"Айқын" газеті №106

"Айқын" газеті №106

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Азаттық айбыны
  • Бес әлеуметтік бастама: газдандыру барысы дұрыс па?
  • "Қазақ" деп қойдым атыңды!
  • Табиғи өсім төмендемесін
  • Сәбит Досанов: Ел бақытты болмай, ер бақытты болмайды

Материалы номера
Жасы кіші демеңіз...
Биыл Жастар жылы болғандықтан жас мамандарға, соның ішінде белгілі бір кәсіппен айналысуды қолға алған іскер әрі талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соның бір көрінісі –  дарынды жастардың бойында кәсіпкерліктің, азаматтық белсенді тұлға мен көшбасшы құндылықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған «Зерен – 2019» республи­калық танымдық жастар жазғы лагерінің ашылуы.
Ақиқат сөзде емес, нақты істе...
Алматы қаласында Nur Otan партиясы бейбіт митинг өткізді. «Сарыарқа» саябағына жиналған алматылықтар арандатушыларға қарсы пікірлерін ашық айтып, ойын ортаға салды.
Қар барысын қалай қорғаймыз?
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиясында: «2030 жылға қарай Қазақстан Ортаазиялық Барысқа айна­лып, басқа дамып жатқан мемлекеттерге үлгі болаты­ны­на сенімдімін», – дей келе, қар барысы Қазақстан­ның символы­на айналу керегін айтқан еді. Бүгінде қызыл кітапқа енген таби­ғат қазынасының жер бетінен күрт азаюы әлем ғалымда­рын алаңдата бастады.
Бас жүлде – Әсима шеберде
Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық домбыра» күніне орай домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлері арасында «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтті.
Айбатты әскер – ел қорғаны
Әскері мықты мемлекеттің сұсы басқа елдің мысын басып тұрады. Өз қорғанысыңа жете мән бергендер,  бірінші кезек­те ше­карасын белгілеп алғанда, ел мен жердің тыныштығы, бей­біт өмірді қорғауды ойлайды. Қазақстанда да осындай мис­сия өз жемісін беруде. Бүгінгі таңда әртүрлі оқу-жаттығу­лардың әскери орталықтарда үздіксіз өтіп жатуы – осының айғағы.
«Алтын тұғыр» жарыққа шықты
«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Ұлттық акаде­мия­лық кітапханада «Алтын тұғыр – 2019» ІІІ томдық әдеби жинағы­ның тұсаукесері өтті. Жинаққа «Ауылым – алтын  тұғырым» әдеби онлайн конкурсына қатысқан шығармалар поэзия, проза, дра­ма жанр­ла­ры бойынша топтастырылған. Әдеби жинақтың тұсау­кесер салта­на­тына зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушы­лар, драматург­тер, кон­курс­тың 2018 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Жауынгерлік өнер фестивалі өтті
«Жекпе-жек» сарайын­да Жауынгерлік өнер фестивалі өтті.

Табиғи өсім төмендемесін
Ел тәуелсіздігі 1991 жылы жарияланды. Егер ел халқының демографиялық жағ­да­йын­да үлкен өзгерістер болса, оның барлығы өткен 28 жылдың еншісінде. Қолда бар деректерге талдау жасайтын болсақ, 1991-2018 жылдар аралығында республика хал­қының жалпы саны бар болғаны 1799,1 мың адамға өскен немесе 111,0 пайызға арт­қан. Мұнда халық санының өсуі туғандар мен өлім-жітім көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтың біртіндеп өсуіне, яғни табиғи өсімнің жылдан-жылға артқандығы бай­қалады. Мысалы, көрсетілген уақыт аралығында республика бойынша 8418,2 мың сәби дүниеге келсе, оның 5816,6 мыңы, яғни 69,1 пайызы қазақтан туған. 4000,6 мың адам қайтыс болған, оның 1533,4 мыңы немесе 38,8 пайызы қазақтардың үлесіне тиесілі.
Ел бақытты болмай, ер бақытты болмайды
Қаршадайынан-ақ қолынан қаламы түспеген қарымды қаламгер қазақ әдебиетінің дамуына өзінің зор үлесін қосып келеді. Мемлекеттік сыйлықтың, Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты жазушы Сәбит Досанов­тың сыр сұхбатында бір сәт оның балалық шағына саяхаттай отырып, шығармашылығына үңіле түсеміз. Ол кісінің өмір өткелдерінде басынан өткізген маңызды әрі қызықты сәттері қамтыл­ған осынау сұхбатты оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Жастардың көзқарасы бәрінен де маңызды
Жастар жылы аясында Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанаты республикалық Jastar alańy – 2019 пікірсайыс турнирін бастады. Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырып отыр.

Қыркүйекте таза ауызсуға қол жеткізеді
Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара ауданына жұмыс сапарымен барды.
Диснейдің саундтрегін қазақ тілінде шырқады
Алматы Disney компаниясының лицен­зиясымен ресми киноконцерттер өтетін әлемдік астаналар тізіміне енді.
Алматыда нейрореабилитациялық орталық құрылады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен МакГилл университеті (Канада) медицина саласындағы ынтымақтастық және бірлескен нейрореабилитациялық орталықты құру туралы меморандумға қол қойды.
Көне қолжазба – рухани байлық
Нұр-Сұлтанда Ұлттық академиялық кітапханада зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ЮНЕСКО Ұлттық комитетінің «Әлемдік мұра» бағдарламасы және Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау  бойынша комитет жиыны өтті.
Елорда күніне тарту
Елорда күні Талдықор­ған­дағы ел-жұрт үшін үлкен жаңалық болды. Соның бірі және ең бастысы ретінде облыс орталығындағы жаңа тұрғынжай алабында пайдалануға берілген үш бірдей 16 қабатты, 230 пәтерлі үйді айтуға болады. Бұл үйлердің басқалардан ерекшелігі – алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының да осында орналасқаны. Құрылыс «Нұрлы жер» инфрақұры­лым­дық даму бағдарламасы аясында жүргізіліп, бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкінде салымдары бар азаматтар баспана алды.

Азғырлықтар көгілдір отынмен қамтылды
Ресей елімен шекаралас Құрманғазы ауданының Азғыр өңіріне газ құбыры тартылып, іске қосылды.
«Қазақ» деп қойдым атыңды!
Қазақстан аумағындағы жер-су және басқалары­ның атаулары қазақы болмаса не болады? Уақыт өте болашақ ұрпақ жердің киесі, елдің иесі кім екенін байыптай алмай, жаңылы­суы ғажап емес. Мәселен, Павлодар облысын – тұтас өңірді «бізге Павл сыйлаған екен» деп ойлауы ықтимал. Демек, атымыз қазақ екен, ендеше, әр затымыздан қазақылықтың иісі аңқып тұрғаны абзал.
Атыраудың Арысқа көмегі
Арыс қаласында Атырау облысына бөлінген аумақ  бойынша жұмыстар атқарылуда.

Шымкент бес жылда түрлене ме?
Ел Үкіметі Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі «Кешенді жоспарын» қабылдады. Бұл құжат Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмалары бойынша және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа мегаполиске іссапары кезінде қойған нақты міндеттер аясында әзірленген екен.
Бес әлеуметтік бастама: газдандыру барысы дұрыс па?
Бүгінде ел тұрғындарының 50 пайызға жуығы газбен қамтамасыз етілген. Өңірлер бойынша айтсақ, 9 облысқа газ тартылған. Ал еліміздің орталық және солтүстік өңірлері әлі де газсыз отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде газ өндіру жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артыпты, әлі де арта бермек. Себебі, елді газбен қамтамасыз ету жалғасады. Бұл жөнінде Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 5 наурызда жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»   үндеуінде айтқан болатын.  
Беттер: 1 2 Келесі