен баспасөз хатшылары үшін шеберлік сыныптар, тренингтер мен семинарлар өтеді. Журналистерге арналған арнайы алаңда баспасөз конферен­цияларына арналған жабдықталған зал болады.
Төрелік болсын өрелі
Бұған дейін сот төрелігіне көңіліміз толмайды, дұрыс шешім шығарылмады, сот жүйесі жетілмеген деген пікір қалыптасып келді. Осыны басты бағдар етіп алған Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов
2019 жылды – сот төрелігінің сапасы жылы ретінде жариялаған болатын.
Жетісулықтар көмектесуде
Бейбіт күнде ел-жұрттың берекесін алып, әбігерге салған Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан кейінгі қала қалпына келтірілуде.
Атырау 20 тонна көмек жіберді
Арыстағы апатқа байланысты Атырау халқы да қолдан келген көмегін жөнелтті.
100 бала Бурабайда тегін демалады
Ақмола облысының әкімдігі Арыс қаласында болған төтенше жағ­дайға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге әзір.
450 үйді жөндеп береді
Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласына гуманитарлық көмек көрсет­кен аймақтардың бірі – Қостанай өңірі.
Елдің өркендеуіне журналистердің қосқан үлесі мол
«Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистер қауымы жыл сайын маусым айының соңғы аптасында кәсіби мерекеcін тойлайды. Ал биыл бұл мерекенің салмағы арта түсті. Себебі, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.
Елорда да арыспен бірге...
Жарылыстан зардап шеккен Арыс халқына бас қаланың тұрғын­дары да көмек көрсетуде. Елордалық мемлекеттік қызметкер­лер Арыс қаласында зардап шеккендерге 200 миллион теңге аударды.
«Үркердің» үздіктері
Журналистер – төртінші билік иесі. Халық пен билік арасындағы көпір. Қоғамдағы әділет сақшысы. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында «Қазмедиа» орталығында  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастырумен «Үркер» ұлттық сыйлығы табысталды.
Сенім грамотасын тапсырды
Мемлекет басшысы Тайланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Расса Джаличандрадан, Иордания Хашимиттік Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Юсеф Әбделғанидан, Венесуэланың Төтенше және өкілетті елшісі Энрике Антонио Акунья Мендозадан сенім грамоталарын қабылдады
Елбасы жаңа мешітке барды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аста­на­ның Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды.
Ұжымдық қауіпсіздік – маңызды
Қазақстан Президенті Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан астанасына келген қонаққа ілтипат білдіріп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы лауазымына Беларусьтің кандидатурасын басынан бастап қолдағанын айтты.
Бірге болғанға – береке бар
Кей кезде «Біз әлі ұлт болып қалыптасқан жоқпыз», «ұлттық санамыз жетілген жоқ» дейтін мазмұндағы сөздерді еститін едік. Ұсақ-түйек кемшілігіміз болса, «Қазақ десек, өзімізге тиеді» деп жақауратып өте шығатын да сәтіміз болатын. Арыс оқиғасы осының бәріне нүкте қойғандай: біз Қазақ деген елміз, біз біргеміз, бекембіз!