"Айқын" газеті №139

"Айқын" газеті №139

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бизнеске берері жоқ банк те бонус алады
  • Оқушы ма, еден жуушы ма?
  • Теңге тұмаурата бере ме?
  • Үкімет төрт тойға қамданады
  • Дулат Исабеков: Ірілік қайда, ұлылық қайда?

Материалы номера
Қолбасшымен жүздесу жанам деген жүректерге от берді
Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепте тамаша дәстүр, тағылымды істер қалыптасқан. Аудандағы таңдаулы білім шаңырақтарының бірі болып саналатын мектеп есімдері елге белгілі тұлғаларды кездесуге жиі шақырып, олардың жас ұрпақпен жүздесуін жиі ұйымдастырады.  Жазушылар, артистер, спортшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері оқушыларға тұшымды әңгіме айтып, өнеге-тәлімін үйретеді. Болашақ иелерінің армандарына қанат бітіріп, келешегіне айқын бағыт сілтейді.
Арманына жеткен ана
«Жақсы адамдар өзіне байлық жинамайды, өздері байлыққа айнала­ды» деген нақыл сөз бүгінгі кейіпкеріміз Дәмет­кен Қалымқызына арналғандай. Еңбек жолын сиыр сауып, одан алынған құрт пен майды қалаға әкеліп сатудан бастаған көпбалалы ана бүгінде кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, қай­­сар­лы­­ғымен, іскер­лі­гі­мен көпке үлгі болып жүр.
Мәдениеттен мән кетпесін...
Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері теңгенің құны құлағалы құлазып кетті. Себебі сол, жалақы аз. Иә, бұл мәселе биік-биік мінберлерде, билік өкілдерінің аузымен талай көтерілді. Мәжілісмендер мен сенаторлардың да салмақты пікіріне айнала білді. Қанша рет қоғамдық талқылауға түссе де, бұл санаттағы қызметкерлердің мардымсыз жалақысы жоғарылаған жоқ. Жұрттың айлығына алты ай сайын ақша қосылса да, олардың маңдай тері ештеңемен, еш теңгемен өлшене қоймады. Сонда да үмітін үзбестен, ел ру­ханияты үшін адал еңбегін артық көрмей жүрген жан­дар үшін жағымды жаңалық Президенттің биылғы Жолдауында жарияланды. Мемлекет басшысының мәдени сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлінбей отырғанын айтып, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің айлығын көтеру туралы шығарған шешімі дәл осы саланың мамандарын су бүріккендей серпілтіп тастады.
Дулат Исабеков: Ірілік қайда, ұлылық қайда?
Адам өзгерді ме, қоғам өзгерді ме? Қоғамды бұзатын не? Адам ба? Ниет түзу болса, ой сәулелі болса, заман өзгеруі мүмкін емес. «Өзгеріс ойдан басталады» деп жүр. Ойымызды түзеу үшін не істемек керек? Диоген қолына шам алып, базардағы адамдардың бетіне түсіріп жүр дейді. «Не істеп жүрсің?» десе, «Адам іздеп жүрмін» деген екен. Сол секілді «ойы да, ниеті де жақсы адам іздеп кетпейміз бе?» деген қауіппен сауалымызды жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековке қойдық.
Караоке іздесеңіз, кітапханаға келіңіз
Шымкенттегі Абай атындағы орталық кітапханада Сoworking білім орталығы ашылды. Орталық Қазақстан халқының тілдері күні аясында ұйымдастырылған апталық аясында Абай атындағы орталық кітапхананың 65 жылдығына орай пайдалануға берілді.
Nıet көрерменге жол тартты
Qazaqstan арнасында кеше ғана тұсауы кесілген Niet әлеуметтік жобасында көпбалалы ана баспаналы болды.
Салық рақымшылығының нәтижелері
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын заң күшіне енген еді. Осы заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанға дейінгі салықтық қарызды 2019 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдай­да, өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.
Мемлекеттік қызметші елге үлгі бола ма?
Еліміздің тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бағытында ұтымды реформалар қабылданып, іске асырылуда. Солардың қатарында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттік қызмет саласына тың серпін берді. Міне осы жоспар Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру деген өршіл міндетті орындауға көмектеседі. Соның арқасында мемлекеттік қызметшілер кәсіби әрі білікті ғана емес, бүкіл қиындық пен түрлі жүктемеге төтеп бере алатын маман болады.
Корпоративті университетте оқуға дайынсыз ба?
Apple университетін естуіңіз бар ма? Стив Джобс университетінің ішкі құрылымы Coco-Cola-ның құрамына ұқсай­ды. Құпия. Сондық­тан да оны құпия білік­тілікті арттыру орталы­ғы деп атайды. Әлемде корпоративті универси­теттер баршылық. Көп­ші­лігі бағытын белгіле­ге­ні­мен, ішкі оқыту жүйесін айт­пайды.
Азаматтығы жоқ адам – қорғансыз
Азаматтығының жоқ болуы адамдарды заңды құқығынан айырады, негізгі қызметтерді алуына тосқауыл болады. Нәтижесінде, олар саяси және экономикалық өмірден тыс қалып, кемсіту мен қатыгездікке ұшырайды. Азаматтығы жоқтықты жою, бүкіл әлемде тоқтату – қол жеткізуге болатын мақсат.
Игерілмей жатқан жерді қайтару қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанына тоқталды. «Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деп атап өтті. Қазіргі таңда жер біреуде бар, біреуде жоқ. Үкіметтен ұзақ жылға жалға алып отырғандар өзге жері жоқтарға жалға беріп қойып, солардың үстінен пайда көріп отыр. Тәуелсіздік алғалы шет мемлекеттерден елге оралған қандастарымыз, сол жылдардан бері туып-өсіп, ер жеткен кейінгі ұрпақ та жерді игергісі келеді. Бірақ олардың ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, жер әлдеқашан бөліске түсіп кеткен. Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін соларға игеруге беру жолдарын қарастыруға бола ма?
Партия өтініші бойынша Жоғарғы сот өкілдері сотқа жүгінгендерді қабылдады
Nur Otan партиясының өтініші бойынша Жоғарғы соттың төрағасы А. Жақыповтың тапсырмасымен Жоғарғы соттың өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерден келген сотқа жүгінгендерді қабылдады.
«Болашақтың» түлегі – саяси мектеп директоры
Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, партияның Саяси менеджмент академиясы Саяси менеджмент мектебі болып өзгертілді. Ал Nur Otan партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шыңғыс Нұрланов тағайындалды.
Бақылау тетіктері түсіндірілді
Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалында өткен партиялық бақылау комиссиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бойынша қоғамдық бақылау орнату мәселесі талқыланды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау бар
Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін және ұсыныстарын талқылау мақсатында үшінші мегаполисте алқалы жиын өтті.
Теңге тұмаурата бере ме?
Үкімет отырысында Ұлт­тық банк басшысы үлкен монитордан паш еткен, әлдебір таудай өркештен­ген сызықты диаграм­маны журналистер әзілдеп, «Досаев шыңы» деп атады. Ол графика ұлттық валютаның құн­сыз­дануы­ның «шырқау шегіне» жеткенін көрсетеді.
Компьютері жоқ ұйымдар көп
Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында Қазақстанда тіпті кәдімгі компьютері жоқ ұйымдар үлесі сол бұрынғыдай көп болып отыр. Оның үстіне олардың қатары кейінгі бес жыл ішінде көп кемімеген екен.
Үкімет төрт тойға қамданады
Үш мегаполис әкімінің құзыры күшейтіледі. Қазақстандағы тұрғын үй бағдарламалары бір-біріне қосылып, оларды жүзеге асыратын мекемелер саны азайтылады. Азаматтарға өздерін қатты толғандырған мәселе бойынша қарсылығын көшеде білдіруіне рұқсат етіледі. Ел өміріне енеді деп күтілген осы және басқа да жаңашылдықтар жайында Үкімет отырысында сөз болды.
Оқушы ма, еден жуушы ма?
Ресейде өткен Әлем чемпиона­тында жапон жанкүйерлеріне таңдандық. Жапония жеңсе де, жеңілсе де, стадион ішін жинас­тырып жүрді. Ойыншылары да киім бөлмесін таза ұстаған. Сөйтсек, күншығыс елінде жан-жағын жинап жүруді мектептен үйре­теді екен. Осы жүйені сіңі­реміз деген білім басшыла­ры іске кірісіп кетті. Нұр-Сұл­тан қаласында 7-11-сынып оқу­шылары сабақтан кейін ка­би­нетті тазалап, еденін жуады.
Бизнеске берері жоқ банк те бонус алады
«Экономикаға қызмет етпейтін қаржы институттары». Бір сөзбен біздегі банктердің қызметін отандық сарапшылар да, халықаралық мамандар да осылай сипаттап берді. Қаржылық есептілік депозитариі жақында банктердің басқарма мүшелері 2018 жыл үшін қанша сыйақы алғаны туралы ақпарат жариялады. Бұл мәлімет қоғам белсенділері тарапынан наразылық туындатты. Жеке сектор болғанына қарамастан банктер мемлекеттің «асырауында» отыр деп есептейді әлеуметтік желі қолданушылары. Тіпті, Президентпен кездесу барысында Ұлттық кеңес мүшелері де қаржы институттарының шектен тыс қаржылай қолдау көріп жатқанын жасырмады.
Беттер: 1 2 Келесі