«Бақытты отбасы» жобасы жалғасуда

Газет мақаласы Айқын газеті №74

Nur Otan  партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  XVIII съездегі тапсырма­сына сәйкес ел бойынша  «Бақытты отбасы» жобасы қолға алынған болатын.  Ілкімді бастама аясында көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасы­ларды қолдау бағытында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі Қостанай облысы Қараба­лық ауданында жергілікті партия филиалының ұйым­дастыруымен өтті. Шараға 15-ке жуық отбасы қатысты.

«Бақытты отбасы»  жобасы жалғасуда

Бұл жолғы бастама жас отба­сы­ларға арналды. Семинар-тре­нингке қатысушылар маман­дар­дан мәлімет алу мүмкіндігіне ие болды.

Аудандық еңбекпен қамту бө­лімінің басшысы Жанат Ескен­дірова жұмысқа орналастыру, еңбекке тарту мәселелері жөнінде айта келе, тұрғындарды жұмысқа орналастыруда жұмыс орындарын үлестеудің тәртібі қалай іске аса­тынын түсіндірді. Әңгіме бары­сында кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қорлары арқылы жеңіл­де­тілген несие алып, кәсіп ашудың жолдары айтылды. Ол сондай-ақ, еңбек етемін деген жандарға мем­лекет тарапынан қолдау көрсеті­летінін жеткізді.

– Көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелері мен жастардың бизнес идеяларын қолдау үшін биыл республикалық бюджеттен 384 грант бөлінді. Оның игілігін өңірдің 500 тұрғыны көруі тиіс. Бұл орайда Қостанай облысы 2019 жылы 970 көшіп келуші мен 605 оралманды орналастыруға дайын. Осы жылдың алғашқы үш айында екі жүзге тарта қоныс аударушы мен 470 қандасымызға квота берілді, – дейді Қарабалық ауданы «Еңбекпен қамту орталы­ғы­ның» директоры Жанат Ескендірова.

Кездесу барысында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алу туралы айтылды. Ақ халатты мамандар денсаулық сақтау бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берсе, заңгерлер шараға қатысушыларға заңгерлік кеңес беріп, консуль­тациялық көмек көрсетті.

Басқосу соңында шара ұйым­дастырушылары жоба аясында қолға алынып жатқан іс-шара­лар­дың, кездесулер мен семинар жұ­­мыстарының халық үшін ма­ңыз­дылығы жоғары екенін атап өтті.