"Айқын" газеті №136

"Айқын" газеті №136

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Азияның жүрегі соғып тұр.
  • Зейнетақы жинағына баспана алуға бола ма?
  • Оралманда ой көп
  • Жем-шөпсіз мал басы өсе ме?
  • Алтын Орда ханы ұлық Мұхамедтің Осман сұлтанына сәлемі

Материалы номера
Салтанат Ерсұлтан, әнші-термеші: Қобыз – менің сарыным...
«Мен қазақпын» мега-жобасы алғашқы ала­­­ма­ным емес. 2014 жы­лы «Боз­тор­ғай» балалар бай­қауы­ның гран-при иегері болдым. Ол енді бала кезімнің жеңісі ғой. Ал «Мен қазақпын» – дәуір­ден сүрінбей өткен озық дәс­түрлерді жаңғыртуға ба­сым бағыт берген жоба. Осы ар­қылы ұлттық рухани та­мыр­дан нәр алуға мүмкіндік берді
Мамания мектебі қайта жаңарды
Еліміздің әр аймағындағы ауылдарда тозығы жетіп қаңырап қалған нысандар жетерлік. Содан ба кезінде тіршіліктің қыз-қыз қайнаған ордасына айналған өлкелер бұл күнде сұрқай тартып, суықтанып бара жатыр. Әрине, оны қайта тірілту, өңі қашқан өлкенің шырайын кіргізу – біз бен сіздің, ел азаматтарының міндеті.
Алтын Орда ханы Ұлық Мұхамедтің Осман сұлтанына сәлемі
Ұлытау сапарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ханға қатысты мәселе көтергенде елде қуанбаған жан қалмаған сыңайлы. Бұл бір жағынан, кешегі тарихи бұрмалаулар қайта қалпына келтіріліп, мемлекет тарихының елеулі кезеңдері әлі түбегейлі зерттелмегенінен де болар. Ең бастысы, көне тарихты білуге, бабаларға құрмет қылуға, олардың бойындағы бекзат болмысты қайта жаңғыртуға, солардай болуға деген ынтызарлық қанымызда тулап жатқандай. Бүгінгі қазақ мемлекеті – Алтын Орданың тікелей мұрагері. Татар, ноғай, башқұрт халықтары да өзіміз секілді тең атаның ұрпағы. Яғни, мұрагерлік – бәрімізге ортақ, біздікі, оныкі деп таласу – білімсіздік.
Арыстан еді-ау Зиядин
Ол алдымен спортшы ретінде танылды. Қазақ университетінің тарих факультетінде оқыған 1977-1982 жылдары студент Зиядин Қашқынұлы бозкілем үстінде жасындай жарқырап, самбо мен дзюдодан КСРО спорт шебері, қазақша күрестен Қазақ КСР спорт шебері биігіне көтерілді. Спорттағы бағын ашқан бапкері университеттің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, бүгінде Мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов ағайы болатын. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық мөлдір бұлақтай таза еді. «Зиядин мені туған ағасындай сыйлады. Алдымды кесіп өткен жері жоқ. Мен де Зиядинді туған бауырымдай жақсы көрдім... Ол өте дарынды адам болатын. Оның өмірдегі баспалдағы бұдан да биік болады деп ойлаушы едім.Зиядин үшін қызмет етуге әзір едім. Амал не...» деп жазыпты естелігінде тұғырлы тұлға.
Жем-шөпсіз мал басы өсе ме?
Қазақстан үшін агроөндірістік кешен – ел экономикасының маңызды секторының бірі. Ол – мем­лекеттің азық-түлік және экономикалық қауіпсіз­дігі­не кепілдік болатын сала. Ғалымдардың есептеуінше, Кеңес Одағы тұсында республикамыздың агроөндіріс саласы ЖІӨ-нің 26%-на дейін беріп отырған жылдар болыпты. Қазір оның мөлшері 5%-ға жетер-жетпес деңгейде.
Газ саласы жастарының ынтасы зор
Ел экономикасында маңызы зор газ саласы әр қазақстандықтың шаңырағын­дағы жылу мен шаттыққа да тікелей әсер етіп отыр. Көгілдір отынмен үй жылы­тып, су ысытып, ас әзірлеп үйренген тұрғындардың басындағы қуаныш енді солтүстік өңір тұрғындарына да келер күн алыс емес.
Арнайы тұжырымдама дайындалды
Түркістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыруға арналған жиын өтті. Алқалы жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жолдауда айқындалған бағыттарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жиын барысында белгілі болғандай, Nur Оtan партиясының облыстық филиалы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды қолға алмақ.
Мәдениет саласы қолдауға зәру
Шымкент қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауына байланысты қалалық актив жиналысы өтті.
Жеңімпаз жоба
Шығыс Қазақстан облысында «Үздік әлеуметтік жобалар – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды. Құрамына әр саланың мамандары кіретін аумақтық және өңірлік комиссиялар байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға ниет танытқан 13 өтінімді қарап, соның ішінде 4 ба­ғыт бойынша төмендегі жобалар үздік деп танылды.
Үздіктер – жүлдегер
Nur Otan партиясы­ның Ақмола облыстық филиалында «Қазақстан­ның үздік әлеуметтік жобалары» дәстүрлі байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Білім орталығы ашылды
Шымкенттегі Абай атындағы орталық кітапханада Nur Otan партиясының қолдауымен білім орталығы ашылды. Жаңа орталықтың тұсауын Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаев кесті.
Қабылдау күндері белгіленді
Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында Nur Otan парламенттік фракциясының депутат­тары республика­лық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды аптасына екі рет жеке қабылдайтын болды.
Jastar – Otanga жұмысын бастады
Jastar – Otanga! республикалық жастар саяси лагерінің қатысушылары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында бас қосты. Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылатын шара биыл да жалғасын тапты. Еліміздің әр түкпірінен келген, сантүрлі саланың тізгінін ұстаған 170-ке жуық жас лагерде тәжірибе алмасып, білімін жетілдіруде.
Оралманда ой көп
Кезінде түрлі нәубетке орай төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қазақтың ұрпағы түп қазығынан қара үзбей, тамырын тарихи Отанында жаюға тиіс. Әйтпесе, жыл өткен сайын шетелдегі, әсіресе, Батыстағы, Ресейдегі қандастардың ата салтын сақтауы, ана тілін ұмытпай, ұрпаққа табыстауы күрделеніп бара жатқаны құпия емес. Алыстағы ағайынды елге оралтудағы жетістігіміз қандай? Өкініші мен опынысы нешік?
Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі
Еуразиялық  интеграция институтында «Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарды сарапшылық талдау» тақырыбында кездесу өтті.
Ауыр қылмыстарға жаза қатайтылады
Мәжіліс ел Президентінің Жолдауында қойылған міндеттермен үндес жаңа заң жобалары бойынша жұмысқа кірісті. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жаңа V парламенттік сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылар алдында сөз алған Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының сессия ашылуы рәсімінде жария еткен Жолдауындағы негізгі бағыттарға депутаттар назарын аудартты.  
Зейнетақы жинағына баспана алуға бола ма?
Енді зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана немесе білім алуға жұмсай аласыз. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтып өтті. Осыған дейін де мұндай ұсыныстар бұқаралық ақпарат құралдарында аракідік жарияланып тұрды. Сарапшылар инвестициялық табысы инфляция деңгейінен әзер асатын қор тиімсіз деп түйінді жасаған. Азаматтар зейнетақы жинағында қаражаты болғанымен, оны басқару мүмкіндігі жоқтығын талай рет ашына айтты. Үкіметте де бұл проблема сан рет қаралды. Бірақ осыншалықты жоғары деңгейде сөз болғаны көптің көңіліне үміт бергендей. Ендігі жағдайда жылдан-жылға құнынан айырылған қаражатыңыз қазіргі маңызды деген проблемаңызды шешуге сеп болуы мүмкін.
Азияның жүрегі соғып тұр!
«Әдебиет – ардың ісі». Солай болған, солай болады да. Қазақ әдебиетінің кешегісі, бүгіні туралы әңгіме көп. Ал ертеңі туралы бірнәрсе айта аламыз ба? Нұр-Сұлтанда басталған Азия елдері қа­лам­герлерінің І форумы осыны көздеп отыр. Форумның ашылу салтанатына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия әдебиетін одан ары дамытудағы негізгі басым­дақтарды атауының сыры – осында.
Мемлекет басшысы – мұнайлы астанада
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау аймағына жұмыс сапарында мұнай-газ саласы өндірісіндегі жұмыстарды көріп, сала дамуына қатысты жиын өткізді. Президент атадан кәсіп болып, ел игілігіне айналған қара алтынды аймақтың ерен еңбеккерлерін мұнайдың 120 жыл­дық мерекесімен құттықтап, марапаттар табыс етті.