"Айқын" газеті №129

"Айқын" газеті №129

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Жарна жинау тоқтатылмақ
  • Еңбек дауын еселейтін – аутстаффинг
  • Ұшақ пен құстың айқасы
  • Әкең келе жатыр...
  • Алматыны кептелістен құтқару: Самокат дәуірі орнайды

Материалы номера
Қазақтың тағамын қалай танымал етеміз?
Өзге елге сапар шеккенде алдымен сол елдің мәдениетімен, өнерімен және көрікті жерлерімен танысасыз. Ал асқазаныңыз «сигнал» беріп, үш арсыздың біреуі мазалай бастағанда, бабы мен дәмін келтіріп ас әзірлейтін орын іздеп, ұлттық тағамынан дәм татқыңыз келетіні рас. Елімізге келген туристер де дәл осындай жағдайды бастан өткізеді. Бізде қазақ тағамдарын әзірлейтін дәмхана, мейрамхана көп деп айтуға келмейді. Сол санаулы мейрамханаларға өзімізден гөрі шетелдіктер көбірек бас сұғады екен.
Жыр болған «Астанафильм» немесе жоба неге тоқтатылды?
Бұдан бір жыл бұрын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сол кездегі  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астанафильм» жаңа киностудиясы құрылады деп жалпақ жұртқа жар салған болатын.
Соғыс жылғы бала, бүгінгі аға
Қазақтың даналығы мен даралығына кім шек келтіре алады? Ол даналық пен даралық үлкеннің бойынан, кішінің ойынан табылып отырған. Үлкені ақыл айтса кішісі құлағына құйып, соған ұйып тірлік жасаған. Кішісі кемел шықса үлкені оны кішіге санамай, кісіге бағалап, айтқан сөзіне құлақ қойған. Тәйт демей, қатарына тартқан. «Бәрекелді балам, бүгін бала болғанмен ертең дана, елге пана боласың», – деген.
Қолы алтын дәрігер
«Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» дейді халық даналығы. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі, тіпті, артық. Әсіресе,  медицина – жүгі ауыр салалардың бірі. Оның ерекшелігі сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сондықтан олар ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болады. Кейіпкеріміз Нұрлан Батпенов те адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын қолы алтын дәрігер.
Қаламының бізі бар, баспасөзде ізі бар
Базарбек Атшабаров есімі өткір тілді журналист ретінде аға буын оқырмандарына жақсы таныс. Оның оқығанға ой салатын, көкейдегіні дөп басатын фельетондары анау жылдары аудандық газеттің бетінен түспейтін. Жергілікті баспасөзде жемісті еңбек еткен ардагер бүгінде сексенге толды. Абыздық жастағы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері кезінде «Жетісу», «Лениншіл жас» газеттерінде де қызмет еткен.
Пайдасы мол қарқынды жоба
Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғанда, тек алысты жақындататын жол құрылысы туралы айтылмай, жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамтамасыз ету, отандық кәсіпкерлерді қолдау сынды мәселелер де шешімін табатыны туралы айтылды. Осы жоба арқасында аталмыш мәселелер оң шешімін табуда.
Еңбек дауын еселейтін – аутстаффинг
Еңбек қатынастары саласында шешілмеген мәселе жетерлік. Олар ушығып, көпіршіктей үріле келе еңбек даулары мен жанжалдар түрінде жарылады. Түйіні шиеленіскен түйткілдердің бірі – аутстаффинг. Ол мәселен, былтыр елордада «сақалды құрылысқа» айналып бара жатқан Әбу-Даби Плаза заңғар ғимаратын салуға тартылған қазақстандық жұмысшылардың жаппай ереуіліне соқтырды.
Жарна жинау тоқтатылмақ
Өзінің заңда белгілен­ген міндеттерін толық әрі дұрыс атқаратын партия – кез келген елдегі саяси өмірдің маңызды бөлшегі саналады. Сон­дықтан да елдің дамуына ықпал етіп, қоғамның алға ілгерілеуіне қозғаушы күш болатын саяси институт­тардың жұмысына мемле­кеттік деңгейде қолдау білдіру тәжірибесі кең тараған. Көп мемлекет заңында партияны қаржы­ландыру­дың бір тетігі «мемлекеттік бюджет» деп көрсетілген. Бұл ұйым қызметін жүргі­зуге пар­тия­ға мүше аза­маттардың жарнасы мен демеушілер қаржысынан бөлек, мемлекет те қатысатынын білдіреді.
Әр адам дарын иесі
Биыл – Жастар жылы! Әркім өз бойындағы қабілетін көрсетіп, мерейін үстемдететін жыл. Әртүрлі жобалар ұйымдастырылып, әр өңірде үлкен шаралар өтуде. Бірақ бір әтеген-айы бар. Соны айтып өтсем деп едім.
Рухани сабақтастық
22 тамызда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда бағдарламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындысы қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды.
Фракция жаңа форматқа көшті
Nur Otan фракциясының жұмысы жаңа тәсілге сай қайта құрылады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі мәртебесінде фракцияның алғашқы отырысын өткізді.
Алматыны кептелістен құтқару: Самокат дәуірі орнайды
Қазір Алматы көшелерінен самокатқа мініп жүйткіп бара жатқан тұрғындарды жиі көресіз. Көлікпен кептелісте тұрғандардан гөрі солардың жолы жеңіл, шабысы жылдам сияқты. Қалай болғанда да қолайлы көлік түрі екені анық. Мұны аңғарған шаһар билігі осы жазда электр самокаттарын жалға беретін арнайы қалалық сервис ашқан.
Әкең келе жатыр...
«Қымбатты, Милләтжан, бір үйге бір ер азамат керек қой» деп мұртын сипалап, Қожаның шешесін айнал­соқтап жүретін Қаратай кімнің есінде?
Ал қазір өзге түгіл, өз «қаратайын» қуып, әкесіз бала тәрбиелеу­ден қорық­пайтын қоғамда отырмыз.
Тіпті мұның маңызды мәселеге айналғаны соншалық, «Жалғыз­басты әкелердің жайы», «Алимент­тен қашқан аналар», «Әке­лер қауымдастығы құрыл­ды», «Республикалық әкелер форумы өтті», «Әкелер институты керек»... сияқты түрлі тақырыптар­дың түндігі түріле бастады.
Сонда «әкенің айтқанын балғадай, ананың айтқанын малтадай» санайтын қазақ үшін шынымен асқар тау­дың аласара бастағаны ма?
Осы сауалды алдымызға көлденең тартып көрдік.
Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам
Елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сы­на Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, Саяси кеңес бюросының мүшелері, Мәжіліс пен мәслихаттағы фракция өкілдері, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысты.