"Айқын" газеті №108

"Айқын" газеті №108

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Әркімге – әрқалай, бұл қалай?
  • Жалған ақпарат "жарға" жығады
  • Кәсіпкердің көлеңкесі
  • Дермене
  • Көбею – көптің қалауы

Материалы номера
Талапты күшейту – қажеттілік
Парламент Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтаудағы тұрғын үй, коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттардағы нысандарды жылумен, сумен қамтуға жауапты «Каспий жылу, су арнасы» МКК ұжымымен кездесу өткізді.
Балалар жобасын қолдайды
Алматыда балалар құқығын қорғауға арналған Biz bolashaq urpaqpiz конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Зауыттың мәселесі жеке қаралмақ
Нұр-Сұлтан қаласында Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері «Экотон+» АҚ автоклавты газдандырылған газ блоктарын шығаратын зауыттың ұжымымен жүздесті.
«Баламекеннің» құрылысымен танысты
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Байділда Жылқышиев, Тарас Хитуов «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен танысып, тұрғындармен жүздесті.
Жалпы жағдайға қанықты
Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Глеб Шегельский, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Ольга Шишигина, Абай Тасболатов және Құралай Қаракен екі жыл бұрын іске қосылған Қазақстан мұнай жабдықтары зауытына барды. Зауыттың тыныс-тіршілігімен «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС директоры Гэ Пай Сян таныстырды.
Сот шешімі сапалы болсын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Жалған ақпарат «жарға» жығады
Әлеуметтік желіде ақпарат ағыны қатты. Оның ішінен расы қайсы, өтірігі қайсы деп ойландыратыны тіпті көп. Әсіресе, ел онсыз да әбігерге түсіп жатқан сәтті пайдаланып, одан әрмен дүрліктіретіндер жетіп артылады. Қайбір жылдары «банктегі ақшаларыңнан айырылғыларың келмесе, дәл қазір барып шешіп алыңдар» деген сияқты хабарлама тарағаны көптің есінде болар? Сол сияқты күні кеше Арыста болған оқиға турасында да алып-қашпа әңгіме аз айтылмады. Мұндай жалған ақпарат таратушылармен күрес, әлбетте, керек. Қанша жұрттың қысымын көтеріп, сары уайымға салғаны үшін заң жүзінде жауап бергені жөн.
Әркімге – әрқалай, бұл қалай?
Заң үстемдігі деген ұғым бар. Кез келген азамат заң алдында бірдей деген тағы бар. Өкінішке қарай, осы мәселеге келгенде жаңағы заңымыз әркімге әрқалай: біреу түйені түгімен жұтып жатса да құтылып кетеді; енді біреу болмайтын нәрсеге басы шатылып, жұтылып кетеді... Бұл қалай?
Кәсіпкердің көлеңкесі
Қазақстанның өне бойында шіліңгір шілденің ми қайнатар ыстығы үстемдік етуде. Аспан айналып жерге түскендей, төңіректің бәрі отқа оранғандай алапат аптап апшыны қуырып барады. Даладағы жоғары температурадан есінен тана жаздаған тіршілік иелері көлеңкеге тығылып жан сақтайды. Осы сияқты экономи­када да жан төзгісіз жағдайлар, дағдарыс­тар орнағанда, кәсіп­керлер құзырлы орган назарынан, күнгейден кетуге тырысады. Кәсіпкерліктің көлеңкелі жағы көбейеді.
Арыстықтардың алғысы шексіз
Бейбіт өмірде үрейлендіріп, Арыс қаласын  отқа ораған алапат жарылыс еліміздің тұрғындарын алаң­дат­ты. Алғашқы күннен-ақ арыс­тықтарды жарылыс болып жатқан аумақтан алшақтату, ауызсумен қамтамасыз ету секілді жұмыстар халық  тарапынан жедел ұйымдас­тырылды. Бүгіндері Арыс қаласына  оралған тұрғындардың жарылыс­тан тас-талқан болған үйлерін қайта жөндеу, жөндеуге келмейтіндерін сүріп тастап қайта құрылысын салу жұмыстары қарқын алды. Үкімет тарапынан барлық аймақтың әкімдеріне осы жұмысты тиянақты орындау тапсыр­масы берілді. Бүгіндері осы тапсырманың нәтижелеріне куә болудамыз.
Күнгейдің мәселесі шешіле ме?
Қарағанды қаласындағы Күнгей ықшамауданындағы су, жарық, жол мәселесімен 12 жылдан бері айналысып келемін. Бастамашыл тобымызда бұл мәселемен 14-15 жылдан бері араласқандар бар. Біздің ең өзекті мәселеміз  – электр қуаты мен судың жоқтығы.  Сосын жол мәселесі. Көктем мен күзде жаңбыр жауса, жолда жүру мүмкін емес. Қыста қар тазаланбайды. Боранды күндері үлкендер жұмыстан, балалар сабақтан қалады. Ықшамауданға автобус мүлдем кірмейді.
Арзан бағадағы жәрмеңке
Бүгінде Арыс қаласын тез қалпына келтіру мақсатында түрлі бағытта жұмыс жүріп жатыр. Тек қана жанданған құрылыс жұмыстары емес, халық­тың тұрмыс-тіршілігіне де баса назар аударылып, әлеуметтік қолдау жасалуда. Осыған орай, бүгін қалада екі жүз тоннадай ауыл­шаруашы­лық тауарлары арзан бағаға берілген  жәрмеңке ұйымдастырылды.
Мұнайлы елдің мұраты
Кезінде Фариза апамыз жырға қосқан «буырқанған қара көк дария» мұнай – базбір бейпіл ауыздар айтып жүргендей, «ресурстық қарғыс» емес, шын мәнінде, қазақтың мақтанышы. Жаратқан иенің төрткүл дүниедегі елдердің тек санаулысына ғана бұйыртқан қазынасы. Мәселе тек осы ен байлықты ұтымды пайдалануда, ұқсата білуде.
«Бастау» – кәсіпке үйретудің үздік үлгісі
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің төртінші бастамасы жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беруді көздейді. Былтыр жария етілген бұл бастама 2016 жылы іске асырылған «Бастау» пилоттық жобасына негізделген. Жобаның тиімділігі белгілі болған соң, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бастаудың» сәтті тәжірибесін жалғастырып, жас кәсіпкерлерге арналған бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.
Көбею – көптің қалауы
Қазақтың санын көбейтпей, ел тәуелсіздігін баянды ету мүмкін емес. Ұлт келешегіне қатысты мәселенің ең маңыздысы – халқымыздың демографиялық өсімі. Дәл қазір бұл мәселені шешу үшін бізге көп мәселеге сын көзбен қарау керек. Бүгінгі ұлт ретіндегі санымыз елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма? Бұл жолда қандай шараларға баса көңіл бөлуіміз керек? Осы әңгіменің төркініне төсек салып көрген едік...
Еуразияға ашылған терезе
4-5 шілде күні Ұлттық музейде Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының астаналық филиалы және «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала күніне орай «Еуразия астаналарының қаламгерлері» атты екі күндік халықаралық форум өтті.
Дермене
Осы бір өсімдік атауын ең алғаш 1967 жылы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Білім және еңбек» журналында жарияланған деректі шығармасынан оқып білгенбіз. Ол туынды қаламгердің Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби туралы жаңадан жаза бастаған «Ұстаздың оралуы» атты тарихи романының алғашқы фрагменттері еді. Міне сонда Әбунасыр бабамыздың әкесі үлкен қолбасшы болғаны, көктем шыға бере ол кісі шаһардан әскерін шығарып, алыстағы далада жаттығу жүргізетіні айтылады.
Тәуелсіздік түлеткен Теректі
Теректі – облыс орталығы Орал қаласына жақын аудандардың бірі. Иә, аудан орталығы Орал қаласынан 40-45 шақырымдай жерде болғанымен, Теректі халқының саны һәм жер аумағы жөнінен Батыс Қазақстан облысының ең ірі аудандарының бірі. Территориясы өзен-көлмен жомарт торланғандықтан орман-тоғайға, яки табиғи жасыл желекке бай Теректінің табиғаты әдемі екені кім-кімге де түсінікті болса керек.      
12-нің қайсысы? Таңдау – Әселде
Әдетте, мектеп бітірген түлектер «қай оқу орнына грант бұйырар екен, мені таңдаса етті» деп тілейді. Дегенмен оқу ордаларын таластырып қоятын дарынды жастар да болады. Білдей шетелдік оқу орындарының талаптыларды сонау жерден танып қоятын қасиеті бар. Елімізде шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы университеттеріне шақырту алған талапкерлер аз емес. Биыл ондай білімді жастың қатары тағы бірге көбейді. Әңгіме 19 жасында 12 жоғары оқу орнына шақырылған Әсел Рабатова жайында.  
Дастарқанда – мәрмәр ет
Ақмола облысы Щучинск қаласында америкалық технологиямен мәрмәр сиыр етін өндіретін KazBeef Group компаниясының осы саладағы ең ірі ет өңдеуші кешені  ресми ашылды.
Беттер: 1 2 Келесі