Дариға Исмағамбетова, Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Тынымсыз еңбек, тындырымды іс көп

Газет мақаласы "Айқын" газеті №157

Жыл басынан бері Ақтөбе­дегі партия филиалдарының қо­ғамдық қабылдауларына 2 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 46 пайызы оң шешім тапты. Партия Төрағасының бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы қоғамдық қабылдау бөлме­лерін­де сәтті жұмыс істеуде

Дариға Исмағамбетова,  Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Тынымсыз еңбек, тындырымды іс көп

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген негізгі міндеттер мен талаптар бойын­ша, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сын­дар­лы қоғамдық диалог – Қа­зақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­дауында еліміздегі түрлі әлеу­меттік мәселе бойынша туындап отырған бірқатар жайттарды айтқан болатын. Бұл ретте Пре­зиденттің балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту туралы тапсырмасын ерекше атап өткен жөн. Бүгін Жолдауда айтылған тапсыр­ма­ларды іске асыру мақсатында, ерекше балаларды өмірге бейім­деу үшін білікті мамандар тара­пынан үздіксіз психологиялық-педагогикалық түзету, қолдау мақсатында қалада арнайы тү­зе­ту балабақшасы ашылды. Ба­ла­бақшада аутизмге шал­дық­қан, тірек-қимыл аппараты бұ­зылған, психикалық дамуы те­желген, ақыл-ойы шала дамы­ған, сөйлеу қабілеті бұзылған, Даун син­дромы бар мектепке де­йінгі жас­тағы балаларды бе­йімдеуге мүмкіндік бар. Сон­дай-ақ бала­бақшаның кадрлық құрамына «Серпін» бағдар­ламасы бо­йынша білім алған ар­найы мамандар тартылды. Айта кетейік, қазіргі кезде об­лыста 18 жасқа дейінгі 3 471 мүм­кіндігі шектеулі бала бар. Оның 743-і «церебральды сал ауруы» диаг­нозымен ауырады.

Ұзақ жыл бойы ерекше білім беру қажеттілігі бар бала­лардың жазғы демалысын ұйым­дастыру және сауықтыру мәсе­лесі де еліміздегі маңызды мәсе­лелердің бірі саналады. «Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе облысында Қазақстан бойынша алғаш рет «Күншуақ» лагері ашылды. Демеушілік көмекпен лагерь аумағында заманауи ойын, спорт және инклюзивтік алаңдар орнатылды, Монтессори кабинеттері, сенсорлық бөлме, жұмсақ және ойын аймақтары үшін арнайы жабдықтар сатып алынды. Лагерь жыл бойы жұ­мыс істейді және онда балалар­дың ата-аналарымен бірге болуына мүмкіндік қарасты­рылған. Сонымен қатар аутизмі бар балалар үшін «Аяла» оңалту орталығы жұмысын бастады. «Болашақ» корпоративтік қо­рының қолдауымен қаладағы екі мектепте инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Жолдауда айтылған осындай қоғамдағы түйіні шешілуі тиіс мәселелер кезең-кезеңімен реттеліп жатыр. Алдағы күндері Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда айтқан міндеттерінің жүзеге асырылуы туралы жер­гілікті атқарушы органдардың есебі партия филиалының алаң­дарында тыңдалады.

– Халықпен тиімді кері бай­ланыс орнату – басты тақырыптың бірі. Осы уақытқа дейін бұл мақ­сатта нақты қандай іс-шаралар қолға алынды? Nur Otan партия­сының аймақтық филиалдары қанша қоғамдық қабылдау өткізді? Тұрғындар көбінесе қай мәселе бойынша көмекке жүгінді?

– Партия Төрағасы Н.Назарбаев Nur Otan партия­сы Саяси кеңесінің отырысында халықтың сұраныстарын уақы­тылы анықтауды және мемле­кеттік органдарға жеткізуді, қо­ғамдық қабылдау орындарының қызметін мейлінше жақсартуды тапсырды. Бүгін азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұ­мыс сапасын арттыру мақса­тында облыста нақты жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ фор­мализмді болдырмау мақсатында халықтың көп жиналатын орындарында дербес кездесулер ұйымдастырудамыз. Қазір «Заң­герлік көмек» жобасы аясында заңгерлердің көмегіне жүгіне­тіндер саны артып келеді. «Қа­зақстан заңгерлер одағы» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лесті­гімен жасалған меморандумның негізінде, қоғамдық қабылдау бөлмесінде білікті заңгерлер кеңес беріп отыр. Бүгінгі күні 32 қабылдау ұйымдастырылып, 65 азамат мамандардан тегін заңгерлік кеңес алып, мәселесін шешуге мүмкіндік алды.

«Ақтөбе облысының медиа­торлар кеңесі» қоғамдық бірлес­тігімен бірге «Татуластыру орта­лығы» жобасын іске асыру жос­парланып отыр. Сонымен қатар барлық партия филиалы мен мәслихаттардағы фракция мү­ше­лерінен бастап әкімдер, бас­қармалар мен кейбір депар­та­менттердің басшылары халық­пен әлеуметтік желілерде онлайн чат арқылы азаматтарды тол­ғандыратын мәселелердің оң шешім табуына көмектеседі.

Жыл басынан бері Ақтөбе­дегі партия филиалдарының қо­ғамдық қабылдауларына 2 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 46 пайызы оң шешім тапты. Партия Төрағасының бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы қоғамдық қабылдау бөлме­лерін­де сәтті жұмыс істеуде. Аталған жоба аясында мемлекеттік орган өкілдерінің, фракция мүше­ле­рінің және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен 521 тұрғынды қамтыған 59 қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға көбіне тұрғындар тұрғын үй мә­селесімен немесе жұмыс сұрап келеді. Жұмысқа орналастыру мәселесімен келген азаматтарға мемлекеттің Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасы шең­берінде жәрдем беруге атса­лы­судамыз.

Тұрғын үй мәселесін шешуде өңірде «Нұрлы жер», «7 – 20 – 25», «Бақытты отбасы» бағдар­ламалары тиімді жүзеге асыры­лып келеді. Азаматтардың бас­пана алу құқығын іске асыру үшін облыстық бюджеттен тұр­ғын үй сертификаттары түрінде ұсыну үшін 200 млн теңге со­масында қаражат бөлінді. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағ­дарламасы аясында Ақтөбе қа­ласы және облыс аудандарында 155 отбасы жергілікті атқарушы органның кезек тәртібімен тұр­ғын үймен қамтамасыз етілді. «Ба­қытты отбасы» бағдарламасы бас­талғаннан бері қала әкім­ді­гімен 1 468 жолдама берілді, оның ішінде 530 отбасы «Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі» АҚ Ақтөбе фи­лиалына 2% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы аясында тұр­ғын үй алуға өтініш берді. Оның 179-ы – көпбалалы отбасы.

– Елбасы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жиынында пар­тия қатарына жастарды көбірек тарту қажет екенін ерекше атап өтті. Бұл мәселе облыста қалай шешілуде?

– Қазір облыстың жалпы ха­лық (877 300) санының 23,1 па­йызын 29 жасқа дейінгі жастар (202 685) құрайды. Ал партия қа­тарындағы жастардың үлесі – 20,4 пайыз. Партия қатарына жастарды тартуда бұл көрсет­кішпен тоқтап қалмаймыз. Жыл сайын «Серпін» бағдарла­ма­сының түлектері мен «Дип­лом­мен ауылға» бағдарламасымен ауылға барған жастарымызды салтанатты түрде партия қата­рына қабылдау шаралары дәс­түрге айналған. Биыл еңбек етуге жолдама алған 553 жас маманды партия қатарына қабылдадық. Жастардың басым бөлігі Jas Otan Жастар қана­тының құрамына шоғырланған. Партияның жү­зеге асырып отырған «Ардагер­лерді ардақ­тайық», «Кедергісіз келшек», «Бақытты отбасы» жо­балары аясындағы шараларды жүзеге асыруда жастардың құл­шынысы ерекше. Жоғары оқу орында­рындағы жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша да жастарымыз тындырымды жұ­мыстар атқарып отыр. Қала­дағы 2 мемлекеттік жоғары оқу орны мен 16 кәсіптік білім беру ме­кемелерінің студенттері мен студенттік жатақхана тұрғын­да­ры арасында жасырын сауал­намалар жүргізілді. Анықталған ақпараттарға негізінде оқу орын­дарының өкілдеріне түсін­діру жұмыстары жүргізілді.

– Партияны қайта жаңғырту бойынша нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Елбасының Саяси кеңес­тің кеңейтілген отырысындағы тапсырмасымен депутаттық фракция мүшелері адамдар көп жиналатын жерлерде, базарлар мен ірі мекемелерде халықпен кездесулер өткізуде. Фракция­ның, бюро және партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарлары жаңартылды. Партия активтерінің аудандар мен шалғай ауылдарға шығу кестесі бекітілді. Күн тәртібіне тұрғындардың өзекті мәселелері шығарылды. Жергілікті атқа­ру­шы органдардың кейбір басшы­лары мен депутаттық фракция мүшелерінің партиялық жауап­кершілігін қарау жоспарға енді. Сонымен бірге белсенді азамат­тық қоғам өкілдерін партиялық жобаларды жүзеге асыруға және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауға жұмыл­дыру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ партияның депутат­тық фракциясы да облыс әкімі­нің аппаратымен және жергілікті мәслихаттармен тығыз жұмыс орнатып жатыр.

Партияның өңірлік филиалы әлеуметтік интернет желілерінде депутаттық фракция мүше­лері­нің белсенділігіне талдау жүр­гіз­ді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағыттары бо­йынша депутаттық фракция­ның мүшелері басқа­ратын партия кураторлары ко­мис­сияларының 32 отырысы ұйым­дастырылып, арнайы рейд жұ­мыстары жүргізілді. Оның қо­рытындысы бойынша мем­ле­кеттік органдар мен түрлі ұйым­дарға 148 ұсыныс шыға­рылды. Биыл депу­таттық фрак­циямен және оның мү­шелерімен 600-ден астам түрлі іс-шара және БПҰ мүшелерімен, еңбек ұжым­да­рымен және басқа да кезде­сулер өтті.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Абылайхан ЖҰМАШ