"Айқын" газеті №104

"Айқын" газеті №104

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Неге бұлай?
  • Қоңыраудан қашқан қазақтар
  • Тұрмыстық жемқорлық азаяр емес
  • Әлібек Асқар: Мәселе – сөзде емес, қаріпте...
  • Жастар күзде баспана алады

Материалы номера
Ұжымдық шарт жасағанның ұтары көп
Бүгінгі таңда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы байланысты тереңдетіп, еңбек жағдайын жасау, қауіпсіздік техникасын сақтау, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді ұсыну сияқты еңбек қатынастарын реттеудегі басты құжат – ұжымдық шарт. Кәсіподақ мүшесінің заңды құқы мен әлеуметтік мүддесі Еңбек кодексін басшылыққа алған ұжымдық шарт негізінде қорғалып келеді.
Ауылға бұйырар енші бар
Табыс көзі болмаса, ауылдан жастар ғана емес, еңбекке қабілетті барлық адам кетеді. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызме­тінде ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қияндағы ауыл тұрғында­рын жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынатынын баяндады.
Жаңа мұнай кен орындары игеріледі
Үкіметте «Дунга» және «Абай» кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды. Оның алдында Үкімет басшысы Асқар Ма­мин кен барлау және өндіру жөніндегі прези­ден­ті Арно Брёйяк бастап кел­ген француздық Total өкілде­рімен келіссөз жүргізді.
Ауқымды әрекет алда
Мәжіліс спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен палатаның төртінші сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Осыған орай, Мәжіліс төрағасы өткен сессия жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, депутаттар өз жұмысында бірінші кезекте, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің былтырғы қыркүйекте осы сессияның ашылуында, сондай-ақ Жолдауда айқындаған стратегиялық бағыттарына бағдарланды.
Сенат жұмысын түйіндеді
Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Жоғарғы палатаның сессияжабар отырысы өтті. Онда сенаторлардың 4-сессиядағы жұмысын қорытындылаған Д.Назарбаева өткен жылдың қыркүйегінен бері депутаттар  халқымызбен бірге Қазақстан мемлекеті үшін аса жауапты әрі тарихи оқиғалардың, тағдырлы шешімдердің куәсі болғанын еске салды.
Тұрмыстық жемқорлық азаяр емес
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ағарту, алдын алу және жазалауды ұтымды ұштастыра отырып іске асырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық қудалау институты да күшейіп тұр. Ол дұрыс та. Құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазалау әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етеді. Алайда сыбайлас жемқорлық, пара беру тыйылар емес.
Еңбек әділ бағалануы қажет
Атырауда жергілікті атқарушы билік пен жұмыс беруші ірі мұнай компания­лары мен мердігер компа­ниялар басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиында қордаланған мәселелердің неден туындағаны мен оны заңды түрде шешу жолдары қарастырылды.
Рұқсат етілмеген акция өткізбек болған
Алматы қаласының төңі­регінде рұқсат етіл­ме­ген митинг акциясын өткі­зуге әрекет еткен қылмыс­керлер құрықталды. Олар акция өткізуге тыңғылықты да­йын­далған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспа­сөз қыз­метінің басшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Парасат пен ізеттілікті үйретеді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, «Студенттерді парасаттылық пен ізеттілікке баулу» жобасын іске қосады.
Бұл туралы жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және жоғары оқу орындары ортасында әдептілікті насихаттаудың әдіснамалық негіздеріне арналған ғылыми семинар барысында айтылды. Оған «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдері, Алматы қаласындағы ЖОО оқытушылары, этика және құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.
Мәселе – сөзде емес, қаріпте...
Әлібек Асқар, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың бас директоры:
Ақұштап ақын ауыл-аймақтың құшағында
Қазақстан Мемлекеттік  сыйлығының  және халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының  лауреаты, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,   «Құрмет» орденінің  иегері, ақын  Ақұштап  Бақтыгереева биыл 75 жастың төріне шықпақ. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған шайырдың  үшбу мерейтойына орайластырылған әдеби-мәдени шаралар Батыс Қазақстан облысының аудан-ауылдарында ұйымдастырылып, оқырман қауым Ақұштап ақынның ақ жауындай ақ желең өлеңдерімен сусындап жүр. Осындай жыр кештері күні бүгінге дейін Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов, Сырым және Қаратөбе  аудандарында өтті. Былтыр жыл соңына таман «Ана сыры» кітабы үшін Отанымыздың әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлығына ие болған ақын ауыл-аймақтағы оқырманымен сағына қауышып, ел ішіне, халық арасына рухани шуақ шашып келеді.
Шеттен келген бауырлар саяхаты
«Нұрлы жол» стансасында «Туған елге саяхат» балалар туристік пойыз жобасының кезекті маусымы басталды. Биыл 200 бала Қазақстанның көрікті және тарихи орындарын аралайды.
Қоңыраудан қашқан қазақтар...
Бүгінде өмірімізді ұялы байланыссыз елестете алмаймыз. Бір күн телефонсыз жүрсек, бүкіл шаруамыз шешілмей қалатындай.
Баламыз да телефонға әуес.
Атамыздың да құлағында телефон.
Сүйіншіні телефонмен сұраймыз.
Көңілді телефонмен айтамыз.
Ұнамағанды «қара тізімге» жібереміз.
Ең өкініштісі, осы адамдардың дені банктің «қара тізімінде» тұрғандар. «Қарызды қашан қайтарасыз?» деген сауалмен хабарласқан қоңыраудан қашқан қазақтардың қарасы өте көп, өте...
Теңдессіз Тоғызбаев
Ол математик болуды армандады. Мектепті өте жақсыға бітірді. Бірақ бала арманы тұрмыстың жетегін­де кетті. Оған себеп әкесінің өмір­ден ерте кетуі мен ана­сы­ның науқастанып қалуы  еді. Иек артар ағасы дәрігер болуға бағыт-бағдар берді. Кейіпкеріміз Асылбек Тоғызбаевтың медицинада­ғы саналы өмір жолы осылай басталды.
Қас-қағым...
Қазақстан жол апаты бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Елімізде жолдағы апаттың деңгейі Норвегиядан 11 есе көп. Бұл нені білдіреді? Бұған себеп – көліктің көбеюі ме, әлде адамдардың салғырттығы ма?
Жастар күзде баспана алады
«Жастар жылын­да» жастарды қолдау мақсатында Жол картасы жүзеге асады. Баспанамен қамту мәселесі күзге дейін шешімін табады.
Арыс: әрбір сектордың жұмысы жіті қадағалауда
Арыс қаласындағы жөндеуді қажет ететін үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыратын болды.  Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тапсырмасы осындай. Әкім сондай-ақ құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытында атқарылуы керегін де шегелеп айтты.
«Балдәурендегі» домбыра күні
«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Жылына 16 ауысым өтеді. Оқу-сауықтыру орталығы еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 300-ге жуық баланы қарсы алады. Қазір орта­лық «STOP кадр» киносүйерлер мен цирк артисте­рі фестивалі атты 8-ауысымды қарсы алған. Орталықта жас актерлер, цирк өнерпаздары, жас блогерлер, журналистер мен оқу озаттары демалып жатыр.
Мүмкіндігі мол мобильді қосымша
Nur Otan партиясының қолдауымен өткен ІТ тех­нологиялар байқауына өскемендік жастар да белсенді қатысты. Өске­мен­де өткен жиында жеңім­паздар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Шаттыққа бөленген отбасы
Астана күні қарсаңында Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасының нәтижесі айтылды.
Беттер: 1 2 Келесі