Әр сауалдың жауабы бар

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 173

Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгінде Nur Otan партиясы елмен етене жұмысын одан ары күшейтіп, халыққа бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Көмекке зәру жандарға қол ұшын созу, оларға қолдау көрсету де партияның басым бағыттарының біріне айналды. Тұрақты әрі жүйелі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдаулардың арқасында ел  тұрғындарының мәселелері оң шешімін табуда.

Әр сауалдың жауабы бар

Кезекті қабылдауды Nur Otan партиясының Респуб­ли­калық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ақпарат және қо­ғамдық даму министрі Дәурен Абаев өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар да, бейнебайланыс арқылы байланысқа шыққан азаматтар да министрге идеялары мен ұсыныстарын, талап-тілек­терін айтты. Мәселен, Қанат Ержігітов ұлттық мәдениетті насихаттайтын Dombyra те­леар­насын «Отау ТВ» спутник желісіне қосу туралы өтініш білдірді.

Министр қабылдауында болған Жанна Есенғарина есімді азаматша Qazaqstan ұлттық телеарнасын дамыту бойынша өзінің бірқатар ұсы­нысын ортаға салды. Өз кезегінде Шара Нақыпова да «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында «Бірге» жо­басын дамыту мәселесін көтерді.

Өтініш берушілердің та­лап-тілегіне жіті назар ау­дар­ған министр Дәурен Абаев кездесу соңында ведомство құзіреті шеңберінде орынды ұсыныстың барлығына ша­ма-шарқынша қолдау көр­сетілетінін айтты. Ол сонымен қатар қоғамдық қабылдауға қатысқан азаматтардың өті­ніш­тері толықтай қаралып, олардың бәрі мүмкіндігіне қа­рай шешімін табатынын да қоса жеткізді.

– Жалпы, мемлекеттік ор­гандар басшыларының қабылдау өткізуі орынды. Nur Otan партиясының осы алаңын пайдаланған дұ­рыс деп ойлаймын. Кей­бір сұрақтардың біздің министр­лік­ке қатысы жоқ екенін кө­ріп отырмыз. Азаматтар бір мәселені түсінуі керек: мем­лекеттік жүйе жұмыс істейді. Егер хат дұрыс жазылып, тиіс­ті жерге бағытталса, оған мін­детті түрде жауап бері­ле­ді, – деді Дәурен Абаев азамат­тар­ды қабылдаудан кейін тіл­ші­лердің сұрағына берген жауа­бында.

Айта кетейік, қабылдауда тұр­ғындардың мәселелері бойын­ша жауапты ор­ган­дарға бе­рілген тапсыр­ма­лар­дың орын­далуы жіті қада­ғаланады.