Жалпыұлттық акция қорытындыланды

Газет мақаласы Айқын газеті №87

#NurOtanTrends алаңында бас қосқан елімізге белгілі сарапшылар мен мамандар #BIRGE жалпыұлттық акциясының алдын ала нәтижелерін талдап, талқыға салды.

Жалпыұлттық акция қорытындыланды

Пікірсайысқа Президент жанындағы Қазақстан стра­тегиялық зерттеулер инсти­тутының директоры Зарема Шаукенова, Nur Otan партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, «Атамекен» ҰКП әкімшілік департаменті директоры­ның орынбасары Бауыржан Оразғалиев, Nur Otan пар­тиясы Стратегиялық баста­малар институты дирек­торының орынбасары Юлия Кучинская, «Еура­зиялық мониторинг» орта­лығы директорының орын­басары Жанар Төлен­динова қатысты.

Бағдарламаны TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев жүргізді. Талқылау кезінде әрбір ел тұрғынының ұсынысы Nur Otan партиясының назары­нан тыс қалмайтыны айты­лып, жалпыұлттық акциясы жұмысы туралы түсірілген арнайы бейнесюжет көр­сетілді.

Фархад Қуанғановтың айтуынша, ағымдағы сайлау науқаны кезінде азамат­тардан 450 мыңнан астам әлеуметтік өтініш келіп түскен. Талқылау кезінде Юлия Кучинская азамат­тардың жолдаған өтініш­теріне жан-жақты талдау жасады. Ал Жанар Төлен­динова әлеуметтік талаптар елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің бұрынғы жетекші тақырыптарынан басым екенін атап өтті.

Өз кезегінде Зарема Шау­кенова мемлекет тара­пынан көптеген қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етсе, Бауыржан Ораз­ғалиев азаматтар өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға тиіс екенін баса айтты.

Пікірсайыс алаңында қазақстандық білім берудің проблемалық мәселелері де талқыланды. Талқылауды қорытындылаған Фархад Қуанғанов акция аясында атқарылған негізгі жұмыс­тарға тоқталды. Отырыс соңында партия хатшысы бұл акция еліміздің даму жолында әр қазақстандыққа беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.

Айта кетейік, жал­пыұлттық акция жария­лан­ғалы бері науқан бойы халықтың ұсынысы мен тілектері жиналды. Іс-шара бары­сында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп пікірін білдіріп, дамудың жаңа кезеңінде Қазақ­станның алдында тұрған басым бағыттарды айқын­дауға қатысты.

Әбілмансұр ЖАСАН