Жарықшамдардың дизайнын ойлап тапқан студенттер арасында байқау өтті

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында студенттердің арасында жарықшамдардың байқауы өтті.

Жарықшамдардың дизайнын ойлап тапқан студенттер арасында байқау өтті

Көрмеге жастардың қарапайым материалдардан жасаған жұмыстары қойылды. Бұл туралы ҚазБСҚА жанындағы инновациялар және қосымша білім беру Институты директорының міндетін атқарушы Батжамал Әйкенқызы хабарлады.

IMG_7468.JPG

«Біз жұлдыздарды жағамыз», «Z ҰРПАҒЫ» деген ұрандармен өткізіліп жатқан шараға Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, академия жанындағы колледж және Қазақстан Американ Университетінің студенттері қатысты. 

IMG_7450.JPG

Байқаудың талаптарына сәйкес жастар жарықшамды толықтай өздері жасап шығуы тиіс. Төбеге бекітілетін немесе үстелге қойылатын шамдардың қауіпсіздігіне де ерекше мән берілді. Жарықшамдарға тек электр қуатын үнемдейтін шамдар қолданылды. Заттар күнделікті қолдануға да ыңғайлы болуы тиіс. 

IMG_7497.JPG

Көрмеге студенттердің 50-ге жуық жұмысы қойылды. Олардың арасында хай-тек стилінде жасалған смартфон арқылы басқарылатын, фантастикалық образ түрінде жасалған шамдар бар.  Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Ал, үздік деп танылған жұмыстар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының лофт стилінде жаңадан ашылған Жастардың комьюнити орталығын безендіреді. Жарықшамдардың біраз бөлігін жастар жатақхана бөлмелеріне қоймақ.
IMG_7460.JPG

IMG_7478.JPG

IMG_7492.JPG
IMG_7493.JPG
IMG_7502.JPG