"Айқын" газеті №102

"Айқын" газеті №102

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ерлік үнсіз жасалады
  • Бірыңғай тұрғын үй саясаты қажет
  • Теңізден соққан дауыл
  • "Нұрлы көш" "ұлы көшке" ұласса...
  • Ұят болып жүрмесін...

Материалы номера
Арысты асарлатып жаңғыртады
Арыс қаласының тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымы бір айдың ішінде қалпына келтіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арысқа барып, Үкіметтік комиссияға басшылық еткен Премьер қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен шағынаудандар мен әлеуметтік нысандарды аралады.
Бірыңғай тұрғын үй саясаты қажет
Бүгінге дейін баспанамен қамтуды көздеген түрлі бағдарлама жасалып, жұмыс істеп жатыр. Бір қарағанда, бағдарламалар­да баспанаға мұқтаж жан­дар­дың барлығы ескеріл­гендей көрінеді. Ал іс жүзінде баспанасы жоқтар өз үйім – өлең төсегім дейтін күнге жете алмай отыр. Елбасы 2018 жылғы Жолдауында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштерін БҰҰ-ның стандарттарының – 2030 жылға дейін бір адамға 30 шаршы метр деңгейіне жеткізу мақсатын қойғаны белгілі. Бұл көрсеткішке қолданыстағы бағдарламалар арқылы жету мүмкін бе?
Жүйелі жұмыс нәтижесі
Ішкі істер министрлігінің хабарлауы бойынша елдегі құқықтық тәртіп пен заңды­лықты қамтамасыз ету кү­ші­не енген. Қылмысқа қарсы күрес бойынша қабыл­данған шаралар нәтиже берді. Биылғы
5 айдың қорытындысы 2018 жылмен салыстыр­ғанда жедел жағдайдың тұрақтанып, құқықбұзушы­лықты тіркеу санының төмендегенін көрсетті.
Қордан алған қор болмайды
Кәсібін ашамын деген адамға немесе өз шаруашылығын кеңейте түсуге талпынып отырған кәсіпкерлерге бүгінгі күні түрлі бағдарламалар нәтижелі көмек беруде. Бұл Елбасының бес бастамасының бірі –  шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыруды қолдауының арқасында жеткен нәтижелі еңбектің жемісі.
Жеңімпаздармен жүздесті
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен,  Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жасөспірімдер арасындағы джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жас спортшыларымен кездесті.
Күй күмбірлеп, жыр әуеледі
Сенбі-жексенбі күндері Тараз төрінде Ұлттық домбыра күнін ұлықтау мақсатында Жамбыл облысы әкімінің қол­дауы­мен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы Жам­­был облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Көне Тараз күмбірі» І республикалық  этно-фольклорлық ансамбльдер байқауы өтті. Шара Тұңғыш Президент
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету және мән-мағынасы терең, рухани-тәрбиелік маңызы жоғары, қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін насихаттауды мақсат етті.
Журналист пе, технолог па? Біз кімді дайындаймыз?
Қазіргі журналистика – сауатты һәм көркем жазумен қатар жан-жақтылықты, техника мен мультимедианы меңгеруді, бірнеше тіл білуді талап етеді. Бұл ең басты деген талаптар ғана. Бұдан басқа да түрлі критерийлер бар. Журналистиканың күрделенуіне орай оқу орындары да білім бағдарламаларын күшейтіп, түрлі бастамаларды іске асыруда. Бұл орайда қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Журналистика факультетін ерекше атай аламыз. Факультеттегі Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаевамен сұхбаттасу барысында көп нәрсеге қанық болдық.
«Еуразия» басталды
30 маусым «Қазақстан» орталық концерт залында Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған шара биыл он бесінші мәрте өткізіліп отыр. Салтанатты рәсімде отандық және шетелдік кино жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп, естелік суретке түсті.
«Нұрлы көш» «ұлы көшке» ұласса...
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы қабылданған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы  шет елдердегі қандас бауырларымызды мың-мыңдап елге көшіріп әкелуге мүмкімдік беретін, сол арқылы қазіргі ел көшіп қаңыраған ауылдарды жанға, қыстау мен жайлауды малға, мектептерді балаға  толтырып ауыл шаруашылығын қайта өркендетуге мүмкіндік беретін оңтайлы мемлекеттік шара болатын.
Ұят болып жүрмесін...
Жаз мезгілі тек балалардың демалып шаттыққа бөленетін мезгілі ғана емес, сонымен қатар той уақытының да жиілейтін кезі. Алысты жақындатқан қуаныштың  бірі жақында елордамызда өткен үйлену салтанаты болатын. Киіз үй құрып, құдаларды күт­кен­дер келінді шырайлы Шымкенттен түсірген еді. Осы тойда бір қызық болды, шыжық десе де болады...
Зерделі Зеренді
Кең-байтақ өлкеміздің қойнауын табиғат байлығы бөктіріп жатыр. Олардың қатарында нулы орманымен, хош иісті шөбімен белгілі Зеренді де бар. Қарағайдың балтырын өбіп, батар күннің жалқынымен жарысатын айдын көлдің сұлулығын тек көзбен көру керек.
– Толқыныңның келбеті,
Тау түсіндей көк мұнар.
Кең болса да жер беті,
Өзіңдей көл жоқ шығар, – деп ақындардың кеудесіне дәл өзіндей өлеңді құя салған белгілі өлкеге «Айқын» газетінің ұжымы да аяқ басты...
Мемлекеттің күші – бірлікте
Елордада Nur Otan партиясы қолдауымен «Біз біргеміз!» атты митинг өтті. Nur Otan партиясы мүшелері, Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Партияға – жаңа хатшы
Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партияның хатшысы қызметіне Жігер Қалиев тағайындалды.
Халықтың айтарын тыңдай білу керек
Nur Otan партиясы Төраға­сының Бірінші орынба­сары Бауыржан Байбек партия­ның Орталық аппараты ұжымы­мен кездесті. Ол жиында партияның алға қойған жаңа міндеттері мен жұмыс бағытына тоқталды.
Көлік-логистикалық әлеуетіміз артады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Ұлттық компания басшысы темір жол көлігі саласының қазіргі даму жағдайы және келешегі туралы ақпарат берді.
Партияның міндеті – қоғамдық бақылауды күшейту
Қазақстан Президенті Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.
Елді өркендетуге қызмет етеді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің көшбасшы партиясының елордадағы орталық аппаратына келіп, Nur Otan партиясы Төрағасының жаңадан тағайындалған Бірінші орынбасарын таныстырды.