11 отбасыға – баспана

Газет мақаласы "Айқын" газеті №109

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.

11 отбасыға – баспана

«Парыз» қорының қаржысы есебі­нен сатып алынған бұл баспаналар ауыл­дық жерлерде тұратын тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Nur Otan партиясы Шығыс Қа­зақстан облыстық филиалының төра­ғасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөнінде өңірлік қоғамдық комиссия құрылып, жұмысын бастап кетті.

Құрамына көпбалалы аналар қо­сылған аталған комиссия сатылым­дағы үйлердің тұруға жарамды, ауылдық жер болғандықтан мал ұстап, бақша өсіруге ыңғайлысын таңдап ұсыныс жасады.

Көпбалалы отбасыларға үйлердің кілтін Nur Otan партиясының аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Серік Ақтанов табыстады.

Салтанатты шарадан соң, баспаналы болған сегіз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Жаңылхан Буканова сөз сөйледі.

– Осыған дейін отбасымызбен пәтер жалдап тұрдық. Өзіміздің үйіміз бол­мады. Бүгінгі қуаныштың орны бір бөлек. Аудан әкімінің қолынан пәтердің кілтін алдық. Дәл мендей қуанып отыр­ған өзге де көпбалалы отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймын. Көп­балалы отбасыға жағдай жасап жатқан Президент Қасым-Жомарт Кемел­ұ­лына, облыс әкімі Даниал Кенжетай­ұ­лына, аудан әкімі Серік Қасымбек­ұ­лына ризашылығымды білдіргім келеді, – деді ол.

Бұдан бөлек салтанатты шара бары­сында өзге де қайырымдылық жұмыс­тары жасалды. Баспаналы болғанына шаттанған көпбалалы аналар басшы­лыққа алғысын жеткізді.