«Құтты мекен» жобасының игілігі мол

Газет мақаласы "Айқын" газеті №109

Партияның кезекті XVIII съезінде Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Бүгінде еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша өңірлерде ауқымды жұмыстар басталып кетті.

«Құтты мекен»  жобасының игілігі мол

Іс-шараны жүзеге асыру аясында Nur Otan партиясы Бостандық аудандық филиалында Фархат Мейрамұлының бас­шылығымен құрылған комиссия мүшел­ері аудандық әлеуметтік инфра­құрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамта­масыз ету жұмыстарын жүргізу бойынша бірнеше нысанды аралап қайтты.

Атап айтқанда, Алматы қаласындағы Манас көшесінің жаяу жүргінші зона­ларының күрделі жөндеу жұмыстары тек­серілді. Мұнда тұрғындардың бос уақыттарын ұйымдастыру үшін, қосымша учаскені құру мақсатында, жүзеге асы­рылатын жоба, жаяу жүргіншілер зонала­рының кеңейтілуі, серуендеуге арналған алаңдардың көбеюі, жолдардың сапалы жабындысы, орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің орнатылуы және жарық­тандыруы бойынша кешенді жұмыстар қамтылған. Әсіресе, серуендеу алаңының көгалдандыруына ерекше назар ауда­рылды. Ағаштардың, жасыл желектер мен жасыл қоршауларын отырғызу және оларды суару жоспарланған.

Айта кетейік, «Құтты мекен» пар­тиялық жобасы 7,5 млн ауыл тұрғынының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол үшін республикалық бюджеттен 3 жылға 90 миллиард теңге қарастырылды. Бұл қаржыға Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан және Шымкент шаһарына қосыл­ған елдімекендердің түйткілді мәселелерін шешу көзделіп отыр.

Тексеріс барысында жаяу жүргіншілер зонасының сапалы көріктендіруін қамтамасыз ету мақсатында, комиссия мүшелерінің тарапынан түрлі ұсыныс айтылды.