Жаңа міндеттер талқыланды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №111

Қызылорда облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясы отырысында партияның алдына қойған жаңа міндеттері талқыланды.

Жаңа міндеттер талқыланды

Жиынға фракция жетекшісі И.Құттықожаев, Nur Otan пар­тиясы Қызылорда облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары А.Әлназарова, Мә­жіліс депутаты Б.Кесебаева, фрак­­­ция мү­шелері мен қалалық фрак­ция­ның жетекшісі Ш.Әбдірах­­манов және бұ­қаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Фракция отырысының күн тәртібінде Қазақстанның Пре­зиденті Қасым-Жомарт То­қаевтың сайлауалды тұғырна­масы мен Nur Otan партиясы Тө­раға­сының Бірінші орын­басары Бауыржан Байбектің Қы­зылорда облысына жұмыс са­па­рымен келгендегі партия алдына қойған міндеттері айтылды.

Nur Otan партиясы Қызыл­орда облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары А.Әлназарова баяндама жасады.

– Қазақстан Президентінің сайлауынан кейін Nur Otan пар­тиясының алдында әлі де халық­тың сенімін күшейту жұмыста­рын қолға алу қажеттігі ай­қын­далып, басты міндетімізге айна­лып отыр. Адамға лайықты жағдай жасау, оның құқықтары мен еркіндігін қорғау, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету партия жұ­мысы­ның негізгі басымдықтарына ай­на­лып отыр. Сондықтан Қазақ­стан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырна­масын жү­зеге асыруда партияның рөлі ерекше, – деді А.Әлназарова.

Ол сонымен қатар халықтың сенімін күшейту мақсатында партия жұмысын түбегейлі қайта қарастырып, мазмұнды жұмыс­тарды жүргізуді тапсырды. Бұл істе партиялық бақылауды кү­шей­тіп, атқарылған жұмыстарды мәс­лихаттардағы фракция­лары­мызда белсенді түрде тал­қылауы­мыз қажет екенін айтты.

Фракция отырысында депу­таттар және өзге де қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сайлау науқанында кездескен және алдағы уақытта ескеретін проблемалық мәсе­ле­лерді ескере отырып, фрак­ция­мен бірлесіп, бірқатар жұ­мыс­тарды атқаруға шақырды.

Отырыс соңында төрағалық етуші И.Құттықожаев фракция оты­рысын қорытындылап, онда ай­тылған ұсыныс-пікірлер жи­нақ­талып, тиісті орынға ұсы­ны­латынын жеткізді.