Арыс тұрғындарынан 63 464 өтініш қабылданды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №116

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы арнайы Арыс тұрғындары үшін кең көлемді қоғамдық қабылдау өткізді. Сондай-ақ партия жетекшілері бастаған топ қаладағы қайта қалпына келтіру бойынша құрылысы аяқталған бірқатар үйді аралап, тұрғындармен кездесті.

Арыс тұрғындарынан  63 464 өтініш қабылданды

Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – тұрғындардың түрлі мәселесін анықтап, дер кезінде шешілуін қамтама­сыз ету, олардың өтініш-талаптарының орындалуын қадағалау. Бүгінде облыстық филиалға қала тұрғындарынан 125 шағым түсіп, оның 75-і оң шешімін тауып, қазіргі таңда 50 мәселе қаралуда.


Арыстағы төтенше жағдайға байла­нысты бұған дейін партия штабы мен қалалық партия филиалы тұрақты түрде тұрғындарды қабылдап, мәселелерін ше­шуге атсалысып келген болатын. Сонымен қатар облыстық филиал төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Жантөреева бастаған топ құрылыс сапасы мен тұрғындардың жағдайын білу үшін секторлар бойынша бақылау жүр­гізіп, құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді аралады. Онда тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажын ескеріп, қажеттіліктері мен ұсыныстарын тыңдады.

Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған үйлерге жөндеу жұмыстары уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер 35,41 пайызды құрады. Жалпы, 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған. Бұдан бөлек, төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғын­дарына 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін 63 464 адамнан өтініш қабылданған.

Қалада әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеуде. Жалпы, шаһарда 66 әлеуметтік нысан бойынша жөндеу жұ­мыс­тары жалғасып жатыр. Оның ішінде 4-еуі басынан салынады. Осы бағыттағы жұмыстарға 1 788 жұмысшы, 30-ға жуық құрылыс компания жұмыл­дырылған.

Түркістан облысы