"Айқын" газеті №137

"Айқын" газеті №137

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Несиелік қарыз: 507 мың адам тізімге енген, өзгелер қайтпек?
  • Арыстың бүгінгі ахуалы қалай?
  • Оқулықтағы қателікпен күрес: министр бұл проблеманы шеше ала ма?
  • Анар Расул оглы Рзаев: Оқырманымды алдаған емеспін

Материалы номера
Қашан бірыңғай болар екенбіз?!
Оқу жылы басталып кетсе де, мектеп формасының жыры әлі бітер емес. «Балам қатардан қалмасыншы» деп, қарапайым ата-ана қалтасының түбін қағып та үлгерді. Көпбалалы аналар мемлекет таратқан тегін форманың сапасының сын көтермейтіндігін айтып дабыл да қақты. Бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң 2003 жылдан бастап енгiзiлген. Арада 16 жыл өтсе де бірыңғай форма республика мектептерінде бірізділікке түскен жоқ.
Біреуге алақан жаятын қоғам емес
«Ерінбей еңбек еткеннің» қарны тоярын хакім Абайдан асырып айта алмаспыз, сірә!  Бүгінгі күн кешеден бөлек. Десек те, «екі қолға бір күрек» табылатынын еңбек еткен әрбір адам жақсы біледі. Ал мал қарағанға бітеді. Қолыңа күрек ал да –  еңбек ет. Еңбекпен мал жи.
Кітап оқитын аппарат
Бұл жайт бізге Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп кеңесінің таяуда өткен кезекті отырысында мәлім болды. Қазталов аудан әкімі  аппаратының мамандары Book Reаd жобасымен күнделікті кітап оқуды дағдыға айналдырған.  
Сәт ТОҚПАҚБАЕВ, генерал-полковник: Ел үшін еңбек еткеніме бақыттымын
Қазақтың ең жақсы қасие­ті­нің бірі – бауырмалдығы. Қан­шама ұлтты шетқақпай қыл­май, бауырымызға тартып өмір сүріп жатқанымыз
Тапсырма – нақты, орындалуы тиянақты немесе бастамалар несімен құнды?
Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шараларға арналған  актив жиыны өтті.
Мақсатымыз – биік, жоспарымыз – айқын
Төрт құбыламыз түгел­денді» деп айтуға әлі ертерек шығар. Дегенмен бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ерікті еліміздің берік іргетасы қа­ланды. Саяси салмағы артып, экономикасы дамыған, жасам­паз халқы бар мемлекеттердің ортасында атымыз аталып жатады
Анар Расул оглы Рзаев: Оқырманымды алдаған емеспін
Әзірбайжан жазушысы Анар Расул оглы Рзаев – бүкіл әлемге танымал жан. Ол Мұхтар Әуезовпен «Абай жолы» арқылы танысты. Әбдіжамал Нұрпейісов, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменовті ерекше қадір тұтады. Оның шығармаларын қазақ тіліне аударған – жазушы Берік Шаханов. Бүгінде оның шығармалары әлемнің 40 тіліне аударылып, 100 шақты кітабы шет елдерде жарық көрген. Әзірбайжан жазушысымен Нұр-Сұлтанға келген сапарында арнайы тілдесудің сәті түсті.
Проблемалық нысандар – партия бақылауында
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үлес­тік құрылыс нысан­да­рын аралап, жұмыс барысымен танысты. «Столичный-2» тұрғын үй кешенінде қасбетті нығайту жұмыстары басталып, құрылысты жаңғыртуға рұқсат құжаттары алынды. Қазіргі уақытта инженерлік желілерге қосу жобасы әзірленуде.
Әсем Рахметова жаңа қызметке тағайындалды
Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Әсем Рахметова тағайындалды.
Ұлттық кеңестен не күтеміз?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннің қатысуымен брифинг өтті. Кеңесші Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысы туралы мәлімдеме жасады. Кеңесте қоғам белсенділері тарапынан айтылған ұсыныстар құжат түрінде жинақталатынын айтты.
Арыстың бүгінгі ахуалы қалай?
Ағымдағы жылдың 24 маусымы Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұмытылмастай күн болды. Сол күні тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында ойламаған жерден «айдың-күннің аманында, ашық аспан астында» қала тұрғындарын әбігерге салған ауқымды апатты жағдай болды. Атап айтқанда, таңғы сағат 9.20-да қала іргесіндегі әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, салдарынан жойқын жарылыс шықты.
Несиелік қарыз: 507 мың адам тізімге енген, өзгелер қайтпек?
29 тамыз күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, 507 мың адамның несиесі кешірілетіні анықталғанын хабарлаған. «Осы күнге дейін Бірінші кредиттік бюроға 2 миллион 289 адамға қатысты мәлімет жіберілді. Несие бюросы барлық мәліметті алған соң оны екінші деңгейлі банктердің базасы бойынша тексереді. Осыдан кейін ол мәліметтер проблемалық несиелер қорына жіберілді. Десе де, сұрақтар әлі көп түсіп жатыр. Мәселен, отбасындағы 2 адам несиелерінің біріккен сомасы 3 млн теңгеден аспаса, онда олардың да несиелік берешегі өтеуге жатады. Мұндай жағдайда бір отбасының, яғни ерлі-зайыптының 600 мың теңгеге дейінгі несиелік қарызы жабылады», – деді вице-министр.
Оқулықтағы қателікпен күрес: министр бұл проблеманы шеше ала ма?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл аса абыройлы қызметке сайланғаннан бері алғаш рет Қазақстан халқына Жолдауын жасады. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел дамуына тірек болар негізгі салаларға қатысты ойы мен бастамаларын шегелеп айтты. Соның бірі – білім саласы. Әсіресе, біз соның арасынан оқулық мәселесін бөліп алып, жеке қарастырғалы отырмыз.
Қаһармандар құрметке лайық
Бейбіт күнде әркім-ақ батыл. Ал ердің сыны, елдіктің мәні ел басына қиындық түскенде анықталады. Әскери қойманың өртке орануы салдарынан айдың-күннің аманында Арыс қаласы бомбалаудың астында қалғанда халыққа көмекке келген ерлер қандай құрметке де лайық. Осы орайда ел Президенті Арыстағы төтенше жағдай кезінде ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттады.
Елбасы Ресейге барады
6-7 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Қазақ қоғамының жаңа даму белесі
Қазақстанның жетістікке жетуінің кепілі – ауызбіршілік пен қоғамдық келісім және сол арқылы қамтамасыз етілетін ұлттық сенім мен ішкі саяси тұрақтылық. Айта-айта, әбден құлақ сіңісті, бой үйреністі болып, мәні кете бастағанымен, шынында әлемдік алпауыттар билік еткен қазіргі заманда аз ғана халқы бар Қазақстанның күш-қуаты – ырысты ынтымағында. Сол арқылы еліміз бұдан да биік белестерді бағындыра бермек.