Жастар күні тойланды

Газет мақаласы Айқын газеті №124

Жастар қай заманда, қай елде болсын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы саналады. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына, «Мәңгілік ел» болуына жол сілтейді.

Жастар күні тойланды

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат бақармасының Жастар ресурс­тық орталығының қолдауымен, Nur Otan партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдас­ты­руы­мен Халықаралық жастар күні­не орай акция өтті. Бұл акция азамат­тарды патриоттық тәрбиелеудің және ұрпақ­тар арасындағы диалогтың тиім­ділігін арттыру мақсатында қолға алынды.

Шараға жосотандықтар, жастар ресурс­тық орталығының мамандары және түрлі қоғамдық ұйым белсен­ді­лері қатысты. Шара барысында жас­тар әрдайым жақсы көңіл күйде болу үшін жүгіріп, таңғы жаттығумен айна­лыс­ты.

– Жастарды мерекесімен құттық­тай­мын. Бұл акция Халықаралық жас­тар күніне орай өткізіліп отыр. Барлықтарыңызды белсенді қоғамда белсенді өмір сүруге, басты байлық денсаулық екенін ұмытпауға, осындай таңғы жаттығуларға жиі қатысуға шақырамын. Биыл жастарға көп көңіл бөлінгені бізді қуантады. Мем­лекетіміздің нығая түсуіне мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғы­дан да белсенді болатынына сенімді­мін. Аға буын өкілдерінің ізін жалғап, бола­шақ­та да сол жолда еңбек ететін бо­ла­мыз. Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Елі­міздің барлық жастарына тек сәтті­лік т­ілеймін, – деді ШҚО Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Алмас Айтмұқаш.