Теренченко – облыстық филиалдың бірінші орынбасары

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Илья Теренченконы жаңа қызметке тағайындады.

Теренченко – облыстық филиалдың бірінші орынбасары

Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Елбасы, Nur Otan-ның Лидері Нұрсұлтан Назарбаев партияны қайта жандандыру аясында өңірлердегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Филиал басшысы Б.Бақауовтың ұсынысымен партия хатшысы И.Теренченконы Павлодар облыстық филиалының бірінші орынбасары етіп ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Партияның дамуына қосқан үлесі және сайлау науқанына белсенді қатысып, бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға атсалысқаны үшін партияластардың атынан И.Теренченкоға алғыс білдіремін. Оның орталық деңгейде жинаған тәжірибесі алдағы жұмысына игі әсерін тигізеріне сенімдімін», – деп жазды.