«Ноғайбайдың» жұмысымен танысты

Газет мақаласы "Айқын" газеті №109

Мәжіліс депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Алдымен халық қалаулылары Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан  «Ноғайбай» ЖШС-не барып, орталық жұмысымен танысты. «Ноғайбай» ЖШС ауылды абаттандыруда үлкен жұмыс атқарып келеді.

«Ноғайбайдың» жұмысымен танысты

Депутаттар Зәуреш Аманжолова, Жанат Омарбекова, Гүлнар Бижанова және Кәрібай Мұсырман дәнді, майлы және азық дақылдарын өсірумен айна­лы­сатын кәсіпорынның қызметіне оң ба­ғасын берді. Жалпы, егіс алқабы – 12 мың гектардан астам. Кәсіпорында 34 адам еңбек етеді. Орташа жалақылары – 105 мың теңге.

Серіктестік директоры Алтынбек Сапаров Ноғайбай ауылының гүлденуіне елеулі үлес қосып келеді. Кәсіпкер ауылында саябақ ашып, жастарға футбол және баскетбол, сондай-ақ жаттығу алаңдарын салып берген. Демалыс орталығы мен кітапхана да тұрғындардың жиі келетін сүйікті орнына айналған.

Ауылда адамның жақсы тұрмысына керектің бәрі бар. Былтыр фельдшерлік пункт ашылды. Әр үйге су кіргізілген. Жол бар, жыл сайын жаңа тұрғын үйлер салы­нып жатыр. Бұдан басқа кәсіпкер қа­йырым­дылықпен белсенді айналысады. Былтыр меценаттықты дамытуға қосқан үлесі арқасында Алтынбек Сапаров «Жомарт жүрек» республикалық байқауы­ның жеңімпазы атанды.

– Ноғайбай ауылының тыныс-тір­ші­лігімен таныстық. Бұл – кеңшардың бө­лімшесі болған шағын ауылдардың бірі. Осы елдің азаматы Алтынбек Сапаров шаруашылығын ғана дамытып қоймай, өз ауылының көркеюіне де зор үлес қосып келеді. Алтынбек сияқты азаматтардың игілікті ісі көпшілікке үлгі. Осындай ұлтжанды, іскер азаматтардың арқасында ауылдарымыз өсіп, өркендеу үстінде, – деді Кәрібай Мұсырман.

Биыл бұл ауылға оңтүстіктен 3 отбасы көшіп келеді деген жоспар бар. Оларға келе салысымен жаңа тұрғын үй берілмек. Ноғайбайға оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың саны бүгінде оннан асады. Кәсіпкер ауылға көшіп келгендерге мүм­кіндігінше жағдай жасап, серіктестікке жұ­мысқа аламыз деп отыр. Басты мақ-
сат – ауылды көркейту, оның экономи­калық әлеуетін арттыру.

– Әрбір кәсіпкер аймақтың әлеу­меттік-экономикалық дамуына белсенді қатысып, өз көмегін көрсетуі тиіс. Сон­дықтан осындай үлгіге кәсіпкерлеріміздің көпшілігі сүйенуі тиіс, – деп атап өтті сапар барысында Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман.

Халық қалаулылары сапар барысында ауыл-ауылдарды аралап, халықпен кездесу өткізіп, мемлекеттік бағдар­ламалардың нәтижелі орындалуын бақылауға алды.