Бақытты жас отбасылар байқауы

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Семейдегі қалалық Мәдениет сарайында алғаш рет Семей қалалық «Жас Отан» Жастар қанаты мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті. Шараға «Семей Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі мен ішкі саясат бөлімі де атсалысты.

Бақытты жас отбасылар байқауы

Айтулы додаға Бауыржанов пен Ғалымбековтар, Кливенко мен Жалеловтер, Әбішев пен Тергемесовтер отбасы қатысып, өз өнерін ортаға салды.

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы сахналық сайыстар: таныстыру, өнер көр­сету, отбасы құндылықтарына ар­налған сұрақ-жауап, нәзік жандылар кулинарлық сайысы бойынша өтті. Әр отбасының байқауға үлкен дайындықпен келгені жарыс кезінде анық байқалды. Көрермендер коман­даларына қызу қолдау көрсетіп, жанкүйерлік танытты.

Салауатты өмір салтын ұстану және отбасының командалық рухын көтеру мақсатында өткен спорттық шарада әр отбасы же­ңіс үшін аянып қалмады. Ал­ды­мен сыртқы сайыс бо­йынша – «Тату отбасы» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Ерлер ара­сында өткен қол күресі де тар­тысқа толы болды. Көрер­мендер бейнебаян арқылы LED экран­нан қол күресін үлкен қызығу­шылықпен тамашалады. Әр кезең байқау ережелеріне сай өткізілді.

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауының қоры­тындысы бойынша Семей қа­ла­сының Мұхтар Әуезов атын­дағы педагогикалық коллед­жінің атынан шыққан Ғалым­бековтар отбасы «Шуақты шаңырақ – 2019» байқауының бас жүлдесін иеленіп, турнир жеңімпазы атанды. Нәти­же­сінде үздік деп танылған ко­манда Семей қаласы атынан об­лыстық сайысқа қатысуға жолдама алды.

Жайдарман көңілді тап­қырлар клубы атынан шыққан Жалеловтер отбасы «Өнерлі отбасы» аталымын жеңіп алды. Қазақ инновациялық гумани­тарлық-заң университетінен келген Бауыржановтар отбасы «Өнегелі отбасы» аталымын иеленді. Бауыржановтар отба­сының анасы Айдана Бауыр­жанова «Үлгілі келін – 2019» аталымына ие болды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға бағалы сый­лықтар, дипломдар, арнайы де­меушілердің атынан серти­фикаттар табысталды.