«Арманға жол» жалғасын табады

Газет мақаласы Айқын газеті №81

Биыл жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар арасында футболдан Қазақстан чемпионаты алтыншы рет өтеді. «Арманға жол» деп аталатын әлеуметтік жобаны Nur Otan партиясы, Білім және ғылым минис­трлігінің балалар құқығын қорғау комитеті, Қазақстан футбол федерация­сының қолдауымен Baurzhan foundation жекеменшік қоры ұйымдастырады.

«Арманға жол» жалғасын табады
Жобаның мақсаты – жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың физикалық әлеуетін арттырып, өздеріне де­ген сенімін нығайту. 2013 жыл­дан бері ұйымдастырылып келе жат­қан чем­пионатта жеңіске жеткен балалар үйінің 36 тәрбие­ленушісі әлемнің үздік футбол коман­да­ларына қонаққа барды. Мәселен, 2013 жылы Есіл қала­сын­дағы балалар үйінің тәр­биеленушілері «Барселона», 2014 жыл­ғы чем­пио­нат жеңім­пазы атанған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жас футбол­шылары «Милан» футбол ­клуб­тарына арнайы барған. 2015 жы­лы қазақ­стандық бала­лар Мюн­хендегі «Бава­рия» клу­бы­мен, 2016 жылы «Атлетико Мад­рид» ойыншы­ла­рымен, 2017 жы­лы ағылшын премьер-лига­сындағы «Челси» футбол ко­ман­дасымен кездессе, 2018 жылы жас футбол жан­күйер­лері Фран­цияда «Пари-Сен-Жер­мен» және «Сен-Этьен» клуб­тары ара­сында өткен матчты тамаша­лауға мүмкіндік алды. 
Биылғы чемпионаттың өңір­лік ойын­дары 27 мамыр мен 27 маусым аралығында Қазақ­станның барлық облыстары, Алма­ты және Нұр-Сұлтан қала­ларында өтеді.

 

Кәусар АХМЕТ