"Айқын" газеті №135

"Айқын" газеті №135

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұшақ билеті арзандай ма?
  • Білімдегі ала-құлалық – ұлттың бас қайғысы
  • Ұратын бала, шырылдайтын ана
  • Барша әлем көз тіккен форум
  • Қазақ жазуын реформалаған тұлға

Материалы номера
Волонтер – құрметті қызмет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 тамыздағы қаулысында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Алдағы уақытта Үкіметке волонтер жылын өт­кі­зу бойынша қажетті шаралар қабылдау қажеттігін міндеттеді. Талай қызықты та­ным­дарға жол ашып, жастардың өздерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін қызмет турасында соның қазанында қайнап жүрген жастардан бірауыз пікір алған едік.
Парыз бен парасат
Сайлаушылардың аманаты мен сенімін арқалап, көптің жүгін көтеруші қызмет – депутат. Ол қашанда қоғамдағы өзекті мәселені қозғау арқылы қалың бұқараның қамын ойлайды. Сондықтан да ол  сайлаушылары алдында берілген уәдені орындап, ел-жұрт алдындағы парызын өтейтін қызмет.  Қызметін абыроймен атқарып жүрген Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, профессор Қылышбай Бисеновпен  сұхбаттасудың орайы келді.  
«Жұмысқа орналастырғыш» алаяқ ұсталды
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бас­пасөз қызметі осыдан бірер күн бұрын Орал қалалық по­лиция басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінің  кри­миналдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 40 жастағы тұр­ғы­нын жұмысқа орналастырамын деп ал­дап-сулап, оның 1 миллион теңгесін қолды қылған 1974 жы­л­ғы әйелді қолға түсіргені жөнінде ақпарат таратты.
Ет өндіретін кешен
Тамыздың соңғы күні  Жамбыл ауданында жылына 8 мың тонна ет өндіретін «Империя Фуд» ет өңдеу кешені ашылды. Отандық өнімді сырт елдерге шы­ға­руға, экспортқа бағытталған заманауи  кәсіп­орын­­ның іске қосылуының арқасында  өркенді  өңірге 2,9 млрд инвестиция тартылып, 80 адам жұмыспен қамтылды.
Тіршілігі жанданған Сайрам
Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бүгінде жұмысы жанданған, тұрмысы тәуір ауданға айналып отыр. Олай дейтініміз, егін шаруашылығы, мал шаруашылығында да өзге аудандардан оза шапқан аудан болып отыр. Сондай-ақ мұнда жеңіл өнеркәсіп саласына да жақсы көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы  Мәжіліс депутаттарының сансыз баптар тыныс тапқан мекенде болған іссапары барысында белгілі болды.
Бірлесу-еңбекте – жаңа оқу ордасы
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Тараз қаласының іргесіндегі Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылында 140 орындық орта мектеп пайдалануға берілді. Білім күніне орай ашылған оқу ордасының Алғашқы қоңырау салтанатты шарасына аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қатысып, мекеме ұжымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.
Исатай-Махамбет алаңы ашылды
Атырауда дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойында  ашылған Исатай-Махамбет алаңы қайта жаңғыртылды.
Қазақ жазуын реформалаған тұлға
Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Мәселен, ол – ең бірінші қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың  әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.
Салықтан босату кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығарады
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Ақсана Панзабековамен Қазақстан Президентінің Жолдауындағы өзекті мәселелер бойынша әңгімелестік.
Барша әлем көз тіккен форум
«Ақын заман: біркүндік те емес, бүгіндік те емес. Оның кешегісі – бүгіндік, бүгінгісі – ертеңдік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Ақындық пен жазушылықтың қай заманда болмасын жүгі ауыр. Ешқандай талап-қағидаға бағынбайтын, жүрекпен сезіп, көзбен көргенді ой-қиялмен ұштап, шарықтатып, бір адамға емес, барша адамзатқа үн қатар қалам иелерінің тағдыры тым бөлек. Олар қай қоғамда болмасын айтарын ашық айтып, тіпті тұтас ұлттың да тарихын жазып, тағдырын ерек етті. Болмысы ерек қаламгерлердің бәрі де қоғамнан қолдау тапты немесе қашанда ұшпаққа шықты деген жалған болар. Алайда кез келген ортадан қолдау табу оларды қанаттандырып, шарықтатары ақиқат. Осы орайда мемлекеттің тікелей қолдауымен 4-6 қыркүйекте елордасы Нұр-Сұлтанда өтетін «Азия елдері қаламгерлерінің І форумына» сөз басын бұрсақ.
Пікір
Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламенттің бірлескен отыры­сын­да  президент ретіндегі алғашқы  халыққа Жолдауын жариялады. Бұл – ел өміріне жаңаша серпін беретін басты құжат
Ұшақ билеті арзандай ма?
Келер жылдан бастап билік шенеуніктер мен ұлттық компания қызметкерлері санын бірте-бірте қысқартуға кіріседі. Бұл жайында Премьер Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ел Үкіметінің отырысында мәлімделді. Жиында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды.
Еуропалық қонақ қызығып отыр
Этносаралық келісім­нің қазақстандық үлгісі өзге елдерге өнеге бола алады. Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен жүздесуінде мәлім етілді.
Ұратын бала, шырылдайтын ана...
Уақыт жылдам. Кеше ғана дүниеге келген сәби ержетіп, қызығын көрсетер күнге қалай жеткенін де білмей қаласың. Бірақ, қызығын емес шыжығын көрсетушілер көбейіп бара жатқаны қоғамды алаң­датып отыр. Әлеуметтік желіде біреуді ұрып, атып, басып кет­кен жастардың бейнекөрінісі екі күннің бірінде жылт-жылт етіп шыға келуде.
Ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықтың сыры неде?
Бүгінде Білім және ғы­лым ми­нис­­­трінің «құ­­лағына ал­­тын сырға та­ғып», баласының болашағына алаң­да­­ған айқайшы ата-ана көп. Алайда бұл ми­нистрліктің «ке­ле­сі жылы жақсы бо­ла­ды» деп бастаған әр жұ­мы­сы мәселені одан сайын күр­делендірмесе, жеңілдетіп отырған жоқ. Салынбаған мектеп, мектепке сыймаған бала, игерілмеген ақшаны айтпағанда, оқулықтың жайы оңбай, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқаратын дені дұрыс жүйе болмай тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы екенін де жасырмады. Расында да, білікті педагог жетіспейтін қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Әбден қордаланған дүниенің түп-төркіні қайда жатыр? Жыл сайын жалақысын көтеріп, әрідегі мәсе­ле­ні әлеуметтік жағдайдың оңа­луы­мен шешеміз деген шешім­нің маңызы бар ма? Бұл сауалы­мыз­дың жауабын ұстаздар қауымының өзіне қалдыр­дық та, бұл мәселенің ушығуына әсер етіп отырған негізгі факторларға тоқталуға ты­рыс­тық. Оқып, пікір білдірем десеңіз, төр – сіздікі.
Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты: Халықпен нақты жұмыс істеуіміз қажет
Еліміздің Парламенті V сессиясының жұмысын бастап,  қос палата жаңа маусымдағы қызметіне кірісті. Бұл тұрғыда Парламент депутаттарына жүктелер міндеттің де салмағы айқындалғандай. Осы орайда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Кәрібай Мұсырманға хабарласып, пікірін білген едік.  
Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Премьер-министр Асқар Маминнің жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратын тыңдады.
Қорғанысты нығайтуға берілген басымдық
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.