Шаттыққа бөленген отбасы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №104

Астана күні қарсаңында Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасының нәтижесі айтылды.

Шаттыққа бөленген отбасы

Жеке кәсіпкер, «Қалқа» ша­руа қожалығының қожайыны Сағадат Мадалиев көпбалалы от­ба­сы Қасымбек Дәрменбековке баспана сыйлады. Қуаныш ие­лерін Шу аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Садықбай Көпбаев арнайы құт­тықтады.

– Ауылдың бірлігі бекем, тірлігі мығым, татулықты ту ет­кен тұрғындары кез келген сәтте «бір үйдің баласындай, бір қол­дың саласындай» бола білді. Ауылда әкім болғанда көзім жет­кен. Баспанаңызға бақ-береке дарып, бау-бақшаңыз жайнай бер­сін. Алты балаңыз елдің аза­мат болсын, – деді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаев. Сондай-ақ ақжаулықты әже Шымшық Мадалиева бастаған «ауылдың жеті қазынасы» атан­ған Нұржамал, Үміт, Тұрсынкүл, Орынкүл, Күлән, Дәмегүл сынды аналар және ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Марат Са­ғындықов жаңа қоныс берекелі болсын деген тілек айтты. Сауап­ты іске атсалысқан Сағадат Мада­­лиевтің жомарттығын ауыл­­дағылар жақсы біледі.

– «Жақсылық жасаңдар, қайырын өздерің көресіңдер» деп отыратын, анам жарықтық. Ол кісінің өсиеті біз үшін алтын­нан да қымбат қазына. Бала­лардың шат күлкісін көру – қуа­ныш, – деді Сағадат Мадалиев

.

                                                                                       

Ерман Әбдиев,

Жамбыл облысы