Ата-аналар алғыс айтты

Газет мақаласы Айқын газеті №124

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы және фракция мүшелерінің ұйымдастыруымен «Оқушылар сарайында» көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында «Мектепке жол – 2019» акциясы өтті. Шараға партия мүшелері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ата-аналар алғыс айтты

Алғашқы құттықтау сөзі Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетовқа берілді. Ол қайырымдылық шарасына атсалысқан жандарға алғысын айтып, оқушылардың алдағы жаңа оқу жылына ақ жол тіледі.

– Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің жаңа оқу жылына даярлығына көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында біз әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыға қол ұшын беріп келеміз. Жаңа оқу жылына баратын балалардың ішінен болашақта үлкен маман иелері шығатынына сенемін. Біз оларға қолдау көрсетіп, жақсылыққа баулуымыз керек, – дейді Бахадыр Мәдәліұлы.

«Мектепке жол – 2019» акциясына демеушілік көрсеткен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев оқушылардың мектепке дайындығы назардан тыс қалмауы керек екенін баса айтты.

Акцияға қатысқан көпбалалы ана Ма­дина Дүйсенбиева осындай қайы­рым­дылық шараларының арқасында әлеу­меттік жағдайы төмен көп отбасы­ның мәселесі оң шешім тапқанын айтты.

– Мен 8 баланың анасымын. Мек­теп­ке балаларымды дайындау қиын. «Мек­тепке жол – 2019» акциясы бізге үл­кен жәрдем болды. Өткен жылы да осы акцияға қатысқанмын. Менің балама сөмке және ақшалай көмек берді. Ба­лалар да дән риза. Шараны өткізуге мұрын­дық болған Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалына алғы­сым­ды білдіремін, – деді көпбалалы ана.

Акция шеңберінде депутаттар тарапынан 60-қа жуық балаларға киім-кешек пен сөмке таратылып, 25 мың теңге ақшалай сыйақы берілді. Шараға қатысушылар акцияны ұйымдас­тырушыларға алғысын жаудырды.