Тұрғындармен кездесу маңызды
Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінің мәжіліс залында Nur Otan партиясы Бәйтерек аудандық филиалының отырысы өтті. Жиында Nur Otan партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Асхат Шахаров, Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық филиалдың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов және Jas Otan Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және т.б. сөз сөйледі.
NUR OTAN-да жедел желі жұмыс істейді
Сыбайлас жемқор­лық­тың қандай да бір көрінісіне тап болған еліміздің кез келген тұрғыны Nur Otan пар­тиясына хабарласа ала­ды. Ол үшін Пар­тиялық ба­қылау коми­те­тінде арнайы 8 800 080 44 41 же­дел желісі іске қосылды.
Жасөспірімдер қылмысы азаймай тұр
Nur Otan партиясы жа­нын­дағы Балалардың құқы­ғын қорғау жөніндегі рес­пуб­ликалық кеңестің өкілдері Түркістан облысына келді. Шымкентте осы кеңес­тің ба­лалардың құқы­ғы мен заңды мүддесін қор­ғауды қамта­масыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды зер­делеу және жинауға жауапты жұ­мыс тобының қатысуымен жиын өтті. Жиынды Түр­кіс­тан облысы әкімінің орын­басары Сәкен Қалқаманов жүргізді.
Бастауыш партия ұйымдары бақ сынады
Қызылордада «Бастауыш ұйым – партия тірегі» атты тақырыпта ұлттық спорт түрлерінен бастауыш партия ұйымдары арасында турнир өтті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған сайыста қатысушылар «Тоғызқұмалақ», «Қол күресі», «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту» спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Жалынды жас, жарқын болашақ
Талантты, белсенді жастарды қолдау – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Соның бір көрінісі – ел басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы. Бұл – қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігі жоғары мамандардың республикалық деректер базасы.
Алматыдағы ең үлкен көк байрақ Медеуде желбіреді
«Медеу» мұз айдынының маңына Алматыдағы ең үлкен Ту тігілді. Көк байрақты көтеру салтанатына есімдері елге белгілі спортшылар мен қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Дариға Исмағамбетова, Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Тынымсыз еңбек, тындырымды іс көп
Жыл басынан бері Ақтөбе­дегі партия филиалдарының қо­ғамдық қабылдауларына 2 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 46 пайызы оң шешім тапты. Партия Төрағасының бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы қоғамдық қабылдау бөлме­лерін­де сәтті жұмыс істеуде
Бауыржан Байбек Ян Сяодумен кездесті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі,  ҚХР Мемлекеттік бақылау комиссиясының төрағасы Ян Сяодумен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында  тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Nur Otan Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды ұсынды
Nur Otan партиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл туралы саяси ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Тегін баспана кімге беріледі?
Баспанаға сұраныс көбеймесе, азаймасы анық. Болашақта үй тегін берілмейді. Пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасының нарық бағасымен баспана сатып алуға қаржылық мүмкіндігі де жете бермейді. Жұмыссыз жүрген азаматтарға тегін баспана беруді қолға алған «Асыл адам» қайырымдылық қорының жетекшісі Көңілбай Шүкеновтен сұрап білдік. Бұған дейін үйсіз-күйсіз жүрген отбасыларға Астана, Қарағанда, Ақмола облысында тегін баспана салып беріп, кәсіп ашып берген бастамасын бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Ақмола облысы әкімдігі, Nur Otan партиясы қолдап отыр.    
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 42 Келесі