"Айқын" газеті №130

"Айқын" газеті №130

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Алматы инфрақұрылымы: қателіктер мен жеңістер
  • Ерлан Саиров: Барлығы адам және адамның игілігі үшін...
  • Фракция – аса қуатты партиялық құрал
  • Шын мұқтаждарға ғана көмек берілмек
  • Масылдық – қоғам індеті

Материалы номера
Moody's рейтингі
Moody's Investors Service (Moody's) жергілікті және шетелдік валютадағы Қазақстан Үкіметі эмитентінің ұзақмерзімді рейтингін Baa3 деңгейінде анықтап, оның болжамын «тұрақтыдан» «жағымдыға» өзгертті.
Барсаның да бар кем тұсы
«Барселона» құрамының құны – 1 млрд евро. Кіл жұлдыздан құралған клуб. Мінсіз дерсіз.
Нұр-Сұлтанда қоныстой
Конституция күні қарсаңында «Берекелі баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кезекте тұрған көпбалалы отбасылар санатындағыларға 150 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына кіретіндерге 148 пәтер кілтін үлестірді.
Әке әлемі
Менің бұрынғы бала, қазіргі дана көңілімде Мақталы Алматыдан да, Ташкент, Мәскеуден де үлкен, қасиетті, тек қиял қанатына ғана сыятын жұмбақ әлем. Бұл жер – әкем Жолдасбек Сүлей­меновтің жастық жалыны, жүрек жылуы, қол­таң­басы қалған жер.
Кәсіпкерлердің құқы назарда тұр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын­да инвесторлармен кездесті. Кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық айма­ғы­ның басшысы С.Абдуллаев, «Атамекен» Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы­ның директоры Н.Қабыштаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев пен бірқатар бизнес өкілдері қатысты. Еркін форматта өткен іс-шарада аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.
«Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы» жасалмақ
Шымкент қаласы биылғы 2019-2020 оқу жылын 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік білім беру ұйымындағы «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасын» жасауды 294 мыңнан астам білім алушымен бастамақ. Бұл ақпарат Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өткен BILIM jane GYLYM конференциясында айтылды.
Шағын және орта бизнесті дамытатын мүмкіндік
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы ірі құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Қала басшысы құрылысқа жауапты мамандардың жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмағанын сынға алып, ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс қарқынын арттырып, мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керегіне назар аударды.
Халықаралық білім беру кластері салынбақ
Сингапурлық Kinder World International Group Ltd компаниясы Шымкент қаласында халықаралық білім беру кластерін салмақ. Аталған орталықтың құрамына балабақша, халықаралық мектеп пен колледж кіреді.
Сенатор бас сұққан шаңырақ
Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова атаулы әлеуметтік көмектің арқасында өз кәсібін ашып, жеке бизнесін бастаған көпбалалы ананың отбасына арнайы келді. Алты баланың анасы Тілләгүл Қарсыбаева Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының Көксай елдімекенінде тұрады.
Үлескерлер мәселесі шешіледі
Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі күні проблемалы 51 үлескерлік құрылыс нысаны бар. Негізгі түйткіл – құрылыс жұмыстары мерзімінің сақталмауы, пәтер құжаттарының жоқтығы, екі-үш қайтара сатылуы, құрылыс сапасының, инженерлік тораптардың тиісінше тартылмаған­дығы, материалдардың қолды болуы, тұрғындар­дың күнделікті тұрмысын­да қажетті паркинг, балалар алаңы және спорт алаңқайларының ескерілмеуі болып келеді.
Гао Синцзян: Әдебиет еркіндікте ғана өрлейді
Гао Синцзян – 2000 жылы әдебиет саласы бойынша алғашқы болып қытай жазушыларының ішінен Нобель сыйлығын алған қалам­гер. Алайда жүлденің, тек шетелдіктер үшін аса таныс емес, сонымен қатар Қытайдың өзінде туындыларын оқуға қатаң тыйым салынған авторға берілуі көпшілікті таңғалдырғаны рас. Швед академиясы оның «Рух тауы» (Soul Mountain) романына «әлем үшін үлкен маңызға ие, қазіргі замандағы адам орнын шынайылықпен бейнелеген шығарма» және «қытай прозасы мен драматур­гия­сына жаңа жол ашатын, ешқандай туындылармен салыстыруға келмейтін, тек өзімен ғана салыстыратын туынды» деген баға берген болатын. 1940 жылы Цзянси провинциясында дүниеге келген жазушы Бейжіңде француз әдебиеттануы бойынша білім алып, 1987 жылдан бастап Парижде шығармашылығын бастаған. Оның пьесалары мен аудармалары Қытайдағы экперименталды драманы айшықтайды. Жазушы, сыншы, драматург, прозашы қылқалам әлемінде де өз орнын қалыптастырғанын айта кету керек. Жазушының пікірінше, атақ пен даңқ іздеген өнер иесінің шығармашылығы алысқа бармайды. Себебі, мұндай адамдардың шығар­маларында шынайылық жоқ. Назарларыңызға жазушының Asia society қауымдастығына берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.
Масылдық – қоғам індеті
Мәңгілік мемлекеттіліктің, ұлттық өрлеудің, экономикалық дамудың бір жауы – масылдық. Оның түр-түрі болады. Мемле­кеттің «мұнай секторына масыл­дығы» деген ұғым бар. Болмаса, тендерде пара тіленетін дүние­қоңыз, пайдакүнем шенеунік бизнеске масыл болуы мүмкін. Бұл кеселдің тағы бір аса қауіпті әрі ауқымды сипаты – әлеумет­тік масылдық. Жұртшылығы жаппай масылдыққа бой ұрған ел жарқын болашағының негізін өзі қалай алмай, өзгеге жем болады.
Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Басты міндет – елмен етене жақын болу
Басты міндеті – партия мен халықтың арасын жа­қындату және бұрын Ел­ба­сы бас­тамасымен қабылданған мем­ле­кеттік бағдарламаларды түсін­діру, олардың жүзеге асуын ба­қылау
Әр сауал жауапсыз қалмауы керек
Nur Otan партиясының саяси кеңесі партия бағытын ғана емес, ел дамуына үлес қосатын факторларды атап берді. Қостанай облыстық мәслихатының  Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева саяси кеңес пен депутаттық мандаттың арасындағы байланыс жайын айтты. Депутат сөзінше, халық пен партияны байланыстыратын – сенім.
845 отбасыны қуантты
Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті. Қайырымдылық шарасына Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шын мұқтаждарға ғана көмек берілмек
Кеше Қазақстан Үкіметінде баспасөз кон­ференциясы өткен болатын. Кон­ференцияда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сында қойған міндеттерді талқыға сал­ды.
Фракция – аса қуатты партиялық құрал
Nur Otan партиясы ел өміріне етене араласып, талай түйткілді мәселелердің шешілуіне мұрындық болып келеді. Енді бас партияның белсенділігі бұрынғыдан да күшейе түспек. Ол үшін өңір-өңірлердегі партия өкілдіктері мен фракциялар белсенді қызмет етуі шарт.
Алматы инфрақұрылымы: Қателіктер мен жеңістер
Тұрғындар саны 2 миллионға жуықтайтын, күнделікті 500 мыңға жуық адам кіріп-шығатын Алматы сияқты алып қаланың жүйелі тәртібін, даму бағытын қалыптастыру да оңайға түспейді.
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Барлығы адам және адамның игілігі үшін...
Қазақстанның қоғамдық һәм саяси өмірінде өзінің маңызды орнын еншілеген Nur Otan партиясы жақында саяси кеңестің отырысын өткізіп, келешекке бағдар болар көптеген мәселені айқындады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шешілуі қажет түйткілдерді тізбелеп өтіп, партия басшылығы мен мемлекет бас­шылығы атқаруы тиіс тапсырмаларды да ашып айтты. Осы орайда саясаттанушы Ерлан Саиров ағамызбен сөйлесіп, алдағы уақытта партия жұмысы қалай өрбуі керек деген мәселеге кеңінен тоқталған едік.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шахтер күнімен құттықтауы
Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!
Беттер: 1 2 Келесі