Балалар жобасын қолдайды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №108

Алматыда балалар құқығын қорғауға арналған Biz bolashaq urpaqpiz конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Балалар жобасын қолдайды

Конкурс Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқын қорғау жөніндегі кеңестің қолдауымен Generation Next жастар жобасы және Tamos Family Club спорт кешенінің ұйымдастыруымен өтті. Байқауға қатысу үшін 7 мен 18 жас аралығын­да­ғы 14 өңірдің балалары эссе мен ролик түріндегі өздерінің өтініштерін жолдады. Барлығы 137 жұмыс түсті. Отырыс барысында алматылық қа­тысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков партия жастардың жобаларын үнемі қолдайтынын жеткізді. 

– Конкурстың мақсаты – бала­лар­дың құқығын қорғау, дарынды жас­тарды қолдау, оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті арт­тыру. Осындай байқауларды өткізудің арқасында еліміздің әр аймағынан жүздеген талантты бала шығады. Бай­қау балалардың қабілетін дамытудың ең тиімді тәсілі екені анық. Кон­курс­тар оқушылардың өмірге қажетті тә­жірибе жинауына, идеяларының іске асуына үлкен мүмкіндік туғызады, – деді Арман Халбеков.

Республикалық кеңес биыл ақпанда Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасы бойынша құрылды. Консультативтік-кеңесші орган орталық меморгандар өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, сондай-ақ қызметтері балалардың құқын қорғау мен отбасын қолдауға бағытталған қорлар мен үкіметтік емес ұйым­дардың басын біріктіреді.

Орталық балалардың құқын қорғау мен отбасыны қолдаудың негізгі стратегиялық бағыты мәселелері бойын­ша нақты іс шараларды пы­сықтап, іске асыратын механизмдерді жетілдіре түседі.