"Айқын" газеті №103

"Айқын" газеті №103

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Жеңілдей ме десең, ауырлайды
  • Табиғат тоқыраса, ол – бір түрме
  • Болат Палымбетов: Цифрландыру не үшін қажет?
  • Гендерлік стереотиптер. Ол не?

Материалы номера
ASTANA FINANCE DAYS: Үздік қаржы платформасы құрылды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырған Astana Finance Days  конференциясы шеңберінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО сотының ғимараты мен Халықаралық арбитражды орталығы ашылды.
Басты міндет – заңдылықты сақтау
Мемлекет басшысы Қазақстан Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.
Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы бар­лық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өт­кізіл­ген.
«Қасиетті домбыра» байқауы өтті
Ұлттық домбыра күніне орай Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанатымен «Жас Ұлан» балалар мен жас­өспірімдер ұйымы бірле­сіп, «Қасиетті домбыра» рес­публикалық байқауын өткізді.
Көпшілікке ыңғайлы отандық автобус
Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауқымды шаралар атқаруда.
Алғашқы аукцион
Nur Otan партиясы қызметін жаңғыртып цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған  20-дан астам әлеуметтік, стратегиялық, бастамашыл  жобаларды жүзеге асырып келеді.
Заңгерлік көмек – халыққа қажет
Nur Otan партиясының «Заңгерлік көмек» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында қоғамдық қабылдау өтті
Штаб мүшелері алғыс алды
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғысхат тапсырылды. Марапаттау рәсіміне Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысты.
Жеңілдей ме десең, ауырлайды
Жыл сайын бір көрініс: жазғы каникулға, еңбек демалысына шыққан азаматтар баратын жағына бара алмай, сандалады да жүреді; пойызға билет табу бір мұң, ұшақтың билеті қымбат; екі ортада халық қиналыс табады. Бұрынғыдай кассаның алды толған кезек, электронды жолмен билет сатып алушылардың да маңдайы тасқа жиі тіреледі.
Баспана кезегін онлайн бақылайды
Қазақстандықтар тұрғын үй кезегінің жыл­жуын online режимде бақы­лай алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті. Әкімдіктердегі баспана кезегінің ашық, айқын болмауы – көкейкесті мәселелердің бірі. Азаматтар таяп қалған кезегінің тосыннан жүздеген орынға кері сырғығанын бір-ақ біліп, наразы болып жатады.

Үкіметтің міндеті – ел тұрмысын жақсарту
Қазақстанда әлеумет­тік шаралар тек нақты мұқтаж азаматтарды қолдауға ғана бағыттала­ды. Бұл туралы Премьер Асқар Маминнің төраға­лы­ғымен өткен Үкімет отырысында мәлімделді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру стратегиясының жалғасы саналатын әлеуметтік мәселелерді шешу бойын­ша тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
Мәскеуге барып қайтты
Қазақстандық қалаулылар атынан Сенат депутаты О.Перепечина 1-3 шілде аралығында Мәскеуде өтіп жатқан «Парламентаризмді дамыту» атты ІІ халықара­лық форумының жұмысына қатысты.
Өзгеріс пен толықтыру
Ішкі істер министрлігі бірқатар минитрлікпен байланыс орнатты. Нәти­жесінде, түрлі заңға өзгеріс пен толықтыру енгізіліп, ереже қабылданды.
Білімге даңғыл жол салған
Қазір елімізде бірнеше оқу орындары студенттерге білім беріп, жыл сайын мыңдаған түлекті еңбек нарығына қарай ұзатып салып жатыр. Әрбірінің өзіндік бағыты бар. Ал Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі соңғы уақытта цифрланды­руды мықтап қолға алған мемлекетіміздің басты бағдаршысына айналар білім ордасы іспетті. Себебі, мұнда робототех­никаны жете меңгерген, техникасы мен интеллекті қатар дамитын мамандар даярлануда.
Табиғат тоқыраса, ол – бір түрме
Қазақ халқының ежел­ден-ақ табиғатпен тынысы бір болған. Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыздан бастап, халықтық мерекелердің көбі қоршаған ортамен байланысты болып келеді. Табиғаттағы құбылыс­тарды жіті бақылап, оларды тіршілігінің ұстыны еткен көшпелі ата-бабамыз Жер ананы аялауды ұрпаққа аманаттап қалдырды.
Жазушыларға арналған жаңа жоба
Ұлттық академиялық кітапханада Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Smart qalamger жобасының тұсаукесері өтті. Мәдениет және спорт министр­лігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен қолға алынған жобаның ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдеш, белгілі қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Сейіт Қасқабасов. Қуаныш Жиенбай сияқты қаламгерлер бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Шыңғысхан» би тілінде сөйледі
«Наз» мемлекеттік би театры көрермен назарына «Шыңғысхан» хореографиялық қойылымын ұсынды. Бұған дейін өнерсүйер қауым жер жүзіне даңқы жайылған алып хан туралы талай драмалық туындыны тамашалағаны рас. Бірақ бұл жолы ол алғаш рет би тілінде сөйледі. Сондықтан спектакль алдында тарих ғылымының докторы, түрко­лог, қойылымның ғылыми кеңесшісі Қаржаубай Сартқожа бастаған өнер қайраткерлері баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Театрға тарту
Қостанай облыстық қазақ драма театры көрермендеріне «Жорықты жылдардың жігерлі жырлары» реквием жанрындағы спектаклін ұсынды. Қоюшы режиссер театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан болса, авторы – белгілі журналист, жазушы, ақын Абылай Мауданов. Қойылымға ризашылық білдірген белгілі меценат Өмірзақ Бекділдаұлы театр ұжымына 1 миллион теңге тарту жасады.
Баланың уақыты бос кетпесін
Ұлттық бірыңғай тестілеу күні аяқталды. Әркімнің бағына бұйырған баллы да белгілі болды. Бірі армандаған оқу орнында, қалаған мамандығында оқуға бір қадам жақындай түссе, енді бірі келесі сынаққа күш жинасам ба, жоқ әлде ақылы түрде оқи берсем бе деп әлек. Ерекше атап өтер бір жайт – биылдан бастап білім гранты мамандыққа емес, білім беру бағдарламалары тобына беріледі. Жақсы тұсы сол – жоғары оқу орнына түскен соң, қалаған оқу бағдарламасын таңдай аласыз. Осы ретте ата-аналар мен талапкерлерге мамандық таңдау турасында біршама кеңес айта кеткен де артық болмас.
Үйлену оңай, ажырасу одан да...
Неке мен гауһар тойдың арасында қилы тағдыр бар. Елімізде 5-9 жыл некеде тұрғандар жиі ажырасады. Шетелде де осындай көрсеткіш тіркеліпті. Ағаш той мен жанан тойдың арасында не бүлінеді? «Көсегең көгерсіннің» бекер айтылмайтыны осыдан болар.
Денсаулық және қауіпсіздік
Елбасының көреген саясатын тағы бір қырынан айқындаған жоба – Ұлт жоспары, яғни бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» екені анық. Ұлт жоспарында денсаулық сақтау саласы да кеңінен айтылған. Медициналық қызмет сапасы – барлық мемлекет үшін, оның ішінде дамыған мемлекеттер үшін де өте маңызды мәселе. Бұл ретте барлық азаматтарды  сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етудің де алар орны ерекше.
Беттер: 1 2 Келесі