Ардагерлерге құрмет

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Жеңіс күні қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов соғыс және тыл ардагер­лерінің шаңырағында болып, қарияларды мерекемен құттықтады.

Ардагерлерге құрмет

Батыс Қазақстан облысының тумасы, бүгінде Маңғыстау өңі­рінде тұрып жатқан 96 жастағы кейуана Қамқа Үмбеталина әскер қатарына 1942 жылы шақырты­лыпты. Ол соғыс кезінде №9 әуе әскерінің бірінші Қиыр Шығыс майданында ұшқыш болған. Елге оралған соң көп жыл мұнай са­ласында еңбек етіп, абыройлы зейнетке шыққан.

Сұрапыл соғыс жылдары тыл­да еңбек еткен жандар да еш­қашан ұмыт қалған емес. Сондай кейіп­кер­лердің бірі Табын Оржанов та – тыл ардагері.

Болашақ ұрпаққа бейбіт ғұмыр сыйлаған Қамқа Үмбета­лина мен Табын Оржановпен емен-жарқын әңгімелескен ай­мақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді. Ол сондай-ақ арда­гер­лердің Отан қорғаудағы ерлігі бүгінгі ұрпақты отансүй­гіштік рухта тәрбиелеудің діңгегі екенін айта келе, Жеңістің әлем үшін маңызына тоқталды.

– Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбір­ші­лігі мен ерлігі, ерекше табан­дылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс, – деді әкім Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде, ардагерлер де естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілегін жеткізді.