258 пәтер беріледі

Газет мақаласы "Айқын" газеті №104

Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдығына байланысты Nur Otan партиясы Батыс Қа­зақстан облыстық филиалы тө­раға­сының бірінші орын­ба­сары Серік Сүлеймен партия қатарына өткендерге билет табыстады.

258 пәтер беріледі

Партияның аймақта жүзеге асқан жобаларына ерекше тоқталып өтті.

– Нұр-Сұлтан күні қарсаңында партияға жаңадан қабылдан­ған­дарға сәттілік тілейміз. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикалық дамуына үлес қосу, мемлекеттік бағдарла­ма­лардың орындалуын бақылау, «Қазақстан – 2050» стратегиясын назарда ұстау керегін міндет етіп қойды. Облыста Nur Otan пар­тиясы құрамында 35 276 адам бар. Nur Otan – еліміздегі ең үлкен саяси күш. Партияның ХVIII cъезінің қарарына сай әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесу, тұрғындармен бай­ланысты күшейту бағытында жаңа партиялық жобалар іске қосылды. Шілдеден бастап Үкімет тарапы­нан жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек берілуде. Әлеуметтік тұр­ғыда осал топтар санаты бойын-ша үй кезегінде тұрғандарға биыл 258 пәтер беру жоспарланып жатыр.

«Құтты мекен», «Бақытты от­ба­сы», «Халыққа көмек» партия­лық жобалары жүзеге асып келеді. Партия атынан қоғамдық қабыл­даулар ұйымдастырылып, ақпан айынан бермен қабылдауға келген 1 500 адамның мұң-мұқтажын, арыз-шағымын тыңдап, 35 пайы­зы­ның өтінішін орындадық. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауқымында ауыл-аймақты аббат­тан­дыруға көңіл бөлінеді. Партия ел әлеуетін арттыру бағытында қызмет ете бермек. Осы мақсатта облыстағы 273 бастауыш партия ұйымымен тығыз байланыста боламыз, – деді Серік Сүлеймен.

Ерекше айтып өтер жайт, Nur Otan партиясының қатарына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұр­жан Мақсотов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы Баянгүл Семғалиева, «Квант» ЖШС-ның аға сатушысы Элеонора Строкова қабылданды.