«Адал жол – әділ жол»

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Аймақта «Адал жол – әділ жол» сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы марафоны басталды. Басты мақсат – қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену.

«Адал жол – әділ жол»

Еске салайық, 1 наурызда бас­талған Ақмола облысындағы марафон желтоқсан айына дейін созылады. Биыл марафон бесінші жыл қатарынан өткізіліп, дәстүр бойынша Көкшетау қаласында басталды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім мең­герушісі Берген Беспа­линовтың айтуынша, марафон бүкіл ел бойынша өткізіліп келеді, бірақ 2015 жылы Ақмола облысында кафедраның бастамасы бойынша басталған.

– Қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру және жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастар­дың жігер, қуатын біріктіру мақ­сатында ұйымдастырылған мара­фонға келген жастардың қарасы қалың. Бұл – қуанарлық жағдай. Біз өскелең ұрпақты жастайынан жемқорлыққа жирене қарауға үйретсек, қоғам дертіне айналған кеселді түбімен жоюға қадам жасаймыз, – деді Б.Беспалинов.

Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастар парақорлыққа деген өз көзқарасын білдірді. «Адал жол» кітабы әр аудан өкілдеріне табысталып, жалғасын тапты.

Марафон шеңберінде облыс­та лекциялар, пікірталастар, дөң­гелек үстелдер, кездесулер, кон­ференциялар, автошерулер және өзге де шаралар өтпеді. Әр аудан жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасап, халықты жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақырады деп күтілуде. Эстафета алауы ретінде оның туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітап беріледі.