Елбасы туған жерге деген сағынышын жеткізді (видео)

Елбасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Тұңғыш Президентіміздің туған жерге деген сағынышын көрсететін видео жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев: – Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…