«Біз ешкімге керек емеспіз»

Естеріңізде болса, былтырғы 5 баланың өліміне бүкіл ел дүрлікті. Мұндай оқиғаның қайталанбайтынына кім кепіл? Осының мән-жайын білу үшін базар маңайындағы, шет аудандардағы от жағып, пеш түбінде тамақ әзірлеп отырған отбасылардың шаңырақтарына бас сұқтық.

«Біз ешкімге керек емеспіз»
Суретті түсірген Айтжан Мурзанов
Нұр-Сұлтан – еліміздегі бай-бағландардың қаласы. Теледидардан көргенде астана жанның рақаты секілді. Алайда мұнда да шешілмей жатқан мәселелер шаш етектен. 

Aiqyn_dom-2
© А.Мұрзанов
Күн суытты. Жылыту маусымы басталды. Қара жұмысқа жегілген қараша тұрғындар бас қаланың оң жағалауындағы мыңдаған жер үйлерді паналайды. Ол үйлердің басым бөлігінің жай-күйі адам аярлық кейіпте. 

Сөйтіп, бес сәбиді жалмап кеткен Көкталға бет алдық. Алайда қаладан шықпай жатып көпқабатты үйлердің, зәулім-зәулім ғимараттардың арасында 4-5 үйден, 1-2 көшеден қалып қалған жер үйлердің барын байқадық.

Aiqyn_dom-1

Соған тоқтап, олардың да жай күйі қаншалықты екенін бағамдап шықтық. Қаладағы Иманбаева көшесінің бойында, №54 мектеп-лицейдің дәл жанында 3-4 жер үй бар. Бейне бір арал секілді. Бір шетінде KFS мен АЗС болса, екінші шетінде Іскерлік үй Алматы тұр. Әйтеуір, аулада жүрген ешкімді байқамадық. Бірақ тіршілік бар. Жөргектегі баланың киімі жаюлы, ит байлаулы тұр.


Бағдаршам арқылы қарсы беттегі Жәнібек Тархан көшесіне өттік. 74/2 деп басталатын көшеде 3-4 үй ғана бар. Бәрінің есігі жабық тұр. Сөйтіп тұрғанда көшенің арғы бетінен сол үйлердің иесі келіп қалды. Екі қолында азық-түлікке толған дорбасы бар. Есімі – Венера екен.

Aiqyn_dom-5.jpg

Үй иесі – Венера

Оның айтуынша, Асан қайғы мен Жәнібек Тархан көшесінің қиылысында орналасқан үйлер Целинный шағын ауданына қарайды. Ол бұл үйде 2000 жылдан бері тұрады. «Бұл үйді құлатамыз» деген қағаз әкімшіліктен 2002 жылы бір рет келген. Бірақ содан бері 17 жыл өтті, ешқандай хабар жоқ. 

«Мынаның бәрі – ескі үй, салынғанына 56 жылдай болды-ау, баяғыдан құлату керек. Инвестор болмағандықтан біздің үйлерді құлатпай тұр. Құлатса, жаңадан үй салынар еді» деп сенім білдірді.

– Қатты жел соқса, төбедегі ағаштың бұталары құлаумен болады. Бір күні өзі де құлайды. Әкімшілікке хабарлассаң, өз қаржыңа жасату керегін айтты. Өзіміз шақыртсақ, 40 мың теңге сұрады. Жетім қалған екі баланың қамқоршысымын. Менде мұндай ақша қайдан болсын, – дейді Венера. 

Астана қалалық жарық мекемесі ағашты кесіп тастау мүмкін емесін жеткізіп, бұталарды алып, тоқты жалғаған. Дегенмен үй иесі қатты жел тұрса, ағаштың астында қалып қаламын деген қорқынышын жасырмады.

AITZ5940.JPG

Оған қоса, осы тұрған 4-5 үй иесінің бәрі – зейнеткер екен. Ал оларға көмір алудың өзі қиын. Сатып ала қалса, кіргізудің өзі жұмыс. 

– Қазір көмір жаман болып кеткен. Пеш жағудан да шаршадым. Осы үйден анам иіс тиіп қайтыс болды. Негізі иіс тигеннен анам мен күйеуім жан сақтау бөліміне түсіп, комада бес күндей жатқан. Өкінішке қарай, анам қартаң адам еді, содан есін жыймады. Ал күйеуім аман қалды. Біз ешкімге керек емеспіз. Мәселемізді айтып, барлық жерге хабарластық. Ешқандай нәтиже жоқ. Бес бала өртеніп кеткендей жантүршігерлік жағдай болмаса бізде ештеңе жасалмайды, – деді ол.

Осыдан шығып бара жатқанда Есіл көшесі бойында да жерге кіріп кеткен, құлағалы тұрған үйлердің барын көрдік. Содан жол-жөнекей Балқаш көшесіне түстік. Балқаш 10 жер үйі сатылады деген хабарды көріп, жазылған нөмірге қоңырау шалдық. Телефонның ар жағындағы ер адам 6 соттық жері бар үйді 19 миллионға сататынын жеткізді.

AITZ5950.JPG

Оның айтуынша, үйдің салынғанына 50 жыл болған. Онда кәрі апасы тұрған екен. Жақында ғана ол дүниеден өтіп, үйді мұраға қалдырыпты. Міне, олар оны сатуға ұйғарыпты. Аулаға кірсек, үй құлағалы тұр. 

AITZ5956.JPG

Сөйтіп, жолымыз жалғасты. Сарыарқа ауданының Шақпақ көшесіне бойлай кіргенде бір ғана құдық тұр. Суды бірі көлігімен келіп, толтырып алып жатса, енді бірі бөтелкемен тасып жатыр. Біз, су алған апамызды сөзге тарттық...

AITZ5983.JPG

– Мына жерге ең құрығанда бір нәрсе сеуіп, ой-шұқырын жапса болар еді ғой. Жақын жерде құдықта жоқ. Өзім арғы көшедегі қызыл үйде тұрамын. Ай сайын судың ақшасын төле деп қиғылық салады. Бірақ біз неге төлейміз, осыны түсінбейміз. Амалсыз төлеп отырмыз. 

AITZ6062.JPG

Әйтпесе, ішетін суымызды дүкеннен былайда былай сатып аламыз. Ал мына құдықтағы суды іше де алмайсың. Жуынғанға, ыдыс-аяқты жуғанға тасып қоямын. Тым құрығанда құдықты жанымызға қойса екен. Әр көшенің басында құдық болғаны жақсы емес пе?!,  – дейді Рабиға Құсайынова.

Апамен еріп үйіне бардық. Мұса Жәлел көшесінің бойындағы 32-үйде тұрады. Өзі Қарағанды облысы, Кировканың тумасы екен. Балалар осы жаққа келген соң, бірге келген. Бастапқыда Еуразия жақта тұрған. Қазір қызыммен бірге, оның 5-сыныпта оқитын баласына бас-көз. Қызы болса, күні бойы жұмыста екен. Сол қызының жұмысын жеңілдету үшін алыстығына қарамастан суды тасып қояды.

AITZ6006.JPG

– Мына жаққа көшіп келгеніме 3 жылдай болды. Мында не су, не канализация жоқ. Күнде көмір жағамыз. Қаражардың көмірін 12 500-ден аламыз, – деді апа. «Мені қойшы, жанындағы көрші үй қатты қиналады. Үйінің ішіне су кіріп кетеді. Қазір тіпті насос салып қойған» деген Рабиға апамыз көршісіне апарды.

Рабиға апаның немересіAITZ6055.JPG

Шынымен, оның үйін үй деп те атауға қиын, қора секілді. Ол үйінің ішін суретке түсірткісі келмеді. Бірақ үй жартысына дейін жерге кіріп кеткен. Есігі ашық жатыр. Ішіне насосты тартып қойған. Жауын жауып, қар ерісе болды, үйдің іші суға толып кетеді екен. Бірақ үй иесінің бойы бұған үйреніп кеткен секілді.

AITZ6099.png
Үй иесі, Лида

– Бұл үйде 2000 жылдан бастап тұрып келеміз. Қаладағы үйден айырылып қалған соң, осында келдік. Үйді су алып жатқанда төтенше жағдай көмегі дер кезінде келмейді. Қазір тіпті шақыруды да қойдық. Насос қойып қойғанмын. Одан гөрі мені мына нәрсе мазалап тұр, – деп қақпаның сыртында тұрған құбырды меңзеді. 

AITZ6103.JPG
«Мынау не екенін білмеймін. Бірақ осының кесірінен қазір үйге көмір кіргізе алмай отырмын. Осы мәселені суретке түсіріп, хат жазып әкімшілікке жібердік. Әлі ешқандай жауап келмеді. Енді не істейтінімді білмеймін» деп  кейіп отыр Лида. 
AITZ6123.JPG

Көлікке отырып, көшеден шыға бергенде жол бойындағы үйдің шетінде жерде біреу жатты. Әрлі-берлі өтіп жатқанның біреуі тоқтап, бас бұрған емес. Халықтың еті үйреніп кеткен бе, әлде ел қатыгез бе, кім білсін?! Бірақ өтіп жатқандарға бұл қалыпты нәрсе секілді.

AITZ6143.JPG

Сол көшенден шығып келе жатқанда көлік жөндейтін орындар бар екен. Соның жанындағы құлап жатқан үйге жақындай бергенде қайдан екені белгісіз, бір ер адам жүгіріп шықты. Сөйтсек, ол сол үйдің иесі екен.

AITZ6144.JPG

Оны жақында ғана сатып алған. Қандай мәселе барын сұрастырып едік, канализация тарттыру қажетін айтты да, «қанша жаз-жазба бәрібір ештеңе өзгермейді. Ешкім ештеңе істемейді» деп қолын бір серпіп, кетіп қалды. Сол оймен біз де қайттық...

Анар ҚОНЫС

Суретті түсірген Айтжан МУРЗАНОВ