Партия қатарынан шығарылды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №105

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов қызметінен шеттетіліп, партия қатарынан шығарылды.

Партия қатарынан шығарылды

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында Н.Жолдасовтың үстінен арыз-шағым түскенін айтып, жазба жариялаған болатын.

– Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет. Партияға Nur Otan-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген арыз-шағым келіп түсуде. Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық бюросында қарап, Н. Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін, – делінген жазбада.

Осыған байланысты аталған мәселе партия Саяси кеңесі бюросының отырысында талқыланып, Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шеттетіліп, партия қатарынан шығарылды.

Бұдан былай партияда санға емес, сапаға мән беріледі. Халықты біріктіретін жалғыз ғана саяси күш – Nur Otan партиясы болғандықтан, оған деген елдің сенімін күшейту аса маңызды. Алдағы уақытта осы бағытта нақты шаралар қолға алынып, қарқынды жұмыс жүргізіледі.