Футболшы қызды қарсыластары қорғап қалды (видео)

Орамалы шешіліп қалған футболшы қызды қарсыластары қоршап, қорғап қалды. Бұл жайында Prosports.kz хабарлады.

Футболшы қызды қарсыластары қорғап қалды (видео)
Сурет интернеттен алынды

Иорданияда футболдан қыздар арасындағы чемпионаттың кезекті бір матчысы өткен. Сол матчта допқа қызу талас жүріп жатқанда кенеттен бір ойыншының басындағы орамалы шешіліп қалды. Футболшы қызды қарсылас команданың ойыншылары көрермендерге көрсетпеу және киімін жөндеп киіп алуы үшін көлегейлеп жауып алған.

Сөйтіп, «Шабаб аль-Ордон»  ойыншылары Fair Play ережесінің тамаша үлгісін көрсетті. Ал орамалды қыз өзінің аты-жөнінің еш жерде жазылмауын қалаған.