Маңызды науқан

Газет мақаласы Айқын газеті №66

Аймақтағы ірі кәсіпорынның бірі «Жамбылгипс» АҚ-ында еліміздегі үлкен саяси науқан сайлаудың маңызы жөнінде жиын өтті. Жиынды өндіріс жөніндегі вице-президент Қайрат Мадиев жүргізіп, алғашқы хабарламаны «Жамбыл­гипс» АҚ бірінші вице-президенті Қаһар Момынов жасады.

Маңызды науқан

Ол өз сөзінде әрбір сайлаудың ел бірлігін ұлықтауда орны ерек­ше екенін айта келе, мұның та­рихи маңызы зор деді. 
– Әрбір сайлаушының алдын­да елдің ертеңін, жарқын күн­деріміздің бедерін анықтайтын таңдау тұр. Өмір сапасын арт­тыруға әрбір қазақстандықтың қосар үлесі де зор. Сондықтан ке­­зектен тыс Президент сайлауы­на бір кісідей қатысып, маңызды ше­­шім жасау сіз бен бізге па­рыз, – деді Қаһар Шарипқұлұлы. 
Бұдан кейін сөз алған кә­­сі­п­оры­н­ның әкімшісі, кадр бөлі­мінің басшысы Лидия Хан пре­зи­дент сайлауы еліміздің келешек­те қар­қынды дамуына жасар таң­дау­дағы саяси науқан екеніне тоқталды. 
«Бұл – тарихи кезең. Сон­дықтан сайлау күні облыс тұр­ғындары аса үлкен жауапкер­шілікпен таңдауын жасайды. Мұнда, әрине, азаматтық бел­сенділік басым болу керек. Бір­неше жыл бойы иық тіресе еңбек етіп келе жатқан біздің ұжым сай­лау күні таңдауын жасауға сайлау учаскелеріне барады. Таң­дау – біз­дің болаша­ғымыз, ба­ла­ларымыз­дың келе­шегі. Өз­де­ріңізге белгілі, бүгінгі күні Қа­зақ­стан­ды әлем та­ниды. Сондықтан елімізде болып жатқан саяси науқанның да әлем назарында тұрары анық. Біз жаңа ке­зеңге, жаңа дәуірге жаңаша көз­қ­араспен қарап, таңдауы­мызды жа­сай­­мыз», – деді Лидия Романовна. 
Жиын соңында «Жам­был­гипс» АҚ еңбек ұжымы үндеу жария­лады.


Ерман ӘБДИЕВ
Жамбыл облысы