Домбыраға ескерткіш қойылды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №105

Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланғаны бел­гілі. Ұлттық руханиятымызға қосар үлесі зор бұл ме­ре­кеде шымкенттіктер керемет бастама көтерді. Әр үй­дің төрінде ілулі тұруы тиіс ұлттық аспабымызға ар­налып Шымкент қаласының төрінен ескерткіш қойыл­ды.

Домбыраға ескерткіш қойылды

«Ұлттық домбыра» күнінде Шым­кенттегі әкімшілік-іс­кер­лік ор­талығының алаңында дом­быра ас­пабына арнап ор­на­тылған ес­керт­кіштің ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты жиынға Шым­кент қаласының әкімі Ғаби­долла Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының хат­шысы Ғани Ташқараев және зиялы қауым өкіл­дері мен мәслихат депутат­тары, қала тұрғындары және өнер мекте­бінің оқытушылары мен шә­кірт­тері қатысты. Биік­тігі 7 метрді құрайтын ескерткіш ұлт­тық нақыштармен көм­керіл­ген. Салтанатты жиында сөз ал­ған қала әкімі Ғабидолла Әбдіра­хы­мов Ұлттық коды­мыз­ды қайта жаң­ғыртуға бағыт­талған осынау ай­тулы мере­кенің әр қазақ бала­сына берері мол екенін атап өтті.

– Бұл күн – бәріміз үшін қуа­нышты күн. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым ғой! Домбыра ас­пап қа­на емес, қазақтың жаны, фи­ло­софиясы деуге бо­лады. Дом­бы­раның үнінен-ақ көп жайтты түсі­неміз. Бұл құн­ды­лық қала тұр­ғындарына, жас ұр­паққа сер­пін береді деп ой­лаймын. Ескерткішті орнатуға қол­дау көр­сеткен қала мәслиха­тының депутаттарына, жомарт жандар­ға алғысымды айта­мын. Барша­ңыз­ды атаулы күн­мен құттық­таймын, – деді қала әкімі.

Одан соң сөз алған ай­тыскер ақын Біржан Байтуов атаулы күн­ге арнап жазған ар­­науын оқып берді. Ол дом­быра күнінің белгі­ленуі жай­дан-жай емес еке­нін, бұл ру­хани жаң­ғыру бағы­тын­дағы ең сүбелі тірлік екенін атап өтті. «Ру­хы­мызды асқақта­та­тын ме­ре­ке­ден көп нәрсе күтеміз», – деді ол.

Мерекелік жиын ән-күйге ұлас­ты.

Е.МҰРАТБЕК,

Шымкент қаласы