"Айқын" газеті №132

"Айқын" газеті №132

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Расул Жұмалы: Барлық жерде ашық саясат ұстануы керек
  • Туристі немен тәнті етеміз?
  • Ең бірінші мәселе – еңбекті ту ету
  • Тірлігі ерге бергісіз
  • Қайта өңдеуге қашан көшеміз?
  • Ара. "Айқынның" сатиралық қосымшасы

Материалы номера
Жоқтан бар жасап отырған ана
Көпбалалы ана Ақбота Наурызбаева соңғы бір жылда декоративті-қолданбалы өнердің қызығына кіріп, жоқтан бар жасап, азын-аулық табыс тауып жүр. Қолөнершінің бұған қалай келгенін, айналысуына не түрткі болғанын білуге тырыстық.
Абай ілімін әлем танысын
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста». Абай даналығына таң­­данасың, сүйсінесің. Адам болу мен жол табу аралығында айт­қандары – өмірлік үлгі. Бұл формуланы тек біздің білгеніміз жара­­мас. Әлем Абай философиясының тереңіне бойлауы қажет. Осы мақсатта Бақтыгүл Маханбетова  бастаған топ игі бастама көтеріпті.
Алаяққа қашанғы жем боламыз?
Өткен ғасырдың соңына қарай, бұрынғы Кеңес Одағы аумағында, атақты алаяқ Мавродидің МММ-і жер жарып тұрды. Тез әрі жұмыс істемей-ақ ақшамды еселеймін дегендер бар қаражатын осында құйып  жатты. Артынан алданғандарын біліп, соттың табалды­ры­ғын тоздырғандар саны мыңдаған адамға жеткені белгілі. Айлакер тұтқындалды. Алайда Мавродий сотта­­лып шыққан соң да өз ісін қайта бастаған бола­тын. Жер-жерде оның ісін жалғастырушылар көбейіп кеткені тағы бар. Тағы да сол кестемен жұмыс істеген­дер­ге маңдай термен тапқан ақшаларын қолына өздері барып ұстата салушылар көбеймесе азаймады.
Анатолий БОРОВСКИЙ, подполковник: Патриоттық тәрбиесіз тұлға қалыптастыру мүмкін емес
Анатолий Боровскийді жас толқынның арасынан жиі көруге болады. Ол бірде Теректі ауданындағы «Үміт» гимназиясының оқушыларымен ел-жұртқа адал қызмет ету жөнінде әңгіме өрбітсе, енді бірде Орал қаласындағы әскери-техникалық мектепте (бұрынғы ДОСААФ) күні ертең Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанатын өрімдей жас жігіттерге Ауғанстандағы от-жалынды жылдар жөнінде естелік айтып тұрады...Біздің бүгінгі басты кейіпкеріміздің кіндік қаны 1946 жылдың 18 тамызында Украинаның Винница облысында тамған. Ата-анасы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Батыс Қазақстан облысына табан тірегенде Толя бар болғаны сегіз жаста болған екен...1964 жылы Оралдағы №5 мектепті тамамдаған Анатолий Боровский Ташкенттегі жоғары жалпы әскерлік училищенің 1970 жылғы түлегі. Әскери білім ордасынан жалпы әскерлік командир мамандығын меңгеріп шыққан ол әскери саяси қызметкерлердің тапшылығынан бертін келе осы салаға маманданды. 1980 жылдың 16 қаңтарынан 1981 жылдың соңына дейін Ауғанстанда әскери қызметте болған. Ауғанстан, КСРО және Қазақстанның бірнеше медалімен марапатталған.
130 млн тонна қоқысқа көмілген Қазақстан қайта өңдеуге қашан көшеді?
Еліміздегі полигондарда 130 млн тоннаға жуық қатты қалдықтар көмілген. Мұның өзі – ресми көрсеткіш. Ал соңғы кездері ұйымдастырылған #TazaQazaqstan экологиялық акциясының аясында 15 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Тұтынушылық принциптердің жетегіндегі қалдықтар біз үшін әлі де тек экологиялық проблема секілді. Оны өңдеу экологияға ғана емес, экономикамызға да орасан пайда әкелетінін білсек те, білмегендейміз. Жасыл технология деп жаһанға жар салдық, бірақ қолдануға келгенде іс кері кетіп жатыр.
Ұстаз болу – ұлағатты іс
Енді бірер аптадан кейін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Бұл кез келген білім қуған жан үшін жаңа меже, жаңа мүмкіндіктер бастауы екені сөзсіз. Соның қарсаңында таяуда Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан астам ұстаздың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конферениясы болып өтті. Аталған іс-шараның әрдайым қоғамның басты назарын өзіне аударатыны белгілі. Дегенмен биылғы конференцияның жөні жылдағыдан бөлек болды, өйткені бұл жолы отандық ұстаздардың дәстүрлі басқосуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Дуальды оқыту жүйесі – заман талабы
Дуальды білім беру жүйесі – теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама. АҚШ, Германия, Австрия, Швейцария, Оңтүстік Корея және тағы басқа мемлекеттерде кеңінен қолданыста жүрген бұл бағдарлама бойынша білім алатын студенттер уақытының көп бөлігін мамандықтарына сәйкес кәсіпорынның қабырғасында өткізеді. Ал мұндай білім жүйесі бүгінде ең үлкен сұранысқа ие.
«Саймасай» технопаркі дәнді дақылға бай
Бүгінгі күні еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге дейін арттыру міндеті қойылған. Осы бағытта отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университеті тиімді инновациялық жобаларды қолға алуда.
Тірлігі ерге бергісіз
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қазақ аналары қашан да қуатты, қайсар. Бүгінде олардың көпшілігі қоғамда өз орнын тауып, еңбек етіп, бейнетінің зейнетін көріп отыр. Бұл тұрғыдан келгенде көпбалалы аналардың бәсі артық. Бүгінгі кейіпкерміз елордалық Жәмила Наурызбаева да «Көше саудасына – 1 000 орын» бағдарламасы бойынша бизнес бастап, өзінің шағын кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы, жалғызбасты ана.
Жетістікке бастайтын жеті серпін
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиа­лы халықпен тығыз бай­ла­ныс орнатуды қолға алды. Бұл ретте Өмірзақ Шөкеев аймақтық деңгейде алғашқылардың бірі болып Nur Otan партиясын қайта жандандыру аясында облыстық мәслихаттағы депутаттық фрак­цияның рөлін күшейту және кадр­ларды жасарту жұмыстарын бастады.  
Жастар партияға жігер береді
Елбасы Саяси кеңесте «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Nur Otan trends пікірталас алаңында сарапшылар Елбасы ұсынған 7 серпін жөнінде ой қозғап, жаңғырту жұмыстары жайын талқылады.
Ең бірінші мәселе – еңбекті ту ету
Халқымызда «Еңбек ет те, міндет ет» деген жақсы бір сөз бар. Қазіргі күннің биігінен көз салсақ, әлемдегі алға озып кеткен отыз елдің қай-қайсысы да еңбекті басты орынға қойған. Еңбексіз еш нәрсе болмайды. Игілік өздігінен келмейді.
Туристі немен тәнті етеміз?
Сарапшылардың пайымдауынша, табиғатты таза, жабайы қалпында сақтау – туризм саласынан мол пайда табуға мүмкіндік береді. Осы орайда «Қазақстанды таны/Open Qazaqstan» жобасы аясында елге келген халықаралық танымал тревел-блогерлердің туризм секторын тұншықтырған түйткілдер мен ашылып жатқан мүмкіндіктер жайындағы тұжырым-түйіндерін білдік.
Расул Жұмалы, саясаттанушы: Ескі кадрлармен өзгеріс жасау қиын
Nur Оtan партиясы саяси кеңесінің отырысында Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осыған орай, саясаттанушы Расул Жұмалыға хабарласып, партияның алдағы атқаруы тиіс міндеттеріне қатысты пікірін білдік.
Бюджеттің жайы баяндалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында  бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Елбасыға есеп берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.