Футбол командасы құрылады

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған футбол командасы құрылады. Іс-шара балалар футболын дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырылмақ.

Футбол командасы құрылады

Өткен жылдың қазан айында Nur Otan партиясының облыс­тық филиалы, Қазақстан мен Қа­рағанды облысының футбол фе­дерациясы, дене шынықтыру жә­не спорт басқармасы және «Шах­тер» футбол клубы арасында тиісті меморандумға қол қойылған болатын.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының атынан сынға түсетін ко­манданы тәжірибелі жаттық­тырушылар тобы жаттықтырады. Бапкерлер ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін Алма­тыда арнайы 2 айлық дайын­дық курсынан өтті.

Қазіргі кезде командаға мектептің 30 тәрбиеленушісі іріктеліп алынды. Команда мүшеле­рі­нің жасы – 9 жастан 14 жасқа дейін. Жаттығу жұмысы аптасына екі рет өткізіледі. Ерекше ба­ла­лар үшін арнайы форма мен доп сатып алынды.

– Бұл балалар үшін жақсы жаңалық болды. Өңірде жас жеткіншектердің саламатты өмір сал­тын ұстанып, спортпен шұ­ғыл­дануына барлық мүмкіндік жа­салып жатыр. Енді тек алға мақ­сат қойып, жетістіктерге жету ғана қалды. Балалар футболды жақ­сы көреді. Олардың алаңда қуан­ғанын көріп, біз де рақат ала­мыз, – дейді жаттықтырушы Ев­гений Свешников.

Қарағанды облысында ұлттық құрамаға лайықты кандидаттар дайындау жұмысы алдағы уа­қытта өз нәтижесін береді деп кү­тіліп отыр.

– Қазақстан футбол феде­рация­­сы чемпионат өткізуді жос­парлап отыр. Оған біздің аймақ та қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға атсалысқаны үшін Nur Otan пар­тиясына және футбол федерациясына алғыс айтамын, – дейді дене шынықтыру және спорт бө­лімінің басшысы Дмитрий Кар­пов.


А.ЖАСАНҰЛЫ