Оқулық алып берді

Газет мақаласы "Айқын" газеті №122

Жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясы еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Дәстүрлі түрде өтетін шарада қайырымды жандар оқушыларды жаңа оқу жылына даярлауға атсалысып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға асығады.

Оқулық алып берді

Қайырымдылық акциясы Nur Otan партиясының Павлодар облыс­тық филиалында да жалғасын тапты. Оған депутаттар, мемлекеттік орган­дар басшылары, кәсіпкерлер және түр­лі шаруа қожалықтарының басшы­лары белсене қатысты. Шара бары­сын­да балалар мен олардың ата-ана­лары­на арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ көп­ба­лалы және аз қамтылған 17 отбасыға мек­­теп сөмкесі табысталды. Сөм­ке­­­лер әрбір мектеп оқушысына ар­нал­­ған қажетті кеңсе тауарларымен: қа­лам­сауыт, қаламсап, қарын­даш­тар, аль­бом, күнделік, дәп­тер­лер және басқа да заттармен тол­тырыл­ған.

– Біз ата-аналарға баланы мек­теп­ке дайындауға жан-жақты көмектесе­міз. Әсіресе, «Мектепке жол»шарасын кә­сіпкерлер қолдап отыр. Соның ар­қа­сында көмекке мұқтаж ата-ана­лар­дың балаларына мектеп формалары, оқу­шы сөмкесі, кеңсе тауарлары, спорт­т­ық үлгідегі киімдер үлестіріліп, қо­сымша материалдық көмек көр­се­тіледі, – дейді шараны ұйым­дас­тыру­шылар.

Үш бала тәрбиелеп отырған Та­тья­на Ед­решева да өз кезегінде акцияны ұйым­дастырушыларға алғысын жет­кізді.

– Үш баланы мектепке дайын­дай­тын уақытта қиналып қалатыным бар. Осыны ескеріп акцияны ұйымдас­тыру­шылар жыл сайын бізге көмек­тесіп келеді. Өткен жылы да осы ак­ция­ға қатысқанмын. Балаларыма оқу­ға қажетті керек-жарақтың бәрін сый­ға тартты. Сондықтан шараны ұйым­дастырушыларға айтар алғысым зор. Әрқашан бүлдіршіндердің күл­кісі­не куә боп, аналардың алғысын алып жүре бергейсіздер, – деп ағынан жа­рылды көпбалалы ана.

Айта кетейік, «Мектепке жол» ак­ция­­сы шеңберінде мектепке бармай­тын балаларды анықтауға, мектепке дайын­дау бойынша әлеуметтік қор­ғал­ма­ған отбасынан шыққан балалар­ға кө­­­мек көрсетуге де баса назар ау­дарыл­ды.


Әбілмансұр ЖАСАН