"Айқын" газеті №133

"Айқын" газеті №133

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Жаһандық қауіпсіздіктің жақтаушысы
  • Нұржан Әлтаев: Қоғам жаңарды, адам өзгерді
  • Бибігүл Жексенбай: Белсенді жұмыс істей алмасақ – бізге сын
  • Аралда атқарылған шаруа көп
  • Баласынан безген әке көбейді

Материалы номера
Жеңімпаз – грант иесі
Елордада мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған ITeachMe жобасының соңғы кезеңі өтті. Бұл – Жастар жылында ойы ұшқыр, талапты, білімді жастарды қолдауға бағытталған игі бастама.
Баласынан безген әке көбейді
Елімізде әке деген құрметті атауға лайықты азаматтар қатары сиреп бара ма,  соңғы жылдары алимент төлеушілер саны артып отыр. Бүгіндері заң талаптарын орындауда кеткен олқылықтардың болуынан әр өңірде алиментті уақытылы алмай отырғандардың жанайқайы естілуде.
Жауынгерлік жаттығу басталды
Қазақ­стан­да әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери-әуе күштері бөлімдері мен бөлім­ше­ле­рі­нің «Жауынгерлік достастық – 2019» оқу-жаттығуы бас­талды. Шараға Қазақ­стан, Қырғызстан және Ресей елдерінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептері, сондай-ақ әскери авиация қатысады.
Музей есігі ашық түн
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласын іске асыру аясында «Музейлер шеруі» жалпы­респуб­ли­калық музей акциясы бастау алды.
Аралда атқарылған шаруа көп
Елбасының бастамасымен өмірге келген бағдарламалар мен тың идеялардың ықпалы зор. Соның бір мысалын Сыр еліндегі Арал ауданынан байқауға болады. Мәселен, аймақ жұртшылығы үшін аса маңызды бірқатар мәселелер шешілуде. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде 1832 адам болған. Оның 1387-і жұмыспен қамтылған, ал 889-ы – жұмыссыз статусын алғандар. Бұл шаруа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр.
Мереке күнгі береке
Тараз қаласында Конституция мерекесіне орай  9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген тұрғын үйлер­дің берілу салтана­тына облыс әкімі Асқар Мырзах­ме­тов қатысып, жаңа қоныс­танушыларға кілт табыстады. Шаһардың 15-шағынауданынан жаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы және толық емес отбасылар.
Бибігүл Жексенбай, AstanaTV телеарнасының бас директоры: Белсенді жұмыс істей алмасақ – бізге сын
Бүгінде ақпараттық-тех­нологиялардың қарқынды дамыған уақыты. Өмірімізді сол жаңа медиа құрыл­ғы­ла­р­сыз елестете алмаймыз. Бұл жағдай – ақпараттық рево­лю­цияның екпінді дамуының нәтижесі. БАҚ мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды
Думанға бөлеген мерейлі кеш
Қазақстан халқы ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында Конституция күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасы­ның орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚХА мүшелері мен қоғам қайраткерлері, ҚХА этномәдени бірлес­тіктері, жастар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ата Заң – алтын тұғыр
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Конституция – дамудың кепілі
Конституция азаматтардың бостандығы мен құқықтары сақталуының, еліміздің тұрақты дамуының кепілі ретінде заман сұранысына жауап беріп келеді. Бүгінгі электронды, яғни цифрлы өркениет дәуірінде мемлекеттік қызмет жүйесіне қойылатын талап та күшеюде. Алайда қоғам цифрлы өркениеттің жетістігіне сай трансформацияланғанымен, Конституция азаматтар мен мемлекет дамуы үшін негізгі құжат, бағдар болып қалатыны сөзсіз. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының «құбылған әлем жарысы, ақылды жанның табысы» деген сөзі бар. Демек, бүгінгі әлемдік өркениеттің жемісі цифрлы технологияны пайдалану ел дамуы үшін қажет.
Тарихи шешім шыққан күн
Түркістанда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «30 тамыз – Конституция күні» атты мерекелік шара өтті.
Партиялық жауапкершілікті күшейту керек
Қарағанды облысында Nur Otan партиясы облыстық филиалында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста партияның облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов масылдық көңіл күйді түбімен жоюға шақырды. Өңір басшысының айтуынша, масылдық мәселесі соңғы уақытта байқала бастаған. Көбінесе жастар жұмыс істегісі келмейді және мемлекеттен көмек талап етеді. Бүгінде облыста жастардың атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген фактілері кездеседі.
Мемлекеттің міндеті – мүмкіндік жасау
Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мәжілісінің отырысы өтті. Жиында партияның халық сенімінен шығуы үшін партия мүшелерінің елге мінсіз қызмет етуі, жас толқынға үлгі болу арқылы партияға сенімділікті арттырып, қоғамда бірлік пен берекені нығайтуы қажет екені айтылды.
Депутаттар өңірде жүр
Мәжіліс депутаттары ел-жерді аралап, аймақтардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 қалалық аурухананың ұжымымен кездесті. Аурухана ұжымымен әңгімелесу барысында көптеген мәселе айтылды. Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің артықшылығы, оның медициналық мекемелерге тигізер пайдасы, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселелері сөз болды.
Еңбек еткеннің еңсесі биік
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер» деген ата-бабамыз ықылым заманнан мал шаруашы­лығын ерекше бағалаған. Төрт түлікті береке бастауы деп түсінетін қазақ мал өсіру арқылы толағай табыстарға жеткен. Малдың еті кисең – киім, жесең – тамақ ретінде қажетке жараған. Елбасы қашанда ел әлеуетін арттыру мақсатына арналған жоба­ларды, оның шінде мал шаруашылығын дамыту мәселесін өз назарынан тыс қалдырған емес. Бұл мәсе­лені іске асыруға байла­нысты жиі тапсырмалар да берілді. Кәсібін кеңейткісі келген кәсіпкерді қолдайтын бірнеше бағдарлама да бар. Бүгінде осы бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп әкеткендер де жетерлік. Соның бірі – Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреч­ный ауылының тұрғыны Гүлнәзия Бөкенбаева.
Болашақ бюджет анықталды
Келер жылы ел бюдже­тіне Ресейден «Байқоңыр» ғарыш кешенін жалға алғаны үшін 43 миллиард 700 миллион теңге, сон­дай-ақ еліміздегі әскери полигондарда сынақ жүргізгені үшін 7 миллиард 614 миллион 820 мың теңге түсетін болады. Бұл туралы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасында айтылған.
Ұлттық кеңес алғашқы жиынға әзір
Қазіргі алмағайып заманда қазақстандықтар алауыздыққа – ауызбір­лікті, дағдарысқа – сенімді, қақ­тығысқа – келісімді қар­сы қоя алады. Бұл ұлт­тың бойына тың күш-қуат құяды, жаңа биіктерді бағындыруға жігер береді, жарқын болашаққа жете­лейді. Осы орайда биылғы 17 шілдеде Мемлекет бас­шысы Қ.Тоқаев «Қазақ­стан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңе­сінің ережесін және құра­мын бекіту туралы» Жар­лыққа қол қойғаны мәлім.
Нұржан Әлтаев, Мәжіліс депутаты: Қоғам жаңарды, адам өзгерді
Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия жұмысын жаңғырту, қайта жандандыру мәселесіне баса мән берілді.  Еліміздің көшбасшы партиясының алдында қандай міндеттер тұр деген сауал төңірегінде Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевты әңгімеге тарттық.
Жаһандық қауіпсіздіктің жақтаушысы
Жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыс үшін 29 тамыз – тарихи күн. 1991 жылы дәл осы күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі аса ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Осыдан кейін Қытайдағы Лоб-Нор полигонында да, Американың Невада штатын­да­ғы сынақ алаңында да, Ұлыбри­тания мен Францияның Тынық мұхиттағы атолл-аралдарында да ядролық сынақтар түбегейлі тоқтады. Олардың бәріне Елбасы мен Қазақ елі бірегей үлгі көрсетті.