Сайлау қорытындыланды

Газет мақаласы Айқын" газеті №94

Nur Otan партиясының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең бастауыш партия ұйымында өткен жиналысқа аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Абдильдаева, аудандық жастар орталығының маманы Жарқынай Сәдуова мен бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Мұқашев қатысты. Басқосуда Президенттің сайлау науқанына бастауыш партия ұйымы өкілдерінің қатысуы, белсенділік нәтижелері мен жалпыұлттық Birge акциясы аясында атқарылған жұмыстар нәтижесі сарапталды.

Сайлау қорытындыланды

«Сайлау науқанына қарасай­лықтар белсенді қатысты. Респуб­лика бойынша Жетісу өңірінің жетістігі жоғары екенін барлығы­мыз жақсы білеміз. Онда біздің бастауыш ұйымының да өзіндік үлесі бары анық. Сайлау науқаны кезінде және Birge акциясын жүзеге асыру барысында Қарасай ауданында желілік кестеге сәйкес 115 іс-шара ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде 54 жарияла­ным жарық көрді. Birge акциясы аясында 14 194 үгіт құралдары алы­нып, базаға 4 200 ұсыныс-тілек жи­нақталды», – дейді аудандық филиал төрағасының бірінші орын­­басары Ақшолпан Қайрат­қызы.

Қаскелең бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Үкенұ­лы­ның айтуынша, Қаскелең бастауыш партия ұйымындағы 68 топтық партия ұйымында есепте 3 528 партия мүшесі бар. Ірі бастауыш партия ұйымы ретінде сайлау науқанында тұрғындармен кездесулерді өткізуде белсенділік танытып, жүздесулер еркін фор­матта өткізіліпті. Әрбір айтылған өтініш-тілек Birge акциясы бойынша жинақталыпты. Тағы бір ерекшелік, бастауыш партия ұйы­мының мүшелері аудандық дең­гейде өткен форумға да белсене қатысып, баспасөз бетінде пікір­лерін жариялапты.

Жиынды қорытындылауда Пре­зидент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алу, жұмыс жоспарын жасақ­тап, алдағы уақытта әрбір бағыт бойынша жұмыс жүргізуге жоғары дайындықта болу туралы ортақ келісім жасалды.


Болат АБАҒАН